Аспан сферасы туралы түсінік. Уақытты өлшеу


Горизонталды координат жүйесі



бет10/13
Дата07.01.2022
өлшемі259 Kb.
#17690
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Горизонталды координат жүйесі. Бұл жүйенің негізгі жазықтығы болып математикалық горизонт жазықтығы NWSE есептелінеді. Өлшеу зениттен және математикалық горизонттың бір нүктесінен басталады (2.4-сурет).

Координаталардың біреуіне зениттік ара қашықтық z=ZM немесе шырақтың горизонттан биіктігі h = mM жатады (2.3-сурет).

Шырақтың биіктігі h деп биіктік шеңберінің математикалық горизонт пен шыраққа дейінгі доғасы mM, немесе математикалық горизонт пен шыраққа қарай бағытталған кесінді арасындағы центрлік бұрыш mOM аталады. Ол бұрыш биіктік шеңберінің жазықтығында жатады.

Биіктік математикалық горизонттан зенитке қарай 0о-тан 90о-қа дейін (бұл кезде шырақ аспан сферасының көрінетін жағында орналасады), ал надирге қарай 0о-тан -90о-қа дейін өзгереді (бұл кезде шырақ көрінбейді).



Шырақтың (М) зениттік ара қашықтығы z деп зениттен шыраққа дейінгі биіктік шеңберінің (вертикаль шеңбердің) доғасы ZM немесе салмақ сызығы мен шыраққа қарай бағытталған кесінді арасындағы центрлік бұрыш ZOM аталады. Зениттік ара қашықтық зениттен надирге қарай 0о-тан 180о-қа дейін өзгереді. Аспан сферасының көрінетін жағында жатқан шырақтар үшін , ал көрінбейтін жағында жатқан шырақтар үшін болады.

Кез келген шырақ үшін зениттік ара қашықтық пен биіктік арасында мынадай байланыс бар:



z + h = 90о. (2.5)
Бір альмукантарат бойында орналасқан шырақтар үшін зениттік ара қашықтық пен биіктік бірдей болады.

Сонымен биіктік пен зениттік ара қашықтық шырақтың биіктік шеңберінің бойындағы орнын көрсетеді.

Екінші координатаға азимут (А) жатады. Ол математикалық горизонттың оңтүстік нүктесінен басталып аспан сферасының айналу бағытымен, яғни батысқа қарай 0о-тан 360о-қа дейін өзгереді.

Горизонтал координат жүйесінің екі координатасы да уақыт өткен сайын өзгеріп отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет