Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер


Коронавирустық инфекцияның карантиндік кезеңінде әл-Фараби



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата27.02.2023
өлшемі260,51 Kb.
#70299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Коронавирустық инфекцияның карантиндік кезеңінде әл-Фараби 
атындағы ҚазҰУ-да қашықтықтан оқыту технологияларын (ҚOT) 
қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық 
(16.03.2020 ж. бастап) 
1. 
16.03.2020 ж. бастап бакалавриат, магистратура және докторантура білім 
алушыларына арналған барлық сабақтар теориялық пәндерді оқыту аясында 
қашықтықтан оқыту технологиясын (ҚОТ) қолдану арқылы қашықтықтан 
оқыту форматына көшіріледі. 
2. 
Коронавирусты инфекция бойынша карантинге байланысты оқу 
кезеңінде оқу процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар қашықтықтан 
оқыту технологияларын қолдана отырып, оқытуды ұйымдастырудың 
бекітілген қағидаларына сәйкес белгіленеді. 
Толығырақ қарастырыңыз Қашықтықтан білім беру технологиялары 
бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары.
3. 
Білім алушылардың барлық аудиториялық жұмысы ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқытушылармен және 
басқа да білім алушылармен виртуалды қарым-қатынас форматына 
ауыстырылады. 
4. 
Пән оқытушылары оқу сабақтарын "УНИВЕР" және ҚОЖ Moodle білім 
беру платформалары базасында өткізеді. Дәріс сабақтарын оқытушы онлайн 
түрінде сабақ өткізіп, "УНИВЕР" жүйесінде немесе ҚОЖ Moodle жүйесінде 
тиісті сілтемелерді орналастыру арқылы немесе осы жүйелерде алдын-ала 
жазылған дәріске сілтеме орналастыру арқылы жүргізе алады. Семинар және 
практикалық сабақтар тиісті бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып
бейнеконференция форматында онлайн-режимде ғана өткізіледі. 
5. 
Пән оқытушылары сандық білім беру ресурстары мен сыртқы 
электрондық ресурстарға (электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқыту 
бағдарламалық тренажерлері, ақпараттық-анықтамалық жүйелер, виртуалды 
зертханалық практикумдар, компьютерлік тестілеу жүйелері және т.б.), 
қашықтықтан оқыту жүйесіне ("Универ" жүйесі немесе Moodle ҚОЖ) 
сілтемелерді қосып, ПОӘК-ның жүктелуін қамтамасыз етеді. 
6. 
Оқытушылар білім алушылар үшін өзара іс-қимыл форматы туралы 
ақпаратты (уақыт, формат (форум, сұхбат, бейнеконференция) және 
қолданылатын құрал немесе қашықтықтан өзара іс-қимыл платформасы және 
т.б.) жариялайды. 
7. 
Оқытушылар 
апта 
сайын 
бекітілген 
кестеге 
сәйкес 
бейнеконференциялар мен вебинарларды өткізу үшін, жазбаша жұмыстарды 
тексеру, орындалған тапсырмалар үшін балл қою және білім алушыларға кері 
байланыс беру үшін қашықтықтан оқыту жүйесіне қіреді. 
8. 
Сабақтар бұрын бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. ҚОТ көмегімен 
өткізілетін сабақтарға білім алушылардың қатысуын бақылауды пән 
оқытушысы, шығарушы кафедра және ҚазҰУ-дың Ахуалдық басқару 
орталығы жүзеге асырады.
9. 
Білім алушыларға дербес компьютерге немесе интернетке шығатын 
мобильді құрылғыға, вебинарларды өткізу үшін компьютерлік мультимедиа 


жабдығына (веб-камера, гарнитура) үнемі қол жеткізуі қажет. 
10. 
Білім алушылар бекітілген силлабусқа сәйкес берілетін сандық білім 
беру ресурстарының көмегімен оқу материалын меңгереді.
11. 
Білім алушылар бекітілген кестеге сәйкес семинар және практикалық 
сабақтарға қатысады.
12. 
Білім алушылар орындалған тапсырмаларды "Универ" жүйесі арқылы 
немесе ҚОЖ Moodle арқылы бекітілген тапсыру кестесіне сәйкес оқытушыға 
ұсынады. 
13. 
ҚОТ үйлестірушілері факультеттерде ҚОТ қолдана отырып, оқытудың 
сандық және сапалық көрсеткіштерінің мониторингін жүзеге асырады, соның 
ішінде:
- білім алушылардың академиялық белсенділігіне (ПОӘК-ға, оның жеке 
ресурстарына, элементтеріне және жүгіну жиілігіне);
- ҚОЖ MOODLE-де оқытушылардың жұмысына (белсенділігіне) (пәндерді 
меңгеру кестесіне сәйкес білім алушыларға кеңес беру және олардың 
орындайтын жұмыстарын рецензиялау жиілігіне).
14. 
Оқу үдерісін әдістемелік және техникалық қолдауды Жаңа білім беру 
технологиялары Институты мен ҚазҰУ ИТЖ жүзеге асырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет