Жаңа астрономия аспан денелерінің, негізінен планеталардың, көрінерлік қозғалысын ғана емес, сонымен бірге олардың нақты қозғалысын да есептеуді үйретті. Осы жетістіктердің арқасында ХІХ ғасырдың ортасында математикалық есептеулер арқылы Нептун планетасы ашылды (Дүниежүзілік астрономиялық қоғам 2006 жылдан бастап Плутонды планета деп қарастырмауға шешім қабылдады.
Астрономияның дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі спектралды анализдің ашылуына байланысты ХІХ ғасырдың ортасынан басталды. Аспан денелерін фотоға түсіру арқылы олардың спектрлерін зерттеу олардың құрамын анықтауға мүмкіндік берді, астрономияның жаңа саласы – астрофизика пайда болды. ХХ ғасырдың 40 жылдары радиоастрономия, ал 1957 жылы 4 қазаннан КСРО-да космосқа Жердің жасанды серіктері шығарыла бастағаннан кейін рентгендік астрономия дами бастады. Үлкен телескоптардың космосқа шығарылуымен астрономияның дамуы қарқынды бола бастады. Жерге жақын планеталар Шолпан мен Марсқа автоматты қондырғылар түсірілді. Қазір Американдық ғарыш кемелері Вояджер-1 және Вояджер-2 Күн системасының ең шеткі алыс планеталарына сапар шегіп, Жерге олардың фотосуреттерін жіберді.
Достарыңызбен бөлісу: