Ал «Көктемдегі» өлеңінде.«Алақанын тұр жайып, жас ағашта жапырақ. Балғын өмір ғажайып, Жас дауыспен жамырап» тәрізді сыршыл образдылық Абайдың «Жас жүрек жайып саусағын, Талпынған шығар айға алыс» секілді толғаныстарымен үндесіп жатыр. Мұндай портреттік бейнелеуде Абай қолданған тәсіл, Абай пайдаланған көркемдік өрнектер, бояулар бірден «менмұндалайды».
Ақынның әлі толыспаған, жас кезіндегі өлеңдеріндегі еліктеу сипатына, алған бастау, үйренген үрдісіне зер салғанда, ұлттық поэзиядағы, фольклордағы өзінің жанына жақын, жүрегіне жылы тиген сарындарға, тәсілдерге, бейнелік байлыққа, ой мен көңіл-күй әуендеріне бүйрегі бұрғаны айқын аңғарылады. Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов өлеңдеріндегі ой толғау сыр ақтару сарыны мен машығы сезіледі. Мәселен: