Ассамблея народа казахстана и ее роль в консолидации казахстанского общества



Pdf көрінісі
бет15/41
Дата03.03.2017
өлшемі3,62 Mb.
#6084
түріСборник
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41

Список использованной литературы:
1.Национальный  состав, вероисповедание  и  владение  языками в  Республике  Казахстан. Итоги
национальной переписи населения 2009 года в Республике Казахстан. Статистический сборник/Под
ред.  А.Смаилова/ - Астана, 2010. - 297 с.
2.История Казахстана: народы и культуры. Алматы: Дайк-Пресс, 2001.- 600 с.
3.Алексеенко  А.Н., Алексеенко  В.Н., Козыбаев  М.К., Романов  Ю.Н. Этносы  Казахстана. -
Астана: Ел-орда, 2001.  - 167 с.
КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚАЗАҚСТАНҒА КҮШТЕП
ҚОНЫС АУДАРУ САЯСАТЫ
Қабдөшев Б.Ж.
Алматы энергетика жəне байланыс университетінің
 т.ғ.к., доцент, Алматы қ.
1930-40 жылдары  КСРО  саясатының  құрбандығына  ұшырап  Қазақстанға  арнайы
қоныстандырылған  негізінен  азшылық  болыпесептелетін  мұндай  ұлттар, ұлт  өкілдері
республикамызда  баршылық. Олардың  қатарында  немістер, поляктар, месхет  түріктері,
чешендер, ингуштер, қарашай, балқар ұлтының өкілдері бар. Егеменді еліміздің тең құқылы
азаматтары  болып  есептеліп, республикамыздың  экономикасының  өркендеуіне  елеулі  үлес
қосып  жүрген  ұлт  өкілдерінің  туған  жерінен  қоныс  аударуының  негізгі  себебі-жалған
интернационализмді  бетперде  қылып  ұстанған  КСРО  саясатында  жатыр. Қиыр  Шығыстан
алғаш құрбандыққа ұшырап жер аударылған корейлер болатын. Корейлер киген кепті арада
аз уақыт өткеннен кейін поляктар, немістер, т.б. ұлт өкілдері киеді.
Қазіргі  күнде Қазақстан  жерінде 51 мыңдай  поляктар  тұрады. Егер 1989 жылғы санақ
бойынша  олардың  республика  көлеміндегі  жалпы  саны 60 мың  адам  шамасында  болғанын
ескерсек, славяндардың  батыс  тобына  жататын  осы  ұлт  өкілдерінің  санының  кеміп  келе
жатқанын бағамдау қиын емес. Таңданарлық жай, соғыс  кезінде күштеп қоныс аударылған
халықтардың қатарында бұлар жоқ. Сонда поляктар Қазақстанға қалай келіп жүр? Енді мына
төмендегі құжатқа көз жүгіртіп  көріңіз.
«КСРО  ішкі  істер  халық  комиссары, 1-ші  дəрежелі  мемлекеттік  қауіпсіздік
комиссары жолдас Л.П.Берияға (18 қазан 1940 жыл).
КСРО  Халық  Комиссарлары  Кеңесінің 10 көкектегі  № 497-178 санды  қаулысы
бойынша Батыс Украина мен Беларусь КСР-нен поляктардың əртүрлі қуғынға түскен
топтары  өкілдерінің: бұрынғы  поляк  армиясы  офицерлерінің, полицейлерінің,
түрмедегілерінің, жандармының, ірі жер-фабрика иелерінің, сондай-ақ бұрынғы поляк
мемлекеттік  аппаратындағы  чиновниктер  отбасы  мүшелерінің 50667 адамы (кейбір
деректерде 61092 адам) Қазақ КСР-іне қоныстандырылды.
Олар  негізінен  Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік  Қазақстан, Семей
облыстарына  орналыстырылған. Қазақ  КСР-інің  халық  шаруашылығындағы  жұмыс

106
қолының  орасан  жетіспеушілігіне  қарамастан  арнайы  қоныстандырылушыларды
еңбекке  тарту  өте  қанағаттанарлықсыз  күйде. Павлодар  облысында  арнайы
қоныстандырылушылардың тек 40 проценті ғана еңбекке пайдаланылуда.
КСРО  НКВД  ГЭУ-і 6-шы  бөлімнің  бастығы, мемлекеттік  қауіпсіздік  капитаны
Безруков». [1]
Бұған  дейін  Қиыр  Шығыстан  корей  ұлты  өкілдерін 1937 жылы  дəл  осындай  жолмен
негізінен Қазақстанға күштеп қоныс аударған КСРО сыңды қатаң тəртібі бар үлкен ел үшін
бұл жай, əрине, жаңалық емес. Бірақ мұның Ұлы Отан соғысы кезінде əдеттегі заңдылыққа
айналғаны  анық.  Сонымен  корей  мен  поляктар  киген  кепті  кімдер  киді.  КСРО  көлеміндегі
олардың саны төмендегідей. (1948 жылғы санақ бойынша ).
1. Немістер – 1 млн 24 мың 722 адам.
2. Чешен, ингуш, қарашай, балқарлар -608 мың 749 адам.
3. Қырым татарлары, армяндар, гректер – 228 мың 392 адам.
4. Түріктер, курдтар, хемшиндер – 94 мың 955 адам.
5. Қалмақтар – 91 мың 919 адам.
6. «Оуновшылар» - 100 мың 310 адам.
7. «Власовшылар» - 148 мың 079 адам.
8. Литвалықтар – 49 мың 331 адам.
9. «Жазалылар» - 16 мың 465 адам.
10.  «Фолкдойче» ұйымдағылар – 5 мың 914 адам.
11. Бұрынғы кулактар – 962 мың 251 адам.
Барлығы 3 миллион 290 мың 367 адам.
Міне, осы  халықтар, топтар  өкілдерінің  үштен  бірі 1941 жылдан 1948 жылға  дейін
негізінен  Орта  Азия  республикаларында, мұның  ішінде  Қазақстанға 774 мың 730 адам;
Қырғызстанға 124 мың 282 адам; Өзбекстанға 167 мың 274 адам  қоныстандырылады.
Жоғарыдан көріп отырғандарыңыздай, қоныс аударылғандардың қөпшілігі негізінен əртүрлі
саяси айып тағылған ұйым, топ, сондай-ақ тап мүшелері екенін ескерсек, республика жеріне
арнайы  қоныстандырылғандар  негізінен «қошқар  қойдың  сақасы» екенін  бағамдау  қиын
емес. Осындай  арнайы  жүргізілген  күштеп  қоныстандыру  шараларының  саны 2 миллион
адамға жуықтап, 1 миллион 976 мың 746 адамға жетеді. Ұлттық  құрамына назар аударсақ,
ол төмендегідей.
Еуропа  өңірінен:  немістер – 448626 адам; поляктар – 35960 адам; Солтүстік
Кавказдан:  чешендер – 244674 адам; ингуштер – 80844 адам; қарашайлар – 35735 адам;
балқарлар – 16819 адам; басқа ұлт өкілдері – 1032 адам. Қара теңіз жағалауынан: гректер –
37619 адам, түріктер - 18 адам, армян дашнактары – 17 адам, басқа ұлт  өкілдері – 69 адам.
Грузиядан: (1951-1952 жылдары) «Оуновшылар» - 8011 адам; басқа  ұлт  өкілдері – 3574
адам. Қырымнан: татарлар – 2511 адам; кабардалықтар – 1717 адам; гректер – 1240 адам;
ирандықтар – 4707 адам; армяндар – 575 адам; басқа  ұлт  өкілдері – 366 адам. Краснодар
өлкесі  мен  Ростов  облысынан:  орыстар – 6057 адам (кулак). Молдовиядан: (1940-1941
жылдары) молдавандар – 3681 адам. Волгоград маңайынан: қалмақтар – 2472 адам. Орта
Азия 
Республикаларынан:
2747 адам (басмашы). Сондай-ақ
Прибалтика
республикаларынан:–  12.  Оның  ішінде  4  литвалық,  4  латыш,  4  эстондық  арнайы
қоныстандырылады.
Əрине, бүкіл  КСРО-ны  шарпыған жалынан  қазақтар  да  кенде  қала  қоймаған. Арнайы
қоныстандыру  қармағына  ілініп  құқай  көрген  олардың  саны 2074. Қазақтар  мұндай «ұлы»
арнайы  қоныстандырылу  тізімінде  өзбектерден  кейін 25-ші  орында  тұр. Теперіш  көруден
алдыңғы орында тұратын халқымыздың бұл «игі» шарадан шет қалуының негізгі себебі 1930
жылдардағы  аштықтың  кесірінен  қырылып  жəне 1937-1938 жылдарда  бас  көтерерлерінен
тұтастай айрылып қалғандығынан болса керек.
Соңдай-ақ арнайы қоныстандырылушылардың республика көлемінде орналастырылуы
төмендегідей (1952 жылғы 1 шілдедегі мəлімет, облыстар бойынша):
1. Ақмола – 117 183 адам.

107
2. Ақтөбе – 31618 адам.
3. Алматы – 55587 адам.
4. Шығыс Қазақстан – 45055 адам.
5. Жамбыл – 65581 адам.
6. Батыс Қазақстан – 1335 адам.
7. Қарағанды – 133 017 адам.
8. Қызылорда – 25225 адам.
9. Көкшетау – 98128 адам.
10. Қостанай – 81091 адам.
11. Павлодар – 66680 адам.
12. Солтүстік Қазастан – 47343 адам.
13. Семей – 25517 адам.
14. Атырау – 8128 адам.
15. Талдықорған -38115 адам.
Барлығы 974 мың 469 адам (Бұл жерде арнайы қоныстандырылушылардың 17 жастан
асып арнайы  есепте тұрғандарының ғана саны алынып отыр).
Əрине, «қоныс  аударушылардың» жағдайы  көңілдегідей  болды  деп  ешкім  де  айта
алмайды.  Мысалы,  КСРО  көлемінде  жер  аударылған  608  мың  749  қарашай,  чешен,  ингуш,
балқар ұлты өкілдерінің 144 мың 704-і;
- 228 мың 392 қырым татарлары, армян, гректердің – 44 мың 125-і;
- 94 мың 955 курд, түріктердің – 14 мың 185-і;
- 91 мың 919 қалмақ ұлты өкілдерінің – 16 мың 017-і;
- 100 мың 310 «оуновшылардың»  - 10 мың 384-нің жағдайының ауырлығынан, əртүрлі
аурудан өлгенін ескерсек, қоныстандырылушыларға  жасалған жағдайдың «құдасының үйіне
келгендегідей» емес екенін пайымдауға болатындай.
Үлкен  елдің  бір пұшпағы  саналатын Қазақстанда да мұндай  келеңсіз жай көпке  дейін
түзеле қоймаған.
Бұл  тұрғыда 1949 жылғы 14 мамырда  КСРО  Ішкі  істер  министрі  генерал-полковник
С.Кругловқа  жазған  баяндамасыңда  КСРО  бойынша  арнайы  қоныстандыру  бөлімінің
бастығы полковник Шиян төмендегідей жайды мəлімдеуге мəжбүр болады.
«1948 жылғы  астық  өнімдерінің  нашар  шығуына  байланысты  Қазақстанның
солтүстік  жəне  солтүстік  шығыс  аудандарындағы  халықты, əсіресе  арнайы
қоныстандырылушыларды 
азық-түлік 
өнімдерімен 
қамтамасыз 
ету 
өте
қанағаттанарлықсыз жағдайда.
КСРО  Ішкі  істер  министрлігіндегі  арнайы  қоныстандыру  бөлімінен  алынған
толық емес мəліметтер бойынша Ақмола, Ақтөбе, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан жəне
Семей  облыстарында  көшіп  келушілердің 118 мың 259 адамы  тамаққа  өте  мұқтаж
екені  анықталды. Бұлардың 2590-ы  дистрофиямен  ауырады, сондай-ақ  тамақтың
жеткіліксіздігінен 18 адамның қайтыс болғандығы тіркелді »...[2]
Сондай-ақ  бұл  баяндамада  арнайы  қоныстандырылушылардың  Ақмола  облысындағы
110 097 адамның – 28 405-і;
- Көкшетау облысындағы 91 634 адамның – 16 302-і;
- Солтүстік Қазақстан облысындағы 45 314 адамның – 5 355-і;
- Семей облысындағы 49 787 адамның – 9 142-і;
- Ақтөбе  облысындағы 30 112 адамның – 6 442-і  аштыққа  ұшырағандығы  көрсетіледі.
Сосың салдарынан кейбір аудандардағы «қоныстанушылардың» тышқан, мысық еттерін жеу
оқиғалары кездескендігі айтылды. Əрине, бұл сол заманның шындығы.
Үкімет  сол  кезде  Қазақстанға  қоныстандырылушыларға  жағдай  жасауға, оларды
құтқарып  қалуға  қолдан  келгенді  жұмылдырғанын  архив  құжаттары  дəлелдейді. Ол  кезде
қысқа  жіп  күрмеуге  келмей, республиканың  байырғы  тұрғыңдарының  да  шекесі  шылқып
тұрмағаны  тағы  белгілі. Соған  қарамастан  қазақ  халқының  тікелей  өз  тарапынан  да,
жергілікті  үкімет  тарапынан  да  қоныстандырылушыларға  қал-қадірінше  көмек  көрсетіліп,

108
жағдай  жасалғанына  тарих  куə. Қазақтардың  қонақжай, қайырымдылығы  арқасында  көшіп
келгендер  зауалдан  аман қалып, есіп  жиып, еңсесін  көтерді. Оған  сол кездегі бала – қазіргі
ақсақал, - аға  толқын, немере-шөбере  сүйіп, өсіп  өркендеген  ақ  самайлы  əжелер  куə...
«Аштықта жеген құйқаның дəмі кетпес» дегендей, көзі тірі қоныс аударушылар мұны ұмыта
қойған жоқ. Оларға жасалған нақты қамқорлықты төмендегі архив құжаты да растай түседі.
«Министру внутренних дел СССР
тов. Чернышову В.В
…На территории Казахской ССР на 1.Х.1946 г. из числа получивших скот имелось
в  республике 5123 семьи  спецпереселенцев, в  том  числе 56 семей  калмыков.
Спецпереселенцев из Грузии в Казахскую ССР было вселено 6295 семей. На IX.1946 г.
их имелось – 6573семей. Последним было отпущено – 1332,3 тонн, что могло обеспечить
из расчета 215 кг на семью 6192 семей.
Как  видно, выделение  скота  оказалось  недостаточным  для  обеспечения
спецпереселенцев из Грузии, и по той причине 165 семей этого контингента  получили
скот, предназначенный для спецпереселенцев  с Северного Кавказа.
Учитывая  изложенное, Совет  Министров  Казахской  ССР  не  имеет  возможности
удовлетворить Вашу просьбу.
Д.Кунаев,
заместитель Председателя Совета
Министров Казахской ССР.
11 февраля 1947 год».[3]
Сондай-ақ  республика  көлемінде  қоныстанушыларды  арнайы  үй-жаймен  қамтамасыз
ету, жұмысқа  орналастыру, балаларын  мектепке  оқыту  мəселесі  де  назардан  тыс  қалмаған.
Мысалы, 1946 жылға  дейін  арнайы  қоныстанушылардың  жұмысқа  жарамды 169 мың 881
адамның 160 мың 390-ы  əртүрлі  жұмысқа  алынып, шаруашылықтың, өңдірістің  əр  түрлі
саласында жұмыс  істесе, 1945-1946 жылдары 1000-ға жуық адам əртүрлі зəру мамандықтар
бойынша  арнайы  мамандық  алып  шығады. Нақтырақ  айтсақ, олар  елімізге  сол  кезде  өте
қажет (трактористер – 189 адам, комбайыншылар – 74 адам, жүргізушілер – 159 адам,
ұсталар – 114 адам, жөндеушілер – 432 адам) мамандық иелері-тұғын. Əрі сол жылы 92 мың
отбасы  тұрғын  үймен  қамтамасыз  етіліп, 60800 отбасы  колхоз-совхоздарға  əртүрлі
артельдерге мүшелікке қабылданды.
Дегенмен  Қазақстан  көлеміндегі  сол  кездегі  қалыптасқан  қиын  жағдай
қоныстандырушылар  балаларының  мектепке  оқуы  тұрғысындағы  мəселені  көпке  дейін  күн
тəртібінен түсірмейді. Əрі ол кезде қоныстандырушылар өздерінің тұрған жерінен тек НКВД
органдарының  арнайы  рұқсат  беруімен  ғана  шыға  алатын  еді. Осындай-ақ  олардың
балаларының мектепке не үшін «құлық» танытпағанын бағамдау қиын емес.
Осындай  қиындықтардың  əсерінен 1946-1947 оқу  жылында  қоныстанушылардың
мектеп  жасындағы 89102 балаларының  тек 22000-ның  ғана  мектеп  партасына  отыру
мүмкіндігі болады.
Сөз  орайында  айта  кетейік, жағдайлары  қиын  болғандықтан «қоныстанушылар»
арасында  ұрпақ  мəселесі, яғни  туу, өсім  жалғастыру  мəселесі  көңілдегідей  болды  деп  айта
алмаймыз. Мысалы, 1945 жылғы мəлімет бойынша қоныс аударушылар арасындағы туу мен
өлімнің арасалмағы төмендегідей:
Реті
Қоныс аударғандар
Туу
Өлім
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Солтүстік Кавказдан келгендер арасында
Немістер
Бұрынғы кулактар
Грузиядан
Қырымнан
Қалмақтар
Неміс пособниктері
Литвадан келгендер
Таза право
славиелік христандар
2230
1914
1691
1691
1099
351
6
3
1
44652
6930
8194
6202
15997
3735
118
142
72

109
Барлығы
8039
89659
Көріп отырсыздар, туу өлімнен 11 еседен астам аз...
Əрине, кімге  болсын  туған  жерінен  күштеп  қуылу  оңай  емес. Атамекенді, сондай-ақ
бостандық  аңсау  сезімі  қоныс  аударылғандардың  кейбіреуін  ғана  жүрек  жұтқандарын,
КСРО-ның темір тəртібіне мойынсұнбай қашып кетуге мəжбүр етеді. Мысалы, НКВД, басқа
да құқық қорғау органдары осындай тəртіпке  мойынсұнбаған қоныс аударушылардың 1947
жылға  дейін 24 мың 524-не, 1947 жылы 10 мың 897-не, 1948 жылы 15 мың 424-не, 1949
жылы  11  мың  205-не  іздеу  салып  қуғындаған.  Соғыс  жүріп  жатқан  кезде  де  тіпті  сонан
кейінгі  уақытта  да  қашқындарды  ұстау, жазалау  жүйелі  түрде  жүргізіліп, 1948 жылдың
соңына  қарай  ұсталып  жазаланғандардың  саны 30 мың 67 адамға  жетеді. Егер  бұл
жылдардағы  жалпы «қашқындар» санының  жиынтық  мөлшері 50 мың 805 адам  болғанын
ескерсек, темірдей тəртіп олардың 60 прценттен астамын, түрмеден бір-ақ шығарды. Бейбіт
кезеңдей  емес, сол  аласапыран  уақытта  да  қашқындарды  ұстап  жазалауға  деген  мұңдай
мұқияттылыққа таңданбау мүмкін  еместей... Ал  ұсталғандар туралы 1948 жылғы мəліметке
көз  жүгіртсек, олардың 6577-і  неміс, 2208-і  солтүстік  Кавказдан, 2293-і  қырымнан, 315-і
курд-түрік, 227-і қалмақ ұлтының өкілдері болатын.
Жалпы  халыққа  сенімсіздік  көрсетіліп  отырғанда, қоныстандырушылардың  құқық
қорғау органдарында істейтін қызметкерлеріне де сенім көрсетілмегені белгілі. Бұл тұрғыда
соғыс  аяқталғанына  төрт  жылдай  уақыт  өтсе  де  КСРО  Ішкі  істер  министірлігі  тарапынан
генерал-лейтинант Рясной қол қойған төмендегідей өкім қабылданады.
«КСРО  Ішкі  істер  министірлігі  бойынша  ӨКІМ. Өлкелік  жəне  облыстық  Ішкі
істер басқармаларының бастықтарына!
Келіп түскен сұрау салуларға орай КСРО IIM талап етеді.
Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  тұрақты  тұруға  қоныс  аударылған  халықтардың
(чешендердің, қарашайлардың, ингуштердің, балқарлардың, қалмақтардың,
немістердің, қырым  татарларының  тағы  басқаларының) бұрынғы  НКВД – НКГБ,
МВД (IIM) – МГБ-дағы (МҚМ) қызметкерлері отбасы мүшелерімен бірге шұғыл  түрде
жергілікті жердегі арнайы қоныстандырылушылар қатарына есепке алынсын.
КСРО  ХКК-нің 1945 жылғы  8 қаңтарда «Арнайы  қоныстандырылушылардың
құқықтық  жағдайы  туралы» №35 санды  қаулысын  жəне КСРО Жоғарғы  Кеңесіннің
1948  жылғы 26 қарашадағы «Қоныстандырылушылардың ... уақытша  жəне  тұрақты
тұрған жерден қашуына байланысты қылмыстық жауапкершілігі  туралы» жарлығын
басшылыққа ала отырып, КСРО НКВД-ның 8 мамырдағы №00246 жəне 1945 жылғы 7
желтоқсандағы  жарлықтарына  сəйкес (оларға) əкімшілік  бақылау  күшейтілсін.
Орындау жайында  мəлімделсін.
Генерал-лейтенант Рясной,
КСРО Ішкі істер министрінің орынбасары.
12 наурыз 1949 жыл».[4]
Міне, кезінде КСРО-ның Сталин тұсындағы аз ұлттарға жасаған «интернационалистік»
саясатының  көрінісі  осындай. Халықтар  көсемінің  қайтыс  болуына  байланысты  ұлттар
тағдырына  қарсы  жасалған  қастандықтың  темір  құрсауы  сəл-пəл  босаңсығанымен  көпке
дейін үзіліп кете қоймағаны да көпшілікке белгілі. Ал үзілу КСРО-ның ыдырауымен мүмкін
болды.
Қазіргі күнде мақалаға арқау болған ұлт өкілдері егемен елдің тең құқылы азаматтары
ретінде байтақ Қазақстанда, ынтымақты тірлікпен бейбіт күй кешіп жатыр.
«Бірлік  болмай  тірлік  болмайды» дейді  халқымыз. Сондай-ақ  Ата  Заңымыздың 1-
бабында: «Қазақстан  Республикасы  өзін  демократиялық, зайырлы, құқықтық  жəне
əлеуметтік  мемлекет  ретінде  орнықтырады: оның  қымбат  қазынасы  адам  жəне
адамның  өмірі  мен  бостандықтары»  деп  жазылған. Сондай-ақ  Конституциямыздың 10-
бабында: «Республиканың  азаматын  ешқандай  жағдайда  азаматтығынан, өзінің

110
азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге
аластауға болмайды» деп көрсетілген[5].
Мұндай жайдың Қазақстанды атамекен  етіп отырған барлық халықтар мен ұлттардың
өкілдеріне, сондай-ақ  кешегі  күні  кеңес  өкіметінің  қатал  саясатының  салдарынан  туған
жерінен  қол  үзіп  қазақ  даласына  келген, қазіргі  күнде  республикамыздың  тең  құқылы
азаматтары болып отырғандарға да қатысты екеніне дау жоқ. Лайым солай болғай.
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
1. ҚРОМА, 30-қор, 10-тігін, 8-іс, 118-парақ.
2. Бұл да сонда,1137- қ., 1-т.,15- іс, 1-п.
3. Бұл да сонда,1137- қ., 1-т., 10-іс, 7-п.
4. Бұл да сонда, 1987-қ., 1-т., 19-іс, 27-п.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. -Алматы, 1999.
БЕЛОРУС ХАЛҚЫНЫҢ ТЫҢ ИГЕРУ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ
ТАРИХЫНАН ҚЫСҚАША ШОЛУ
Маслов Х.Б.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ,
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы
Кеңестер  Одағының  тарихында  ұмытылмас  беттердің  бірі  болып  саналатың, алайда
бүгінгі  көз  қарастар  тұрғысынан  басқа  да  қисында  сұрақтар  туындатып  отырған  аса  ірі
эпопеялардың  бірі – Тың  жəне  тыңайған  жерлерді  игеру  мəселесі. Аграрлық  факторға
қатысты болғандықтан, төмендегі мына бір тарихи ақиқаттарды да аттап өтпегеніміз лазым.
Столыпин  аграрлық  реформасынан  кейінгі  ірі  көлемді  қоныс  аудару  Тың  жəне
тыңайған  жерлерді  игеру  болып  табылады. Бұл  аймақтарға  негізінен  Ертістің  оңтүстік
өңірлері, дəлірек  айтқанда, оңтүстік  Омбы, Алтай  өлкесі  мен  Қазақ  ССР – нің  солтүстік
аудандары енген болатын – ды. Ресей өлкелерінің де далалық аймақтары игеріліп жатқанына
қарамастан,  Қазақстанның  солтүстік  облыстары  көбірек  назарға  ілінгендіктен, дəл  осы
жерлерге Украина мен Белоруссиядан қоныстанушылар легі көптеп келіп жетті.
1954 жылы «Тың  жерлерді  игеру» деген  ұранға  Бүкілкеңестік  Одақтың, соның  ішінде
Белоруссияның  комсомол  жастары  да  үн  қатқан  болатын. Ал  ең  алғашқы  болып  ниет
білдірген  Т.Волкович  атты  азамат  болатын. Осы  жылы  Солтүстік  Қазақстан  облысының
колхоздарына  жалпы  саны – 7105 жанұя, ал  келесі  жылы, дəлірек  айтсақ, 1955 ж. – 12969
жанұяны  қоныстанандыру  жоспарланды. 1954 жылы 25 – қазандағы облыс  колхоздарының
жағдайына қарай, Белоруссия мен Украинадан – 89 жанұя қоныстанып үлгереді [1,58].
1956 жылы Брест облысы, Баранавоцк ауданы, Чешевлянск ауылынан көшіп келген бес
жанұя  жаңа  жерде  жақсы  бейімделе  бастайды. Мұрағат  құжаттарындағы  мəліметтерге
сүйене  отырып  əр  бір  қоныстанған  отбасы  туралы  ақпаратты  келтіруге  болады. Мысалы:
Близнюк  Иван – ағаш  ұстасы, Ткаченко  Петр – тракторлық  бригадаға  есепші, Курова
Александра – бұзау қамаушы, Толкач Иван – тракторшы болып жұмыс істеген. Бұған қоса,
əр бір жанұя қосымша ақша мен нан өнімдерін де алды. Өздерінің жақсы өмірі туралы олар
Серке  ауылында  тұратын  өз  жерлестеріне  хабарлаған  бойда, 1957 жылы  наурыз  айында
Чешевлянск ауылынан тағы да бес жанұя көшіп келеді, олардың ішінде Шпаковка ауылынан
қоныс тепкен  Иван Николаевич Царюктің де жанұясы болды.
Билік назарына іліккен Хрущев атты колхоздың орталық үй – жайы  негізінен – Ақмола
облысынан  35  километр  қашықтықта  орналасқан  Максимовка  ауыл  мекені  еді.  1957  жылы
колхозға  Брест  жəне  Витебск  облыстарынан  тағы  да 17 жанұя  қоныстанады. Колхоздағы
жақсы колхозшылардың қатарында Белоруссиядан келген жаңа қоныстанғандардың есімдері
де аталады. Солардың бірі ретінде – Брест облысы, Сталин ауданы, Теребит ауылынан көшіп
келген  Прокопчук  Денис  Романовичтің  отбасын  айтуға  болады. Шеберханада  сегіз  айдын

111
ішінде  Денис Романович 540 еңбек  күнін, жұбайы  Юстиана  Кузьминична – бұзау бағушы
болып  432  жұмыс  күнін  істеді.  Ал  он  жеті  жасар  ұлы  Роман  тіркемеші  болып,  475  жұмыс
күнін атқарған. Үш адамнан тұратын осындай жанұя өз еңбектері нəтижесінде 13 630 рубль
табыс тапса, 2 726 килограмм бидай жəне басқа да өнімдерді жинап алған. Қазақстанға Тың
игеруге  келген  белорустардың  өмірлері  турасында  əр  түрлі  мағлұматтарды  сол  кездегі
Кеңестік  идеологиялық  жүйеге  орай, насихаттау  тұрғысынан  Белоруссия  басылымдары,
мəселен, төмендегідей  газеттер  мен  журналдар  айтарлықтай  өз  беттерін  берді: «Знамя
комунизма». 24.02.1954 ж., №10 (Минск), «Витебский  рабочий». 1954 ж. 2 наурыз  №43
(9339) (Витебск), «За  Радзиму». №92. 1954 ж. 9 мамыр (Могилевск), «Гомельская  правда».
№41. 1954 ж. (Гомель), «Путь победы». 1958 ж. (Гродно) [2].
Тың жерлерді игеруге келген белорус өкілдері туралы көптеген деректер мен құжаттар
қазіргі  уақытта  Қазақстан  республикасының  мемлекеттік  мұрағаттарында  сақталған.
Мысалы, Астана  қаласының  мемлекеттік  мұрағатында  сақталған  мынадай  мəліметтерге
назар аударған жөн [3]:
Жылдар
1960 жыл
1961 жыл
1962 жыл
Жоспар
бойынша
Нақты
Жоспар
бойынша
Нақты
Жоспар
бойынша
Нақты
Жанұя
620
643
700
725
638
665
Адам
2480
2470
2820
2618
2816
2720
Соның ішінде
Жұмысшылар
381
539
501
Əскерилер
21
14
10
Шаруалар
118
78
79
1961  жылы  Белорус  КСР  –  нен    Солтүстік  Қазақстан  облысы,  Пресновск  жəне
Октябрьск аудандарына 644 жанұяның қоныстанғандығы, ал алғашқы жаңа қоныстанушылар
санының 2 425 адамды құрағандығын көруге болады. Барлық еңбекке жарамдылар жұмысқа
тез арада белсене кірісіп кеткен [4].
Қазақстан  республикасының  мемлекеттік  мұрағаттарында  құжаттардың  бірінде  тіпті
Солтүстік Қазақстан облысы «Княгинский» савхозының сауыншы əйелі И.Маркинаның 1963
жылғы  23 – қаңтарда  совхоз  директорларының  мəжілісінінің  алқа  жиылысында  сөйлеген
сөздері  де  сақталған: «....мен  сауыншы  болып 1959 жылдан  бері  жұмыс  істеймін, совхозға
Белоруссиядан  комсомол  жолдамасы  арқылы  келдім. Айтайын  дегенім, тын  жерде  жұмыс
істеу жəне өмір сүру маған қатты ұнады! Өмір бойына осы жерде қаламын…..» [5].
Бұдан  басқа, Ақмола  облысының  мемлекеттік  мұрағаттарында  да  Белорус  ССР – нен
қоныс аударып, тын жерлерде жұмыс істеген көптеген жанұялар туралы қызықты мəліметтер
сақталған. Мысалы: 1962 жылы 7 076 қоныстанушылардың арасынан 3 914 адам сол уақытта
жұмыспен  қамтылса, көптеген  белорус  өкілдері  əр  түрлі  халықтардың  арасынан  өз  адал
еңбегімен үлкен құрметке бөленіп, жаңа жерлері игеруде беделге ие болғандағы көрсетілген
[6].
Жергілікті комсомол  комитеттері облыстарда  совхоздар  мен колхоздарда еңбек  ететін
комсомол  жастарының  санын  көбейту  мақсатымен  еріктілерді  барынша  жұмысқа  тартты.
Сол  уақытта  Қазақстанда  жоғары  білікті  аграном  жəне  механиктер  жетіспеушілігі  айқын
байқалған болатын.
1955–1958 жылдар  аралығында  Белоруссия  ауылшаруашылық  академиясының  мыңға
жуық студенті тың жерлерді игеру үшін Солтүстік Қазақстан облысына келген. Олар əр түрлі
жұмыстарды атқарды, дəлірек айтқанда өнімдерді жинады, тұрғын үйлер мен жатақханалар
құрылысына  көмектесті. Бұл  жайында  Қостанай  облысы, Камышин  ауданы, Алтынсарин
совхозының  əкімшілігінің  берген  мінездемесінде  де  айтылады. Құрылыста  еңбек  еткен
студент  жастар  бірнеше  жатақхана  тұрғызып, алты  шахталық  құдық  қазды  жəне  малға

112
беретін азық өнімдерін дайындауда көмек көрсетті. Осылайша белорус студенттері қажырлы
еңбек етіп, Тың жер тұрғындарының шексіз алғысына бөленді.
Нақ  сол  жылдардан  бастап  жыл  сайын  Белорус  ауыл  шаруашылық  академиясының
түлектерінің  Тың  жерлерді  игеру  үшін  Солтүстік  Қазақстан, Қостанай  облыстарының
совхоздары  мен  колхоздарына  бағытталып  отыруы  тұрақты  түрде  қолға  алынса, соның
дəлелі ретінде, айталық, 1958 жылы  Белорус ауыл  шаруашылық  академиясынан  тағы  да 21
түлек өз еркімен Қазақстан топырағын басты. Осылайша, республиканың солтүстік өңірлері
тиісті мамандармен қамтамасыз етілді.
Жылдар  бойы  тəрбие  жинақтаған  жас  студенттердің  де  қызметтері  жоғарылады. 1970
жылдары  Қазақстандағы  жерге  орналастыру  институты  жəне  оның  əр  түрлі  облыстардағы
бөлімшелерінің  ашылуына  кезінде 1957 – 1959 жылдары  Белорус  ауыл  шаруашылық
академиясы  түлектерінің Қазақстанға келуі  де  елеулі роль  атқарды. Мысалы: Орал облысы
бөлімшесінің  бас  мекемесінде – Константин  Протасов, Александр  Шингирей, Семейдегі
бөлімшенінің  бас  мекемесінде – Лев  Подольский, Петропавлдағы  бөлімшенінің  бас
мекемесінде – Виктор  Баранов, ал  Павлодардағы  бөлімшенінің  бас  мекемесінде – Леонид
Авдеенко  басшылық  етті. Бұл  бөлімшелердің  жобалық - өндіріс  бас  мекемесінің  басшысы
лауызымында  Борис  Коваль  отырса, ал  сол  кездегі  Целиноград  облысында – Виктор
Клебанов  болатын. Олардың  кейбіреулері  тамаша  жетістіктерге  жетіп, келелі  биіктіктерді
ала білді. Төмендегі мына бір мысал осыны айғақтай түседі.
Павел  Атрушкевич  жай  ғана  инженер  қызметінен  Қазақ  Ұлттық  сəулет – құрылыс
Академиясының ректоры лауазымына дейін көтерілді. Ал кейін Қазақстан Республикасының
парламент  сенатына  сайланды. Қазіргі  уақытта  Павел  Атрушкевич  Қазақстан  халқы
Ассамблеясының белді мүшесі [7].
Тың  жерлерді  игеруге  келіп, өз  тағдырларын  Қазақстанмен  байланыстырған  белорус
ұлтының  өкілдері: Евгений  Иванов, Михаил  Каледич, Николай  Агеев, Анатолий  Новиков,
Анатолий  Рубашин, Петр  Самостроенко, Владимир  Лычковский, Эдуард  Никончуктер  де
ауыз толтырып айтарлықтай дəрежелер мен деңгейлерге көтерілді.
Тың  жерлерді  игеру  нəтижелері  жоғарғы  көрсеткіштерге  қол  жеткізді. Нақтырақ
айтқанда, 1956 жылы Қазақстан алғашқы бір миллиард пұт бидай өндірсе, 1958 жылы жалпы
егістік ауданы 28,6 миллион гектарға жеткізілді, соның ішінде 23,2 миллион гектарына таза
бидай өнімдері егілген болатын.
1956 жылы  Қазақ  КСР – і  ең  ірі  бидай  бидай  алқабы  үшін  Ленин  орденімен
марапатталды. Өздерінің қажырлы еңбектері үшін 40,5 мың адам ордендер мен медальдарға
ие  болды. Бұлардың  ішінде «Социалистік  Еңбек  Ері» атағына  ие  болған  қазақстандық
белорус өкілдерінің есімдері де аталады. Мысалы, Белоруссиядағы Копыльск ауданы, Пузова
ауылында туып өскен Александр Нахманович та бар еді. Ол Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан
кейін  Жамбылдағы  қызылша  өндіретін  совхозда  еңбек  етіп,  1958  жылы  Жамбыл
ауданындағы «XXII партсъезд» атты  колхоздың  төрағасы  болды. 1964 жылдан  бастап
Жамбыл  облысы, Свердловск  ауданы «Трудовой  пахарь» колхозының  төрағасы  қызметін
атқарды. Бір  жылдан  соң  ауыл  шаруашылығындағы  үлкен  жетістіктері  үшін  Александр
Нахманович «Социалистік  Еңбек  Ері» атағына  ие  болып, 1967 жылы  Қазақ  ССР  Жоғарғы
Кеңесінің депутаты болып сайланды.
Мұндай  үлкен  құрметке  Белоруссияның  Гродно  облысы, Щучинск  ауданы, Войскол
ауылының  тұрғыны  Геннадий  Ткачук  те  бөленген  еді.  1956  жылы  Целиноград  облысы,
Державинск ауданы «Отрадный» совхозында тракторист – комбайнер болып жұмыс істеген
ол 1961 жылы жаңа Тың жерлерді нығайту  қажеттілігі туындаған кезде, үздік механизатор
ретінде «Титов» атындағы жаңа совхозға қызмет етуге іс сапарға жіберілді. Алты жыл бойы
СК-3 комбайнімен  жұмыс  істеп, 12 790 гектар алқапты  өңдеп, 63 290 центнер бидай  өнімін
ұнтақтады. Геннадий Ткачуктің көмегімен тағы да он сегіз жұмысшы комбайн мамандығын
игерді. Осы еңбегі үшін ол 1967 жылы «Еңбек Ері» жұлдызымен марапатталды [8].
Витебск  облысы,  Меховск  ауданы,  Марчанка  ауылының  тұрғыны  –  Алексей
Амбросенко 1956 жылдың  өзінде  ең  жоғары  сапалы  теміржолшы  маман  атанып, алғашқы

113
қызметін  Алексей  Талдықорған  облысындағы  Ақтоғай  темір  жолын  салудан  бастаған
болатын. Еңбектегі ерен ерлігі үшін 1961 жылы Алексей Амбросенко да «Еңбек Ері» атағына
ие болды.
Қазақстандық  белорустар  арасында  сол  жылдары  жоғары  еңбек  наградаларымен
марапатталғандар  арасында - «Московский» совхозының  директоры – Аркадий  Гаурлик,
«Буревестник» совхозының  басшысы – Николай  Козлов, Қостанай  облысы, «Борковский»
совхозының комбайнері – Иван Крупский, Торғай облысының Тың жерлердегі суармалы егін
алқабының  бригадирлері – Нина  Куриленок  мен  Алексей  Старостин, Жамбыл  облысынан
сауыншы – Елена Свинковская сынды азаматтар да бар еді. Олар турасында Белорус КСР-нің
баспасөздері де жазып жатты [9,10].
Тың жерлерді игеру науқаны кезінде Қазақстанның демографиясында елеулі өзгерістер
орын  алды. 1970 жылы  белорус  өкілдерінің  саны 200 мыңға  дейін  жеткен  еді. Қазіргі
уақыттта да осы Тың игерушілердің ұрпақтары өздерінің екінші Отаны – Қазақстанда еңбек
етіп келеді. Бұған мысалдарды көптеп келтіруге болады. 1955 жылы Минск облысы, Слуцк
ауданынан  Қостанай  облысына  Дмитрий  Чепурко – тракторист  болып  келген  еді. 1996 –
2001 жылдар  аралығында «Молсервис» консорциумының  бас  директоры  қызметін  атқарды.
Қазіргі кезде  Дмитрий Чепурко ЖАҚ «Молсервис АЗФ» (Ақтөбелік ферроқорытпа заводы)
басқарып келеді. Қазақстан Республикасының медальдарымен екі мəрте марапатталған.
Шығыс 
Қазақстан 
облысы, «Камышинское» деп 
аталатын 
жеке 
ауыл
шаруашылығының басшысы Владимира Акуловтың да өмірі тың жерлерді игерумен тығыз
байланысты. Оның  ұжымы  облыстағы  мал  шаруашылығының  өнімдерін  өндірудің
көшбасшысы  ретінде  саналады. Акулов  аумақтағы  əлеуметтік саланы көтеруге  де өз  үлесін
тигізуде. Бұл  күндері  жеке  кəсіпкердің  көмегімен  ауылдық  жерде  екі  емхана, екі  мектеп,
мəдениет  үйі  салынған. Сонымен  қоса, көп  балалы  отбасылар, əлеуметтік  жағынан  аз
қамтылған жанұяларға жəне зейнеткерлерге дəйекті түрде көмек көрсетіліп тұрады [11,21].
Қазақстандық Тың  жерлерді игерудің жаңа тарихы  бүгінде жаңа көзқарастарды  талап
етуде. Бұл  тарихшы  мамандардың  алдарындағы  тұрған  келелі  мəселелер  қатарынан  ойып
тұрып орын алады. Тың жəне тыңайған жерлерді игеру науқаны Қазақстан тарихының жаңа
бір  беттерін  ашқанына  ешбір  күмəн  жоқ. Осы  науқанға  белсене  қатысқан  белорус  халқы
өкілдерінің  сіңірген  еңбектері  мен  атқарған  қызметтері  болашақтағы  мейілінше  объективті
негізде жазылған Қазақстан тарихында өз орындарын алатындары тарихи ақиқат.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет