IІ-экваторлық координат жүйесі. Оның да негізіне аспан экваторы алынады. Бірінші координатасы жіктелу (делта) – экваторлық координат жүйелеріне ортақ. Екінші координатасы шырақтың тік шарықтауы деп аталады (), ол көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінен басталып, экватордың бойымен шырақтың жіктелу шеңберіне дейінгі экватор доғасының бұрыштық мәніне тең (2.5-сурет). Ол аспан сферасының айналу бағытына қарама-қарсы бағытта айналып, 0-ден 24h-қа дейін сағаттық өлшеммен өлшенеді (h, m, s – сағат, минут, секунд).
IІ-экваторлық координат жүйесінің екі координатасы да тұрақты болып келеді. Сондықтан астрономиялық күнтізбелер мен анықтамаларда аспан шырақтарының координаталары екінші экваторлық координат жүйесінде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |