Сфералық геометрияның негізгі элементтері. Астрономиялық білімнің негізінде сфералық геометрияның маңызы зор. Себебі, аспан денелерінің қозғалысы орталық өрістегі қозғалысқа жатады.
Орталық өріс деп қозғалатын дененің алатын толық үдеуі оның кеңістіктегі орнына емес, орталық дене деп аталатын массасы көп үлкен денеден ара қашықтығына ғана (радиус-векторға) тәуелді болатын өрісті айтады. Орталық өрістегі қозғалысты сфералық координат системасында түсіндіру жеңіл. Егер радиус тұрақты болса, онда біз сфера бетіндегі қозғалысты қарастырамыз. Осыған байланысты сфера бетіндегі қатынастарды қарастырамыз.
Сфера бетінде шеңберлер кіші және үлкен шеңберлер болып бөлінеді және кез келген екі нүкте арасы шеңбер доғасымен қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |