Аспан сферасы туралы түсінік. Уақытты өлшеу


Эклиптикалық координат жүйесі



бет13/13
Дата07.01.2022
өлшемі259 Kb.
#17690
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Астрономиядан лекциялар каз

Эклиптикалық координат жүйесі. Күн дискісінің центрінің талтүстегі орнының (жоғарғы кульминациясындағы) жіктелуі () жыл бойы -23°26' пен +23°26' аралығында өзгеріп отырады, жылына екі рет нөлге айналады. Ол нүктелер көктемгі және күзгі күн мен түннің теңелу нүктелері деп аталады да, экватор бойында  және  белгілерімен анықталады. Бұл нүктелер аспан сферасындағы Күннің көрінерлік жолыэклиптика мен аспан экваторының қиылысу нүктелерін береді және көктемгі 22 наурыз бен күзгі 23 қыркүйекке сәйкес келеді. Көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінде Күн аспан экваторын қиып өтіп, солтүстік жарты шарға ауысады, керісінше, күзгі күн мен түннің теңелу нүктесінде Күн оңтүстік жарты шарға ауысып, онда көктем басталады.

Жер глобусындағы тропиктік белдеулер экватордан 23°26' қашықтықта өтеді, ал солтүстік және оңтүстік полярлық шеңберлер де полюстен осы бұрышқа тең қашықтықта орналасқан. Жердегі жыл мезгілдерінің ауысуы да экватор мен эклиптика жазықтықтарының арасындағы осы бұрышқа байланысты.

Эклиптикалық координат жүйесінің негізіне эклиптика (εε') және көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі () алынады (2.6-сурет). Эклиптика полюстері және шырақ арқылы өтетін πМπ' үлкен жарты шеңбер шырақтың ендік шеңбері деп аталады. Шырақтың бір координатасы болып оның эклиптикалық ендігі β=mM – эклиптикадан шыраққа дейінгі шырақтың ендік шеңберінің доғасы алынады.

Шырақтың эклиптикалық ендігі эклиптикадан оның солтүстік полюсіне дейін 0о-тан +90о-қа дейін өзгереді, ал эклиптикадан оның оңтүстік полюсіне дейін 0о-тан -90о-қа дейін өзгереді.



Шырақтың ендік шеңберінің аспан сферасындағы орны эклиптикалық бойлықпен (λ) анықталады. Шырақтың эклиптикалық бойлығы деп көктемгі теңелу нүктесі мен шырақтың ендік шеңберіне дейінгі эклиптиканың доғасын (λ=m) айтады. Эклиптикалық бойлық шығыстан батысқа қарай, яғни Күннің жылдық көрінерлік қозғалысы бағытымен 0°-тан 360°-қа дейін өзгереді.

Эклиптикалық координат жүйесі теориялық астрономияда шырақтардың Күнге қатысты орбиталарын анықтау үшін қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет