Ассамблея народа казахстана и ее роль в консолидации казахстанского общества



Pdf көрінісі
бет12/41
Дата03.03.2017
өлшемі3,62 Mb.
#6084
түріСборник
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41

Список использованной литературы:
1.
Декларация принципов толерантности. 16 ноября 1995 г.
2.
История Казахстана: народы и культуры. А., 2001. С.400.
3.
Там же. С.221
4.
Алдажуманов К.С. Депортация народов и проблема прав человека. Алматы. 1998. С.10.
5.
Сборник  законодательных  и  нормативных  актов  о  репрессиях  и  реабилитации  жертв
политических репрессий. М. 1993. С.18.
6.
Сборник  законодательных  и  нормативных  актов  о  репрессиях  и  реабилитации  жертв
политических репрессий. М. 1993. С.18.
7. Алексеенко Н.В. Историческая демография Казахстана. - Усть-Каменогорск. – 2001. – 67 с.
8. Кан Г.В. Корейцы Казахстана. – Алматы: Казахстан, 1994. С.240.
9.
Козыбаев  М.К.  История  Казахстана  //  (учебник  для  10  класса  русской  школы)  –  А.  1992.
С.209-215.  Его  же.  История  Казахстана.  Хрестоматия.  Авт.  –  сост.  Козыбаев  М.,  Козыбаев  И.  –  А.:
Атамура – Казахстан. – 1994. С.256. Его же. История и современность. А-Ата. Гылым. 1991. С.252.
10. Сборник  законодательных  и  нормативных  актов  о  репрессиях  и  реабилитации  жертв
политических репрессий. М. 1993. С.18.
11. Алдажуманов К.С. Депортация народов и проблема прав человека. Алматы. 1998г. С.10.
12. ЦГА РК. Ф.1137, Оп.17, Д. 426, Л.1.
13. Байтуреева  К. Процесс  формирования  полиэтнического  общества  в  Казахстане:
исторический анализ // Высшая школа Казахстана. – 2007. - № 3. - С. 173-177.
14. Этнокультурное  образование  в  Казахстане (цифры  и  факты). Материал  подготовлен  по
данным  Госкомстата, министерств  образования  и  культуры, Национального  агентства  по  делам
печати и массовой информации // Мысль. – 1996. - № 9. – С. 65-75.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК АЙМАҒЫНДАҒЫ ПОЛЯК ҰЛТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ:
ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН БҮГІНІ
Каринбаев Ж.Ə.
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару
 академиясының аға оқытушысы, Дипломатия институты, Астана қ.
Бүгінгі Қазақстан – жүз отыздан астам ұлт пен ұлыс өкілдері татулық мен
бірлікте  өмір  сүріп  жатқан  жас  мемлекет. Мемлекетіміздің  көпұлтты  халқының
қалыптасуында қазақ  жеріне түрлі жағдайда, тағдырдың  тəлкегімен аяқ  басқан  əрбір ұлт
өкілдерінің  өзіндік  орны  бар. Солардың  бірі, мақаланың  тақырыбына  арқау  болып
отырған поляк ұлтының өкілдері.
Халық  туралы  қысқаша  ақпарат  берер  болсақ, поляктар – славян  текті, ішкі  тілдік
бөлінісіне сай  батыс  славян  тіл  тармағында  сөйлейтін, басым көпшілігі  христиан дінінің

86
католик  тармағын  ұстанатын  еуропа  халықтарының бірі. Негізгі көпшілігі тарихы  отаны
Польша  аумағын  мекендейді [1382 б.].   Əлемнің  бірқатар  елдеріне  шашырай
қоныстанған поляк диаспоралары жалпылама «Полония» атауымен таныс. Қазақстандық,
оның ішінде оңтүстік  аймағы поляктарының қалыптасуы  - түрлі саяси жағдайда жүзеге
асқан, ұзаққа созылған күрделі  үдеріс болып табылады.
Қазақ  даласына  поляк  ұлты  өкілінің  алғаш  аяқ  басуы  ХІІІ  ғасырда  тіркелген. Атап
айтқанда, 1245 -1247 жылдары  Джованни  да  Пиан  дель  Карпини  елшілігінің  құрамында
Вроцлавтық  монах –францискандық  Бенедикт  Поляк (Бенедиктус  Полонус) та  өткен
болатын[2,7-8 бб.].
ХVI – XVIII ғғ. аралығында Еуропа құрлығының Орталық жəне Шығыс аймағында,
қала  берді  құрлықтың  саяси  өмірінде  Польша  мен  Литваның  бірлескен  Речпосполита
мемлекеті  маңызы  рөлге  ие  болды. Бірақ, XVIII ғасырдың  екінші  жартысынан  қуатты
мемлекеттің əлсіреуі басталып, көршілес орналасқан Австрия, Пруссия жəне Ресей сынды
алпауыт  бəсекелес  мемлекеттер  оның  аумағына  мүдделілік  таныта  бастады. Сыртқы
күштерга  тойтарыс  беру  мақсатында  ішкі  күштер  де  белсенділік  танытып, 1768 жылы
Подолиядағы Бар қаласында (қазіргі Украинаның Винница облысындағы қала) дінді жəне
Речпосполитаның  Ресейден  тəуелсіздігін  қорғау  мақсатында  конфедерация  құрылды.
Бірақ, бірқатар  жетістіктерге  қарамастан, конфедерацияның  тəуелсіздік  жолындағы
миссиясы  жеңіліске  ұшырады [3,150–151бб.]. Оның  қатысушылары  Ресей  тарапынан
қатаң  жазаланып, бірқатары  Сібірге, оның  ішінде  қазіргі  Қазақстан  жəне  іргелес
аумақтарға жер аударылды.
1772 жылы үш мемлекет Речпосполитаны алғашқы бөліске салды, бірақ, аумағының
үштен бірінен, халқының 30 % - нан айырылғанымен поляк – литов мемлекеті өмір сүруін
жалғастыра  берді [3, 151 б.]. 1793 жəне 1795 жылдары  мемлекет  аумағы  кезекті
бөліністерге  ұшырап, поляк  əскерлерінің  басқыншыларға  табанды  қарсылығына
қарамастан, тұрақты, поляктар жақсы қаруланған көрші мемлекеттердің əскерлеріне төтеп
бере  алмады. Қарсылық  басылып, офицерлердің  бір  бөлігі  эмиграцияға  кеткен  болса,
екіншілері қатаң бақылауға алынды. Ал қатардағы көтерілісшілердің едəуір бөлігі Сібірге
жер аударылып [3,157-161 бб.], жекелегендері орыс əскерлерінің қатарын толықтырды [4,
325 б.]. Мемлекетті үшінші бөліске салудың барысында поляк –литов біріккен мемлекеті
халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде өмір сүруін тоқтатты [3, 162 б.].
Он  жылдан  астам  тəуелділікте  өмір  сүрген  поляк  халқы  саяси  сахнаға  шыққан
Наполеон Бонопартқа үлкен үміт артып, қолдау күтті. Француз армиясы Пруссияға қарсы
əскери  қимылдарын  бастағанда  поляк  еріктілерінің  саны 30 мыңнан  асып, соғыс
тағдырына  едəуір  ықпал  етті.  Нəтижесінде,  Наполеон  уақытша  үкімет  –  Билеуші
комиссияны  құрып, 1807 жылы  Варшава  княздығын  негіздеді, конституциясын  бекітті.
Билікке саксон королі Фридрих Август келді. 1812 жылы Ресейге қарсы соғысты бастаған
Наполеон  поляктардан  қолдау  алу  мақсатында  Речпосполитаның  бұрынғы  барлық
аумақтарын қайтаруға уəде етті. Ресейге қарсы соғыста Наполеон əскері сапында 70 мың
поляк жауынгерлері соғысты [5, 235 б.].  Алғашқы кезеңдегі жеңістер, Бородино шайқасы,
Мəскеуді  басып  алу  жүзеге  асқанымен, Наполеон  ресей  əскерлерін  талқандай  алмады.
Қайта  өз  əскерімен  шегініп, аяздар  мен  бұрқасындар  əскерлердің  шегінісін  жеңіліске
ұластырды. Нəтижесінде, Наполеон  жеңіліске  ұшырап, соғыстан  кейінгі  Еуропаданың
тағдыры  мен  шекаралар  жайы 1815 жылғы  Вена  конгрессінде  қаралды. Бірақ, «поляк
мəселесі» өзгеріссіз қалды.
Бұрынғы Речпосполита аумағының басым бөлігін иемденген Ресей империясы поляк
жерлері  есебінен  Поляк  Королдігін  құрып, королдіктің  өз  үкіметі, сеймі (поляк
парламенті) мен əскерінің болуына кепілдік берілді. Королдік 127 мың шаршы шақырым
аумақты қамтып, елде 2,7 млн. халық тұрып жатты [3, 169 -172 бб.]. Ресей билігі Наполеон
жағында  соғысқан  поляктар  қатаң  жазалап, тұтқынға  түскендері  империяның  шалғай
аумақтарына жер аударылды. Қолда бар мəліметтерге сəйкес, 1812 жылдың қарашасы мен
1813 жылдың  тамызы  аралығында  Астрахань  губерниясына  жер  аударылған 999

87
наполеондық  тұтқындардың  басым  бөлігін (83 %) поляктар  құраған [6, 306-307 бб.].
Сонымен  қатар, поляк  тұтқындары  Сібірге  де  жер  аударылып, олардың  бір  бөлігі
Қазақстан  шекарасына  таяу  Есіл (Ишим) бекінісіне  орналастырылған. Аталған
мəліметтерге негіздей  отыра  ХІХ  ғасырдың  алғашқы ширегінің  өзінде еліміздің  бірқатар
аймақтарында, атап айтқанда, Батыс Қазақстан жəне Солтүстік Қазақстанда аймағында аз
болса да поляк халқы өкілдерінің қоныстана бастағандығын сеніммен айта аламыз.
1830 жылдың 29 қарашасында  жаңа  ұлт –азаттық  көтерілісі  басталып, қысқа  уақыт
ішінде Польшамен қатар поляк ұлты мекендеген Батыс Украина мен Литва аумақтарын да
қамтыды. Он  айдан  астам  уақытқа  ұласқан  көтерілісті  империяның  тұрақты  армиясы
күшпен басып, жасақшылар жеңілді [3,178 -180 бб.].
Көтеріліс  үшін  поляктар  өздерінің  бірқатар  саяси  артықшылықтарынан  айырылды.
Сейм  өз  жұмысын  тоқтатып, жеке  құрылым  ретінде  поляк  əскері  таратылды. Поляк
королдігі  жойылып, аумақтар  империяның  өзге  аймақтарындағы  секілді  губернияларға
бөлінді. Ұлт – азаттық  көтерілісіне  қатысушы  мыңдаған  поляктар  мен  олардың
туыстарының  дүние – мүліктері  тəркіленіп, империяның  шалғай  аймақтарына  жер
аударылды [2, 36-37 бб.]. Оның  ішінде  қазіргі  Қазақстан  аумағына  жіберілгендері  де
көптеп  саналды. Осылайша, Польшадағы  саяси  бетбұрыстар  барысында  еліміз
аумағындағы поляк ұлтының саны өсе түсті.
Патша  үкіметінің  Қырым  соғысында (1854-1856 жж.) жеңіліс  табуы  Ресейдің
белсенді  сыртқы  саясатын  біршама  тежеді. Бірақ, мемлекеттің  əлеуеті  өсе  түскен
өнеркəсібі мен саудасына жаңа нарықтар қажеттігі туындай бастады [7, 368 б.]. Сонымен
қатар, Британ  империясының  Оңтүстік  Азия  мен  Орта  Шығыстағы  белсенді  саясаты
патша  үкіметінің  күнтəртібіне  Орталық  Азия  аймағын  игеруді  өткір  қойды. Отарлау  екі
тəсілмен  жүргізілді. Біріншіден, оңтүстік  аймақтарға  əскери, əскери – барлау  жəне
жазалау  экспедициялары  жіберілсе, екіншіден, стратегиялық  қолайлы  орындарға  бекініс
шептерін  салу  жүзеге  асырылды. Орталық  Азияға  жол  ашатындықтан, аймақты  басып
алуға  дайындық  жұмыстары  Орынбор  жəне  Сібір  шептері  арқылы  да  қызу  жүргізілді.
Сібір  шебінен  бастап, Ақтау (1835 ж.), Ұлытау (1835 ж.), Қапал (1846 ж.), Сергиополь
(Аягөз, 1831 ж.) жəне өзге де Ресейлік бекініс пунктері салынды [7, 370 б.]
Қазақстанның  оңтүстік  аймақтары  негізінен  қоқан  хандығының  қоластында
болғандықтан, Ресейдің  аймаққа  ішкерілей  енуі  орыс – қоқан  соғысына  ұласты. 1860
жылдың 26 тамызында  Тоқмақ, 4 қыркүйегінде  Пішпек (Бішкек), 1864 жылдың 4
маусымында  Мерке  бекінісі, 6 маусымда  Əулиеата (Тараз), 12 маусымда  Түркістан,  21
қыркүйекте Шымкент алынды [7, 371 -379 б.]. 1865 жылдың 17 маусымында тіке шабуыл
барысында  Ташкенттің  алынуымен  Қазақстанның  оңтүстік  аймағы  толықтай  патша
үкіметінің  қарамағына  енгізілді.  1867 жылдан бастап құрамына  Сырдария  облысы  жəне
Жетісу  облыстары  енген  Түркістан  генарал  - губернаторлығы  құрылды. Жаңадан
енгізілген аумақтарда кадр тапшылығы өткір тұрғандықтан, негізінен, орта немесе жоғары
білімі болған түрлі мамандықтағы ұлты поляк саяси тұтқындар да қызметке кеңінен алына
бастады.
1863 жылдың 22 қаңтарында Польшада Уақытша ұлттық үкімет жарияланып, поляк
халқы  мекендеген  аумақтарда (Польша, Литва  мен  Белоруссияның, Украинаның
жекелеген аймақтарында) кезекті ұлт – азаттық күрес  басталды. Бірақ, бір жылдан астам
уақытқа  созылған  көтеріліс  жеңіліске  ұшырады. Ондаған  мың  адам  опат  болып,
мыңдағаны  империяның  шалғай  аумақтарына, басым  түрде  Сібірге  күштеп  жер
аударылды [3, 191 -194 бб.]. Жер  аударылғандар  қазақ  халқы  мекендеген  Астрахань,
Орынбор губерниялары мен Батыс Сібір аумақтарына, Алтайға, соңынан,  Сыр бойы мен
Жетісуға да көптеп  жіберілді. Аталған  саяси  оқиғалар  барысында  оңтүстік аймағындағы
поляк  саяси  тұтқындарының  саны  ұдайы  өсу  үстінде  болды. Бірақ, саяси  айдауда
болғандармен қатар, өз еркімен қоныстанушылар да аз емес еді.
1897 жылы  жүргізілген  алғашқы  халық  санағының  мəліметтеріне  сəйкес, сол
кезеңдегі Орта Азияны (қазір Орталық Азия) 11 576 поляктар мекендеген. Олардың – 10

88
361, яғни  басым  көпшілігі  қалаларда  шоғырланған. Қалалық  поляктардың  жыныстық
құрамы: 9421 ер  азаматтардан  жəне 940 əйел  азаматтардан  құралған [8].   Мəліметтерді
сараптау  арқылы  поляктардың  негізінен  жергілікті  билік  пен  əскерилер  орналасқан
қалаларды (ол  кезеңде  қалалар  шағын) мекендегендігін, сонымен  қатар, көпшілігінің
саяси  тұтқындар  мен  əскери, əкімшілік  қызметтегілерден  құралғандықтан, қатарында  ер
азаматтардың  саны  бір  жақты  басым  болғандығына  көз  жеткіземіз (10 ер  азаматқа  бір
əйелден  келеді). Поляк  ұлты  арасында  қалыптасқан  демографиялық, жыныстық
диспропорция  жағдайында  халықтың  тілдік, мəдени  тұрғыдан  жақын  орыс  халқы
тарапынан  жоғарғы  деңгейде  ассимилиацияға  ұшырағандығы  күмəнсіз. Аймақтағы
поляктардың  ең  үлкен  бөлігі – 2 206 адам  Ташкент  қаласын (орналасуы  бойынша
Сырдария  облысының құрамында) мекендеген болса [9, 179 б.], тұтас  алғанда Сырдария
облысында – 2825 [9,18 б.]  поляктар  тұрған. Жетісу  облысында – 185, оның  ішінде
Верныйды (Алматы) – 78 [10, 52 б.] поляк мекен еткен.
Саяси  себеппен  айдауда  болған  поляк  ұлты  өкілдерінің  арасында  сауатты
азаматтардың  саны  көптеп  саналатын. Жəне  олардың  бірқатары  қазақ  арасында  түрлі
қызметтер  атқарғандықтан, жергілікті  ұлтпен  тығыз  қарым – қатынаста  болды, қоян –
қолтық  араласты. Нəтижесінде, жекелеген  поляк  зиялылары  қазақ  халқының  тұрмыс
салты, рухани  дүниесі, дəстүрі, өнері  һақында  танымал  əрі  құнды  еңбектерді  жазып
қалдырды. Олардың  қатарына  Адольф  Янушкевичтің «Қазақ  даласына  саяхаттың
күнделіктері  мен  хаттары», Бронислав  Залескийдің «Қазақ  сахарасына  саяхат», Северин
Гросстың «Қырғыздардың (қазақтардың) заң жөніндегі əдет – ғұрпын үйренуге арналған
материалдар» жəне  т.б  еңбектерді  жатқызуға  болады. Аталған  еңбектер  бүгінгі  күні  де
ғылыми тұрғыда өз маңызын жоймай келеді.
Бүгінде  аталғандай  халық  арасында  кең  танымал  болған, тұлғалардан  басқа,
Қазақстанның  оңтүстік  аймағына  қатысы  бар, елеулі  еңбек  атқарған  өзге  де  поляк
ұлтының  өкілдері  аз  емес. Қазақ  жерінде  геологиялық  зерттеулер  жүргізген  алғашқы
экспедициялардың  бірі  Алексей  Бутаковтың  экспедициясы  болатын. Экспедиция  патша
үкіметінің құрамына жаңа қосылып жатқан Арал теңізі мен оның жағалауын геологиялық
тұрғыда  зерттеу  үшін  арнайы  жіберілгенді. Нəтижесінде, алғаш  рет  сол  аймақтың
топографиялық  суреттері  де  жасалды. Көмір  кеніштерін  барлайтын  геологтардың  тобын
алдымен  Орынборда  əскери  қызметін  өтеп  жатқан, жер  аударылған  поляк, Варшава
гимназиясының  түлегі  Томаш  Вернер  басқарды. 1848 жылдың  тамыз  айында  теңіздің
жағалауынан жарты шақырымдай жерден көмір кеніштерін тікелей сол ашады [12, 68 б.].
Вернерден кейін Бутаков геологтарын кенші жəне геолог, 1846 жылғы Краков көтерілісіне
қатыспақ  əрекеті  үшін  Орынборға  жер  аударылған  Людвиг  Турно  басқарды. Оның
қызметкерлері  Польша  корольдігінің  Тау –кен  басқармасының  бұрынғы  мамандары  еді,
топ құрамында: Александр Храбчиньский, Роберт Копроковский, Станислав Круликевич,
Хиколит  Плашевский, Северин  Пшелоцкий, Хиполит  Завадский  жəне  Рудольф
Жуковский болды [12, 69 б.].
Қазақ жеріне еңбегі елеулі еңбегі сіңген поляктардың бірі – Ян Козелл – Поклевский.
Аталған тұлға 1837 жылы дүниеге келген. 1858 жылы Николай инженерлік академиясын
бітірген. Мамандығы  бойынша  инженер –құрылысшы. 1863 жылғы  поляк  ұлт –азаттық
көтерілісіне  қатысады. 1863 жылдың  сəуірінен  Ұлттық  үкімет, Əскери  бөлімінің
референті, шілдеден  Варшава  қаласының  коменданты  болады. Көтеріліс  жеңілгеннен
кейін  эмиграцияға  кетеді. Бірақ, 1872 жылы  қайта  оралып, үкіметке  өз  еркімен  беріледі.
Нəтижесінде, Орталық  Азияға, атап  айтқанда, Верный  қаласына  жер  аударылады.
Верныйда  инженер  Ян  Козелл – Поклевскийдің  тікелей  қатысуымен  үлкен  ауқымдағы
жұмыстар  атқарылады. Атап  айтқанда, Түркістан  епархиясы  епископының  үйі  мен
ауласы, Қонақ үй, Бас арық салынып, Кіші Алматы өзені бойында диірмендер негізделеді.
Қаскелең  шатқалында  мəрмар  өндіретін  зауыт  салынады. Ол  алғашқы  болып, Шығыс
Түркістан мен  араны  жалғайтын, Іле  өзеніндегі кемешілік  кəсібін  зерттеді [13, 408 - 409
бб.].   1883 жылы амнистияға ілігеді.

89
Қазақстанның  оңтүстік  аймағының  табиғаты, жануарлар  дүниесі,  этнографиясы,
геодезиясы, геологиялық  қыртыстары  туралы  сөз  болғанда  соңынан  қомақты  зерттеу
жұмыстарын  қалдырған, ұлты поляк  зерттеушілер: Петр  Залевский, Стефан  Козловский,
Рышард Закшевский, ағайынды Юзеф жəне Станислав Жилиньскийлер, танымал инженер,
географ  Бронислав  Громбчевский, Леон  Барщчевский, Кароль  Богданович, Мечислав
Пташицкийді, Владислав Массальскийді, Антони Кульчицкийді [12, 71 -76 бб.] атап өтпеу
мүмкін емес. Бұл өз алдына бір іргелі зерттеуді қажет ететін тақырып.
ХХ  ғасыр    Антанта  мен  Үштік  Одақ  блоктарының  қарым  –  қатынасының  күрт
шиеленісінен  басталды. Саны  көп, əлеуеті  үлкен  поляк  халқының  сеніміне  ие  болу
мақсатында  империялар (Австро – Венгрия, Германия, Ресей)  соғыстан  кейінгі «саяси
жеңілдіктерін» жариялап, поляктарды əскер қатарына ала бастады. Нəтижесінде, поляктар
үш империя əскерлерінің сапында, жекелеген жағдайларда біріне –бірі қарсы соғысты.
 1918 жылы 11 қарашада  батыс  майданында  бейбіт  бітімге  қол  жеткізіліп, əскери
қимылдар  тоқтады. Ұзаққа  созылған  əрі  күрделі  Версаль  конференциясының  барысында
тəуелсіз  Польша  мемлекеті  құрылды [3, 224 -225 бб.]. Бірақ, əскери  тұтқындар  мəселесі
ашық  күйінде  қалып  қойды. Ресми  ақпаратқа  сай, тек  Австро – Венгрия, Германия
мемлекеттерінің өзінен 100 мыңнан астам  ұлты поляк жауынгерлер Ресейдің  тұтқынына
түскен [14, 19 б.]. Жекелегендері  Қазақстан  аумағында  болған  əскери  тұтқындардың  бір
бөлігіне  елдеріне  қайту  мүмкіндігі  берілсе, екіншілері  кеңес  азаматтығын  қабылдап,
қалып қойды.
Ұзақ жылдар Ресей империясының бодандығында болып, тек əкімшілік – аумақтық
бірліктерден тұрған Қазақстан 1920 жылы автономды, ал 1936 жылы КСРО құрамындағы
одақтық  республика  ретінде  қайта  құрылды. 1926 жылғы  халық  санағына  сəйкес
Қазақстандағы  поляктардың  саны – 3 762 адамды  құраған [15] жəне  олар  басым  түрде
саяси  жер  аударылғандардың, Ресей  империясында  түрлі  əскери  жəне  өзге  қызметтерде
болғандардың ұрпақтары еді.
Тəуелсіз  Польша  мен  Кеңес  мемлекетінің (КСРО)  қарым – қатынасы  алғашқы
жылдардан өзара сенімсіздік жағдайында дамыды. Польша батыс мемлекеттерінің жақын
саяси  одақтасы  ретінде  қарастырылса, КСРО  мемлекетке  қауіп  төндіруші  ел  ретінде
бағаланды. Оған  поляктардың  ұзақ  жылдар  Ресейден  көрген  озбырлығы, 1920-21 жж.
кеңес – поляк  соғысы  да  теріс  ықпалын  тигізсе  керек. Кеңес – поляк  қарым –
қатынастарындағы қиындықтар, елдің (КСРО) ұлты поляк азаматтарына да  өз салқынын
тигізді.
1936 жылы  КСРО  Халық  Комиссарлары  Кеңесінің «Украинадан  қоныс
аударушылар» бойынша  қаулысы  қабылданып, «саяси  сенімсіз  элементтер» ретінде
бағаланған  жергілікті  поляктар  басым  түрде  Қазақстанға  күштеп  жер  аударылды.
Депортацияланғандар  негізінен  поляк  жəне  неміс  ұлтынан  құралып, Украинаның
Житомир, Киев, Винница  жəне  Кировоград  облыстарынан  көшірілді [16, 6 б.].  1936
жылдың 20 мамыры  мен 5 маусымы  аралығындағы  алғашқы  депортация  барысында
Қазақстанға – 5570 отбасы алып келінген. Украина мұрағаттарынан табылған деректерге
сəйкес 1936 жылы  Украинадан  Қазақстанға  жалпы  саны 14,9 мың  отбасы
депортацияланып, шамамен, 60 мың  поляктар  мен 10 мың  шамасындағы  немістер
қоныстандырылған [17].
1939 жылдың 23 тамызында Германия мен КСРО арасында «Өзара шабуыл жасаспау
туралы» шарт (Риббентроп – Молотов шарты) жасалып, шартқа құпия  қосымша  хаттама
енгізілді. Хаттамаға негізінде, Германия  мен КСРО  өзара ықпал  ету аймақтарын  бекітіп,
соның  ішінде  Польша  аумағы  да  ықпал  ету  аймақтарына  бөлінді.  1939  жылдың  1
қыркүйегінде  Германия  Польша  аумағына  батыстан  шабуыл  жасап, ІІ  Дүниежүзілік
соғысы  басталды, ал 17 қыркүйегінде  кеңес  əскерлері  құпия  хаттамаға  сəйкес  Шығыс
Польша  аумағына  енеді [18,270-271 бб.]. Барысында, кеңес  үкіметі  енген  аумақтардағы
«саяси  сенімсіз» халықтың  өкілдері  Сібір, Орталық  Азия  мен  Қазақстан  аумақтарына
депортацияланады. Солтүстік  Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Талдықорған, Алматы  жəне

90
Жамбыл 
облыстарының 
аумақтарына 
көшірілгендер 
көтерілісші 
ұйымдар
қатысушыларының  қуғындалған  отбасы  мүшелері, бұрынғы  Поляк  армиясының
офицерлері, поляк  мемлекетінің  полицейлері, түрмедегілері, помещиктері  мен
шенеуніктері  еді.  Ресми мəліметтерге  сəйкес, 1941 жылы  Орталық Азияға  шамамен 150
мыңдай  поляк  мемлекетінің  азаматтары  депортацияланып, олардың 100 мыңдайы
Қазақстан  аумағына  алып  келінді. Бірақ, олардың  ұлттық  құрамы  тек  поляк  халқы
өкілдерінен  тұрған  жоқ [18, 89 б.]. Мұндай  адамдар  тобының  қоныстандырылуы
мемлекеттің (ҚазКСР) ұлттық құрамына елеулі  өзгерістер енгізді.
1941 жылдың 22 маусымы  күні  Германияның  КСРО – ға  шабуыл  жасауы
мемлекеттің  өзгертіп  ұстанымын, 30 шілдеде  Лондон  қаласында  КСРО –ң
Ұлыбританиядағы елшісі И. Майский мен поляк премьері В. Сикорский (эмиграциядағы
Поляк  үкіметі) екі  мемлекет  арасындағы  дипломатиялық  байланыстарды  қайта  орнату
жəне Германияға қарсы соғыста өзара көмек көрсету туралы келісім жасасты [19, 177 б.].
Келісімге сəйкес, КСРО аумағында поляк əскери бөлімдерін құруға уағдаластық жасалды.
Келісімге  қосымша  бекітілген  хаттамада: «Кеңес  үкіметі, осы  уақытта, кеңес  аумағында
қамауда  ұстаудағы  немесе  əскери  тұтқындағы, жəне  өзге  де  жетімді  негіздердегі  поляк
азаматтарына  дипломатиялық  байланыстар  орнаған  сəттен  амнистия  жариялайды»
делінген болатын. Келісімнің орындалу барысы көп күттірмеді. ҚазКСР –ң ХКК –ң 1942
жылғы 23 қаңтардағы қаулысына  сəйкес ел  аумағындағы  поляк  əскери  бөлімдерін Отар,
Луговая  станцияларында, Мерке  ауданында, Оңтүстік  Қазақстан  облысының  Шақпақ
пунктінде орналастыру көрсетілді [20, 177 б.].
Келісім  негізінде  Қазақстандағы  ІІ  Речпосполита  азаматтарының  көпшілігі  Андерс
армиясы  қатарында (генерал  Владислав  Андерс) КСРО аумағынан  шығарылды [18,89-90
бб.].  1942 жылы 1 қыркүйекте Андерс армиясының эвакуациясы толықтай аяқталды. Екі
эвакуация  барысында  КСРО  аумағын 75 491 əскери  қызметкер  жəне 37 756 қатардағы
азаматтар  тастап  шықты [21, 155 – 156 бб.]. Бұрынғы  поляк  мемлекеті  азаматтарының
қалған бөлігі 1945 жылғы 6 шілдедегі кеңес – поляк келісіміне сəйкес КСРО аумағынан өз
отандарына  қоныс  аударды [18, 89 б.]. 1956 жылы  Қазақстандағы  поляк  халқына
орнатылған  арнайы  бақылау  тоқталып, еліміздегі  поляк  ұлтының  өкілдері (кеңестік
поляктар үшін) КСРО аумағында еркін қозғалуға мүмкіндік алды .
Ал  Қазақстан  аумағындағылары  империя  кезеңінде  қоныстанғандардың  ұрпақтары
мен  Украинадан  күштеп  көшірілген  поляктардан  құралды. Халық  санақтарына  сəйкес,
Қазақстандағы  поляктардың  саны 1959 жылы – 53 102 адамды  құраса, 1979 жылы –
61 136, 1999 жылы – 47 297, ал соңғы 2009 жылғы санақ бойынша – 34 057 адамды [22,  21
б.] құраған. Бұл  Республика  халқының 0,2%. Бүгінде  қазақстандық  поляктардың  үлкен
бөлігі – Солтүстік  Қазақстан  облысын  мекендейді. Облыстағы  поляктар  ең  көп
шоғырланған  аумақ – Тайынша  ауданы. Аудан  халқының – 11 467 поляк  халқының
өкілдері [23, 27 б.].
Мақалаға  арқау  болған  Қазақстанның  оңтүстік  аймағына  келер  болсақ, бүгінде
аймақтағы тегі поляк халық саны – 2,5 мың адам шамасында. Алматы облысында – 1221
[24, 5 б.], Алматы қаласында  – 807 [25, 5 б.], Жамбыл облысында – 155  [26, 5 б.] Оңтүстік
Қазақстан  облысында – 136 [27, 5 б.], Қызылорда  облысында - 11 [28, 5 б.] ұлты  поляк
ұлтының өкілдері тұрып жатыр.
Қазақстандық поляктар негізінен христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Орыс
тілді ортаның ықпалымен үлкен ассимилияцияға ұшыраған жəне бұл көрсеткіш аймақтар
бойынша  əркелкі. Мысал  ретінде, сұрау  бойынша  Солтүстік  Қазақстан  облысы
поляктарының небəрі 4,9 % ғана поляк тілін ана тілі ретінде көрсеткен, қалған 95,1 % ана
тілі ретінде өзге халықтың тілін көрсеткен [23, 35 б.]. Ал Алматы облысы поляктарының
27,9 %  ана тілі ретінде поляк тілін көрсетсе, қалған 72, 1 % [24, 46 б.] ана тілі ретінде өзге
тілді  меңзеген. Жəне  бұл  тұрғыда  қала  жəне  ауыл  халқының  арасында  да  өзгерістер
байқалады. Мысалы, сөз  болып  отырған  Алматы  облысы  поляктарының  қалалық  бөлігі
15,1 % ана  тілі  ретінде  поляк  тілін  көрсеткен  болса, қалған  84,9 % [24, 51 б.] ана  тілі

91
ретінде өзге  тілді  көрсеткен. Ауыл  тұрғындары бойынша бұл көрсеткіш  тиісінше 31, 1%
жəне 68,9 % [24, 57 б.] құраған. Алматы  бойынша  бұл  көрсеткіш  өзгеше. Алматы
поляктарының 22,9 % ана тілі ретінде поляк тілін  көрсетсе, қалған 77,1 % [25, 71 б.] ана
тілі ретінде өзге тілді көрсеткен. Тілдік ассимилияция тұрғысындағы жағдайды сараптар
болсақ, жалпы Алматы облысының ауылдық жері мен қаласындағы поляктар басым түрде
ІІ  Речпосполита (1918 -1939 жж. Польша) азаматтарының  ұрпақтары  емес, шығу  тегі
Украиналық  поляктардың  ұрпақтары. Сондықтан, қалалы  жерде  тұрақтағандары  орыс
тілінің  үлкен  ықпалымен  басым  түрде  орыс  тілді  азаматтар  қалыптасқан. Ал  ауылдық
жердегілері  тілі  жақын  украин  ұлтымен  бірге  мекендегендіктен, салыстырмалы  түрде
орыс тілінің ықпалына азырақ ұшыраған.
Қазақстан  тəуелсіздік  алғаннан  бастап  еліміздегі  барша  өзге  ұл  өкілдеріне  тілі  мен
дəстүрін дамытуға қажетті жағдай жасалып келеді. Ел конституциясы «Бiз, ортақ тарихи
тағдыр  бiрiктiрген  Қазақстан  халқы, байырғы  қазақ  жерiнде  мемлекеттiлiк  құра
отырып...» [29, 3 б.] деген  сөздерден  басталады. Алғашқы  кезеңде  тілдік  ахуалға  көңіл
бөлініп, ұлттық  мəдени  орталықтар  құрыла  бастады.  1992 жылы  Қазақстан
халықтарының  алғашқы  форумында  Президент  Н. Назарбаев  республикадағы  барлық
этностарды  консолидациялаушы  қоғамдық  органды  құру  идеясын  көтерген  болатын.
Нəтижесінде, Қазақстан  Халқы  Ассамблеясы  негізделді [30, 14 -15 бб.]. Бүгінгі
қазақстандық  поляк  халқының  өкілдері  мемлекет  халқының  ажырамас  бір  бөлігі.
Қазақстандық поляктар республиканың  дамуына  өз үлестерін  қоса отырып, Қазақстан
мен Польша республикаларының арасында алтын көпір міндетін атқаруда.
1992 жылы  құрылған  Қазақстан  поляктарының  одағы (ҚПО) бүгінде 14 облыстық
жəне  қалалық  бірлестіктерден  тұрады, мүшелер  саны 1700 адамнан  астам [20, 6 б.].
Мемлекет деңгейіндегі ұйымның жұмысы Республикалық үйлестіру кеңесі арқылы жүзеге
асырылады.
Мемлекеттің  оңтүстік  аймағында  поляк  ұлтының  өкілдері  басым  түрде  Алматы
облысында, Алматы  қаласы  мен  оның  маңайында  шоғырланған. Атап  айтар  болсақ,
Алматыда – 807 [25, 5 б.], Еңбекшіқазақ  ауданында  - 418 [24, 21 б.], Талғар ауданында –
269 [24, 37 б.], Іле  ауданында – 248 [24, 42 б.], Талдықорған қаласында -  72 [24, 10 б.],
Ескелді  ауданында  - 64 [24, 38 б.], Қапшағай  қаласында – 61 [24,13 б.],  Қарасай
ауданында – 43 [24,  30  б.]  ұлты  поляк  азаматтар  мекендейді. Өзге  облыстарындағы
көрсеткіш  мынадай: Жамбыл  облысында – 155 адам, оның – 115 Тараз  қаласының
тұрғындары [26, 5 б.]. Оңтүстік Қазақстан  облысында – 136 адам, оның – 111 Шымкент
қаласының  тұрғындары[27, 11 б.]. Қызылорда  облысында – 11 адам, олардың – 9
Қызылорда қаласының тұрғындары [28, 9 б.].
Қазақстан  поляктары одағының, жергілікті  этно – мəдени бірлестіктердің  жұмысы
ұлттық салт – дəстүрлерін, ана тілін оқып – үйренуге бағытталған. Алматыда 1992 жылдан
«Вензь» (қазақша, байланыс) поляк  мəдени  орталығы  жұмыс  жасайды. Тараз  қаласында
«Полонез» этнобірлестігі, Шымкент  қаласында «Ojczyzna» (қазақша, Отан) облыстық
поляк  мəдени  орталығы  жұмыс  атқаруда. Аймақтық  барлық  этно –мəдени  орталықтар
жергілікті əкімдіктермен, облыстық жəне қалалық ассамблеялармен, өзге де этно –мəдени
орталықтармен тығыз антымақтастықта жұмыс атқаруда.
Тəуелсіздік  алған  жылдары  елімізде  ондаған  костелдер  салынып, діни  қызмет
жүргізілуде. Қазақстан  мен  Польшаның  құзырлы  министрліктері  арасында  жасалған
келісімге  сəйкес  қалалар  мен  селолардағы 16 мектепте  поляк  тілінде  сыныптар  жұмыс
жасаса, балалар  мен  үлкендерге  арналған 22 жексенбілік  мектептер  жұмыс  атқарып,
сабақты  Польшадан  шақыртылған  мұғалімдер  жүргізуде. Алматыдағы  шетел  тілдері
университетінде «поляк  тілі  мен  əдебиеті» бөлімі  ашылған [30, 117 -118 бб.]. 2012
жылдың қараша айынан бастап Алматыдағы Поляк мəдени орталығы «Almatynski Kurier

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет