Қасым Рахымжанұлы Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Қызыл ауылында туған. Әкесінен бес жасында айрылған болашақ ақын ауылда қозы бағып, отын-су, шөп тасумен бірге мал күзетеді



бет5/9
Дата31.12.2021
өлшемі6,29 Mb.
#23257
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
0001c343-80bb0ff6

Қас тұлпар деп кім айтар,
  • Өрге ұмтыла шаппаса,
  • Ақ сұңқар деп кім айтар,
  • Қияға қанат қақпаса
    • Қ.Аманжолов шығармашылығына айрықша қуатты ықпал еткен - I.Жансүгіров поэзиясы. Мағжан поэзиясы отызыншы жылдарда қатты қысымға ұшырап, Бернияздың жырлары тағы да жарық көрмей, поэзияның көркемдік әлемі жүдеп-жадап қалған кезде Ілиястың сергек серпінді, асау арынды жырлары, психологиялық талдау арқылы кейіпкердің жан дүниесін еркін шарлаған поэмалары дүниеге келді. Ұлттық тілдің орасан байлығын емін-еркін қолдануы, телегей-теңіз қазынасын жарқыратып танытуы сол тұстағы жас Қасымға әсер етпей қалуы, талғампаз жас дарынның оған назар аудармай жүруі мүмкін еместі. Міне, сондықтан да Қ.Аманжоловтың бұл тұстағы туындыларында І.Жансүгіров поэзиясының ықпалын көрсететін мысалдар жеткілікті:
    • Құз шыңылдап, жаңғырап,
    • Сай шуылдап, тау жылап,
    • Жер бауыры тоң болып,
    • Жердің түгі сор болып .
    • Суалғандай айдын көл,
    • Қуарғандай шалқар бел,
    • Ол – бір күн, ол –бір заман .
    • деген жолдардан Ілияс екпіні, сөз саптау, бейнелеу машығы бедерленсе,
    • «Лондон»атты өлеңінен «Гималай» сарыны естіледі:
    • Лондон! Лондон! Не болдың?
    • Қарашы бір өзіңе:
    • Не көрінед, уа, Лондон,
    • Сенің миллион көзіңе?
    • Ұлы денең, зор кеудең
    • Мұнша неге жаралы?..
    • Ақын шығармашылығының құнарына, әуен-сарын, бояу алуандығына игі ықпал еткен тағы бір өнімді фактор – орыс және басқа да халықтар өкілдерінің

      Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет