Ассамблея народа казахстана и ее роль в консолидации казахстанского общества



Pdf көрінісі
бет18/41
Дата03.03.2017
өлшемі3,62 Mb.
#6084
түріСборник
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41

Список использованной литературы:
1. Выступление Президента Н.А.Назарбаева на I этническом форуме.
2. Указ  Президента  Республики  Казахстан  от 26 апреля 2002 года  № 856 «О  Стратегии
Ассамблеи  народа  Казахстана  и  Положении  об  Ассамблее  народа  Казахстана» (с  изменениями  и
дополнениями по состоянию на 24.04.2008 г.).
3. Указ  Президента  Республики  Казахстан  от 23 апреля 2005 года  № 1561 «Об  укреплении
института Ассамблеи народов Казахстана».
4. Закон  Республики  Казахстан  от 20 октября 2008 года  № 70-IV «Об  Ассамблее  народа
Казахстана».
5. http://inform.kz
ТАТУЛЫҚ – ТАРТЫЛМАС БАЙЛЫҚ
Ахатаева К.Б.
п.ғ.к., доцент Алматы технологиялық университеті, Алматы қ.
Тоталитарлық тəртіп күшейіп, əміршіл-əкімшіл жүйе толысқан тұсында идеологиялық
өктемдік жасау саясаты жүргізілгені белгілі. Саяси билікті нығайту мақсатын көздеп, кейбір
ұлттарды  Отанынан күштеп қоныс  аударып, тағдыр  тəлкегіне ұшыратқаны  мəлім. Əр түрлі
əлеуметтік жіктер мен аз ұлттарды, этникалық топтарды күштеп жер аударту үшін əміршіл-
əкімшіл  жүйе  жүйе  басшылары  өз  тұсында  оларды «ішкі  жау», «сенімсіз  ұлттар» деп
қаралап, өз тарихи Отандарынан қуғын-сүргінге ұшыратқаны шындық.
«Тоталитаризм» (латын «totatis» - барлығы тұтастай, жиынтық) зорлық-зомбылық пен
қоқан-лоқыны негізіне алған саяси үстемдік жүйесі. Ол бүкіл қоғамды, оның экономикасын
əлеуметтік, мəдени идеологиясын, рухани өмірін, тіпті тұрмыс-тіршілігіне дейін өз уысында
ұстап тұрады [1, 26 б].
Саяси-əкімшілік  тəртіпке  бағынбаған  этникалық  топтарды  қудалау, күштеп  қоныс
аударту мəселелерінің ақиқаты 1990 жылдардың басында ғана ашыла бастады.
Ал 1956 жылы  жеке  басқа  табынушылықты  айыптауға  байланысты  саяси  репрессия
құрбандарын  ақтау  басталып, жаппай  жер  аударылған  халықтар  тағдырында  өзгерістер
болды. Қудаланған  халықтар  этникалық  түр  сипаты  жағынан  əлсірей  түскенімен, олар
Қазақстанда  өздерінің  екінші  Отанын  тапты. Қазақ  халқының  бауырмалдық, кеңпейілдік,
қонақжайлық  қасиеттері  оларды  тəнті  етті. Соның  арқасында  дархан  қазақ  ортасында  еш
жатырқамастан өсіп-өнді. Еліміздің өркендеуіне өз үлестерін тигізіп келеді. Сол бір зобалаң
жылдарда  біріне-бірі  сүйеу, пана  болған  тағдырлас  халықтар  бүгінде, осы  заманғы
өркениеттің  əлемдік  шоғырында  терезесі  тең, демократиялық, нағыз  құқықтық  мемлекет
құрап жатқан Қазақстанның көп ұлтты, біртұтас қауымдастығына айналып отыр.
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ə. Назарбаев  еліміздің  тəуелсіздігінің
алғашқы  жылын  мерекелеу  қарсаңында  Қазақстан  халықтарының  форумын  өткізу  жөнінде
ұсыныс жасады.
1992 жылы  желтоқсанда  Алматы  қаласында  өткен  алқалы  кеңесте  əртүрлі  этностық
топтардың  өздерін  біртұтас  Қазақстан  халқы  ретінде  сезінетіндігі  айқындалды. Осылайша
жаңа  қоғамдық  институт – Қазақстан  халықтары  Ассамблеясының  негізі  қолданды.
«Ассамблея»  - (француздың сөзі, жиналыс) ұғымын білдіреді [1, 28 б].
1935 жылы  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың
басшылығымен  №2066 бұйрығы  негізінде 1-наурызда «Қазақстан  Халықтарының
Ассамблеясы» құрылды [2, 54 б]. Ассамблея – бейүкіметтік, бейсаяси, еліміздің  Президенті
жанындағы кеңесші орган, ол өз қызметін Конституцияға, Ассамблея туралы Ережеге сəйкес

136
жүргізеді. Ассамблея  туралы  Ережеде  оның  мүшелерінің  тең  құқықтары, жариялылық,
демократия сияқты идеялар көрініс тапқан.
1996 жылы  сəуірде  Алматыда  Ассамблея  төрағасы  Н.Ə.Назарбаевтың «Қоғамдық
келісім – Қазақстанның  демократиялық  дамуының  негізі» деген  баяндамасында
мемлекетаралық  ықпалдастықты  тереңдету, егемендікті  нығайту  жəне  Қазақстандық
отаншылдықты қалыптастыру туралы мəселелер көтерілді.
Қазақстан халқына үндеуінде былай делінген:
«Қазақстан халықтарының Ассамблеясы біздің мемлекетіміздің барлық саяси күштерін
тоталитаризмді  қалпына  келтіруді  армандайтын  реакциялық  күштерге  қарсы  тұруға,
қоғамның  сындарлы, əлеуетін  халықтардың  бірлігі, бейбітшілік  пен  əлеуметтік  прогресс
жолында топтасуға шақырамыз!» [3, 1 б].
ҚР  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  бастамасымен  құрылған  Қазақстан  халқы
Ассамблеясы  азаматтық  бейбітшілік  пен  қоғамдық  келісімнің  сақталуындағы  мемлекетте
маңызды  рөл  атқаратын  қоғамдық  институтқа  айналды. Ассамблея – мемлекет  пен  халық
арасындағы  алтын  көпір  болып  табылады. Себебі  Қазақстандағы 130-дан  астам  халықтың
бейбіт өмір сүруінің, олардың мəдениетінің жəне əртүрлі діни сенімдерінің жүзеге асуының
кепілі болатындығы сөзсіз.
Бұл ұйымның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық халықтардың өзекті дейтін
мəселелерін  дау-дамайсыз, жария  түрде, əрі  көп  ұлтты  мүдделерді  есепке  ала  отырып
шешуге бағытталған.
Сол  сияқты  еліміздің  қауіпсіздігі  мен  тұрақтылығына, экономиканың, ғылым  мен
мəдениеттің дамуына ықпал ететіндігі даусыз.
Ассамблея  диаспоралармен  жұмысты  ұйымдастырудың  орталығына  айналды. Оның
жұмыс  органдарына  мемлекеттік  мəртебе  берудің  арқасында  ұлттық – мəдени
орталықтардың өзекті мəселелері шешілетін болды.
Ассамблея кеңесінің шешімімен оның республикалық қоры құрылды. Бұл қор ұлттық –
мəдени орталықтарға қаржы жəне ұйымдық көмек көрсетуге арналған.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – бейбітшілік пен келісімнің қасиетті Отанымызда өмір
сүріп  жатқан  барлық  этностар  достығының  ең  басты  жəне  берік  іргетасы. Ол  елдігіміздің
қалыптасуы, Тəуелсіздігіміздің 
нығаю 
тарихында 
Қазақстан 
Республикасының
Конституциясының  жалпы  халық  болып  қабылдауда, терең  экономикалық  реформалар
жүргізуде жəне қоғамымыздың əлеуметтік жəне саяси негізін ауқымды жаңғыртуда айрықша
рөл атқарды.
Елбасы  Н.Ə.Назарбаев: «Қазақстан  халқы  Ассемблеясы – біздің  көп  ұлтты
халқымыздың  бірлігін  сақтайтын  мəңгілік  қорғанына  айналды. Ол  бірлік, тұрақтылық,
толеранттық, жалпыға  ортақ  еңбек, құндылықтарымызды  Қазақстандықтардың  санасына
сіңіруде. Ол  ел  азаматтарының жүрегіне  мəңгілік  елімізге  жəне  Қазақстан  атты  теңдесіз  де
тату  отбасының  мүшесі  екеніне  деген  мақтаныш  сезімі  мен  жоғары  жауапкершілігін
ұялатады» [4, 1 б].
Ия, мемлекет  басшысының  көп  ұлтты  Қазақстан  Республикасын  ынтымақтастыққа
жұмылдырудағы  саясаты – еліміздің  өркендеуіне  бағыт  беріп  отырған  көрегенділігін  анық
аңғарамыз.
Сонау  ежелден-ақ  ата-бабаларымыз  елдің  бірлігін  сақтауға  айрықша  көңіл  аударған.
«Ынтымақты елден ырыс кетпейді», «Бірлік болмай, тірліс болмас», «Татулық – тартылмас
байлық» деген даналық нақылдары соны аңғартса керек. Міне, елбасының басты назары да
ата-бабаларымыздың  ұстанымын  жалғастырып, қауіпсіздік, тыныштық, өзара  түсіністік
сияқты  құндылықтарымызды  барша  əлемге  насихаттаумен  келеді. Жуырда  ғана  Қазақстан
халқы  Ассамблеясы  кеңес  мүшелерінің  Президент  сайлауын  мерзімінен  бұрын  өткізу  үшін
жариялаған  Үндеуін, Қазақстандықтардың  бірауыздан  мақұлдауының  маңызы  зор. Оған
жауап ретінде Н.Ə.Назарбаев былай деген еді: «Біз өресі биік,  рухы берік, отаншыл елміз.

137
Біз үшін туған елдің бір  уыс топырағынан қасиетті жер жоқ, бір түп жусаннан жұпар
иіс  жоқ. Елдің  бірлігін  нығайтып, Отанымызды  көркейтуге  бағытталған  кез-келген  ұсыныс
мен үшін құнды» [5, 1 б].
Кезінде  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Бас  хатшысы  болған  Қофи  Аннан «Қазақстан
халықтар Ассамблеясын шағын Біріккен Ұлттар Ұйымы» - деп атаған [6, 212 б].
Осы  тұрғыдан, татулықтың  арқасында  мемлекеттік  саясатты  байыпты  жүргізе  білу  де
үлкен өнер.
СондықтанҚазақстан  халқы  Ассамблеясы  идеяларына  адалдықты, тұрақтылықты,
достықты жəне бақ-берекені сақтаудағы əрбір азаматтың жауапкершілігі кезек күттірмейтін
мəселе.
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
1. Философиялық сөздік «Қазақ энциклопедиясы» Алматы, 1996 ж.
2. Б.Ө.Жақып, Н.Ə.Назарбаев – Тəуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы – Алматы, 2010 ж.
3. Қазақстан халқына Ундеуі. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. 1996 ж. 29-сəуір
4. Мемлекет  басшысының  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының 20 жылдығымен  құттықтауы. //
Президент жəне халық // 2015 6-наурыз
5. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Ундеуі // Президент жəне халық // 2015 27-ақпан
6. Н.Назарбаев – этносаралық жəне конфессияаралық келісімнің Қазақстандық үлгісінің негізін
қалаушы. – Алматы, 2006 ж. 212б.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА
ƏЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ШОЛУ
Байғабылов Н.О.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, Астана қ.
Қазақстан  Республикасы  тəуелсіздігін  алғаннан  кейін  қазақ  этносының  жəне  оның
əртүрлі кезеңде  халық  пен  этнос ретінде қалыптасу саясатымен  байланысты  өткен тарихын
зерттеу  мүмкіндігі  туды. Демек, Қазақстан  этнологиясы  үшін  төл  этностың  шығу  тегі
мəселелерін жан-жақты оқудан маңызды міндет жоқ.
Жеке  ғалымдардың  пікірі  бойынша, этнос  ортақ  тарихи  тағдыры, өзіндік  санасы, тіл,
мəдениетінің  ортақтығымен  біріккен  адамдардың  үлкен  қоғамдастығы  этнология - бұл,
этностарды немесе халықтарды зерттейтін ғылым [1]
Ұлт  пен  этнос  ұғымдарын  бір-біріне  жақын, қос  ұғымды  алмастыра  пайдалану
обьективті шындықты бұрмалау болмайды, əлеуметтік шындықтан алыстатпайды.
Этнос  деп  ортақ  тілі,  қалыптасқан  мəдениеті,  біріктіруші  салт-дəстүрі  мен  ділі  бар
адамдардың əлеуметтік қауымдастығын атайды. Сонымен бірге көптеген этностардың ортақ
аймағы, ортақ  экономикасы, сол  этнос  өкілдерін  біріктіретін  мемлекеті  болады. Этнос
қалыптасуында адамдар бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетикалық тегі де маңызды
рөл атқарады. Осындай талаптар тұрғысынан қарастырғанда, ұлт жəне этнос ұғымдары бір-
біріне  өте  жақын; екіншісінен  біріншісі  туып, қалыптасады. Этнос  этникалық  қасиеттердің
жəне  сапалардың  толысқан, піскен  кезеңі  деп  бағалауға  болады. Этностар  этникалық
белгілерге қоса, саяси, экономикалық жəне əлеуметтік белгілерге ие болады.
Əлемдік  философиялық  жəне  саяси-əлеуметтік  ойда «ұлт», «этнос» категориялары
туралы  бір арнаға тоғысқан  түсінік осы  күнге дейін  жоқ. Сондықтан ұлт, этнос  ұғымдарын
дұрыс  түсінудің  ғылыми  ғана  емес, саяси-практикалық  маңызы  да  өте  өзекті. Бұл  ұғымдар
əлемде  болып  жатқан  этникалық  қайшылықтарды, қақтығыстар  мен  соғыстар  мəселесін
шешуде дұрыс жолды таңдауға көмектеседі. Себебі, этникалық қайшылықтар қазіргі əлемдік
қатынастардағы  ең  күрделі  қайшылықтар  қатарында  қалып  отыр. Этникалық  үрдістер  өте
күрделі, құпия  құбылыстар  мен  ланттеті  субъективті  факторларға  тікелей  қатысты.
Жаһандану  заманында  этностық  өмірді  сақтау, жандандыру  үшін  күрес  бір  сəт  толастамай

138
отыр. Көптеген  халықтар  мен  этностар  тəуелсіз  мемлекет  құруға  ұмтылыс  жасауда.
Этностық өмірді күйретіп, біріккен жаңа ортақ этнос жасауға ұмтылған Кеңес Одағы сияқты
мемлекеттер  этностық  өмірдің  табиғи  жандануына  қарсы  күресте  дəрменсіздік  көрсетіп
күйреді [2-3].
Ұлт дегеніміз-тарихи ұзақ кезең барысында тайпалар, рулар мен тайпалық одақтардың,
нəсілдердің бірігуі мен араласуының нəтижесінде тарихи қалыптасып, əлеуметтік-этникалық
бірлік, экономика, территория, тіл, діл, мемлекет сияқты белгілермен тығыз өрілген қандық-
тектік (генетикалық) тұтастығы  бір  жəне  антропологиялық  бірегейлікпен  байланысқан
адамдар  жиынтығы.  Ал  қазақ ұлтын қалыптастырушы, этнос жасаушы белгілеріне келетін
болсақ, шешуші негіз ретінде – ортақ территория, мемлекет, тіл, салт-дəстүрлер мен діл, дін,
психологиялық ерекшелік жəне бір этногенетикалық тектің болуын айтуымызға болады.
Қазақ  халқына  қатысты «этнос» жəне «ұлт» деген  ұғымдарды  қолдануға  болады. Бұл
деңгейлердің ерекшелігі – этногенетикалық тегінің, дəстүр – салты мен рухани мəдениетінің
ортақтығы жағынан қазақ халқы этнос, ал, ортақ территориясы, ортақ шаруашылығы, өзіндік
мемлекеттілігі  болуы  қазақ  этносын  ұлт  деңгейіне  көтереді.  Оның  мəнісі  былай:  «этнос»  -
«халық, тайпа» деген түсінікті білдіретін сөзі. «Этнос» терминін екі мағынада түсінген абзал:
біріншіден, этникос; екіншіден, этноəлеуметтік  организм  ретінде. Бір  этникосқа  өз  елінің
ауқымынан  тыс  жерлерде  тіршілік  етуші  сол  этностың  барлық  топтары  жатады.  Мысалы,
Түркиядағы, Қытайдағы, Германиядағы  жəне əлемдегі басқа да елдердегі шашырап жатқан
қазақтар  біртұтас  этникос  құрайды. Ал, этноəлеуметтік  организм  міндетті  түрде  ұлттық
мемлекеттілікпен  үзілмес  бірлікте. Мысалы, қазақы  этноəлеуметтік  организмге  міндетті
түрде  тек  Қазақстан  Республикасында  тұратын  қазақтар  ғана  жатады. Сондықтан.
Қазақстанның тарихи иесі – қазақ  халқы, ол титулды, яғни төл этнос. Ал басқа ұлттар мен
ұлыстардың  кірме  өкілдері  Қазақстанды  Отаным  деп  есептейтін, оның  тең  құқықты
азаматтары, қазақ этносымен тыныс-тіршілігі тағдырлас республика тұрғындары.  Бұлардың
барлығы да ұлттық процестердегі өзара қатынасқа түсуші субьектілер болып табылады. Бұл
қатынас  ұлтаралық  жəне  этникааралық  сипатта  жүреді: ұлтаралық  қатынастар – жеке
мемлекет шеңберінен шығып, мемлекетаралық қатынастарға араласып, жекелеген ұлттардың
əлемнің  басқа  ұлттарымен  ара-қатынасын  көрсететін  ауқымы  кең  деңгей. Ал  этникаарлық
қатынастың  ауқымы  тар-ол  көпұлтты  мемлекет  шеңберіндегі  түрлі  этникалық  топтардың
қарым-қатынасын көрсетеді [4].
Қазіргі  ғылыми  əдебиеттерде  этнос  мəселесін, этностық  қатынастар  мен  этностық
қозғалыстарды зерделейтін əлеуметтану, философиялық, саясаттану, мəденеиеттану, тарихи-
этнологиялық  жəне  психологиялық  зерттеулер  басым.  Бұл  туралы  К.Марданов,
Ə.Нысанбаев, Б.Аяғанов, Ш.Құрманбаева, М.Əшімбаев, А.Бижанов, Е.Ертісбаев,
С.Жүсіпова, Р.Қадыржанов, А.Нұрмағанбетов, Е.Қарин, С.Көшкембаев, Г.Насимова,
Р.Нұртаза, Г.Нұрымбетова, А.Рахимова, Д.Сатпаев, Б.Сұлтанов, А.Шоманов жəне тағы басқа
қазақстандықтардың еңбектерінде кездеседі.
Қазақстан  əлемдегі  көп  ұлттар  қоныстанған  мемлекеттердің  бірі. Онда  тегі, тілі,
мəдениеті əр түрлі, бірак тарихи тағдыры ортақ 130 ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар) тұрады.
Оларды  əлеуметтік-тарихи  жəне əлеуметтік-мəдени  жəне био-антропологиялық тұрғыда  үш
топқа жіктеуге болады:
1) еліміздің негізгі халқы қазақтар;
2) бұрынғы КСРО республикаларында тұратын ұлттар тобы
(орыстар, украиндар, белорустар мен молдавандар);
3) алыс  шет  елдерде  тұратын  ұлттар  тобы (немістер, поляктар, еврейлер, кəрістер,
гректер).
Қазақтар-елдің  байырғы  тұрғындары  жəне  мемлекетті  қалыптастырушы  этнос, ал
қалған  халықтардың  өкілдері  Қазақстанға  əр  түрлі  себептермен  жəне  белгілі  бір  тарихи
кезеңдерде  көшіп  келгендер. Осыған  байланысты, республика  халқының  көп  ұлтты
(полиэтностық) құрамы – əртүрлі  мақсатты  себептермен: патшалық  Ресей  кезіндегі
қоныстандыру, КСРО кезіндегі индустрияландыру, тың көтеру жəне 1941-1945 жылғы соғыс

139
жылдарындағы  депортациялық  қоныс  аудару  яғни  жаппай  көші-қонның  нəтижесі  деп
тұжырымдауға болады.
Қазақстан  Республикасының  статистика  агенттігінің  мəліметтеріне  сүйенсек, 2009
жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны
16009,6 мың адамды құрады.
Санақ аралық  кезең  ішінде республика  халқының  саны 1028,3 мың  адамға  өсті, өткен
1999 жылғы санақпен салыстырғанда халық санының өсімі 63,9 % құрады.
Қазақтар саны өткен санақпен салыстырғанда 26,0 %-ға өсті жəне 10096,8 мың адамды
құрады. Елімізде өзбектер саны 23,3 %-ға өсіп, 457,0 мың адамды, ұйғырлар–6,8 %-ға өсіп,
224,7 мың  адамды  құрады. Орыстар  саны 15,3 %-ға  азайып, 3793,8 мың  адамды  құрады,
немістер-49,5 %-ға  азайып, 178,4 мың  адамды, украиндар–39,1 %-ға  азайып, 333,0 мың
адамды, татарлар–18,0 %-ға  азайып, 204,2 мың  адамды, басқа  этностар - 4,8 %-ға  азайып,
721,7 мың адамды құрады.
Ел  халқының  жалпы  санындағы  қазақтардың  үлесі 63,9 %-ды, орыстар-23,7 %-ды,
өзбектер-2,9 %-ды, украиндар–2,1 %-ды, ұйғырлар – 1,4 %-ды, татарлар-1,3 %-ды, немістер-
1,1 %-ды жəне  басқа  этностар-4,5 %-ды құрады [5]. Еуропалық  ұлт  өкілдері елімізде кеміп,
өзбек ұлты өсімділігің байқатып отыр. Қазақтар бүгінде өз атамекенінде негізгі басымдылық
танытып, моноұлттық мəртебеге ие болып отырғаны əлеуметтік шындық.
Көп  ұлттардың  атамекеніне  айналған  Қазақстан  Республикасында  ұлтаралық  қатынас
ерекше  көңіл  аударуды  қажет  ететін  мəселелер  қатарына  жатады. Қазақстан  жерін
мекендейтін  халықтардың  достық, туысқандық  қарым-қатынасы, оларды  біртұтас  мақсатқа
жетелейтін  жетекші  ұлттық  мүдде  болуы  қазіргі  саясаттың  маңызды  бөлігіне  айналды.
Ұлттық  мүдде  дегеніміз  сол  ұлттың  рухани,  əлеуметтік,  қоғамдық  дамуында  шешуші  роль
атқаратын  оның  басты  белгілері. Біздің  пайымдауымызша  бүгінгі  күні  қазақ  халқының
мемлекет құрушы ұлт ретінде оның басты мүдделері – тəуелсіздігіміздің нығаюы, жеріміздің
тұтастығы, тіліміздің  дамуы, дініміздің  сақталуы, салт-дəстүріміздің  өркендеуі  жəне
атамекенімізде  қоныстанған  өзге  ұлт  өкілдеріне  ұлттық  құндылықтарының  сақталуына
мүмкіндігінше жағдай жасау.
Бүгінгі  күні  Қазақстан  тұрақты  мемлекет . Этносаралық  қатынастың  оң  дамуының
себептерінің  бірі  Қазақстанның  құқықтық  мемлекет  болуында. Республика  территоиясында
тұратын барлық халықтарға этносына, діни сеніміне, саяси көқарасына қарамастан тең құқық
пен  бостандық  берілген. Əрбір  Қазақстан  азаматының  мəдени, рухани  дамуы  қамтамасыз
етілген , ана  тілінде  сөйлеп  түсінісуге, этносытық  мұраларын, дəстүрлері  мен  рухани
бағдарларын  сақтап  көбейтуге  құқығы  бар. Қазақстанның  негізгі  заңы  Конституця  нəсілдік
белгілері, этностық тілге, дінге қатысы бойынша қандай-да бір кемсітуге тыйым салады, ана
тілінде сөйлеуге, мəдениетін қолдауға жəне басқа да көптеген бостандықтар мен құқықтарға
кепілдік  береді. Осыған  байланысты  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының
«этносаралық  келісімді  бұзуға  қабілетті  кез-келген  əрекет  конституцияға  қарсы  деп
танылады» деген 38 бабының 2 тармағында, бұл өте маңызды [6].
Қазақстан  көп  ұлт  өкілдері  шоғырланған  республика  болғандықтан, əрбір  ұлт
өкілдерінің ол үлкен, яғни сан жағынан көп не аз болғанына қарамастан олардыың өзіне тəн
ұлттық  ерекшеліктеріне  сыйласымдылықпен  қарайды. Себебі, олардың  ұлттық  мəдени, тіл,
əдет-ғұрып, дəстүр, шаруашылық, психологиялық  ерекшеліктерін  ескермеу, талап
тілектеріне  немқұрайлық  таныту, тікелей  не  жанамалай  түрде  болсын  ұлттық  мүдеге  шек
қою  ұлт  өкілдері  арасында  араздық, алауыздық  туғызатыны  белгілі  жəне  əлеуметтік
мемлекет құндылықтарына қайшы.
Этносаралық  қатынас  дегеніміз  этностар, этникалық  топтар  арасындағы  ішкі  өзара
əлеуметтік қарым-қатынастар. Бүгінгі күні этникааралық қатынастар саласында келісім мен
бейбітшіліктің  осалдығын  мойындау  қажет, өйткені  олар  адамдар  арасындағы
қатынастардың  өте  нəзік  саласы  болып  табылады. Этносаралық  қатынастарды  реттеу
мəселесінің  тарихи  тамыры  тереңде  жатыр. Бұл  мəселелер  əлемнің  көптеген  елдерінде
кездеседі. Қазақстанда одан тыс қалған жоқ.

140
Елдегі этноəлеуметтік-саяси жағдайды талдай келе Н.Ə.Назарбаев этностық-этникалық
сұрақтарды  шешудің  үш  тəсілің  атап  көрсетті. «Бірінші – кейбір  елдер  басып-жаншу
саясатын  жүргізеді» бұл көп этносты тұрғыны бар, қоныс аударғандарды бауырындай құшақ
жая қарсы алған Қазақстан халқына тəн емес. Екінші-өз-өзімен шешіледі деп сеніп, этностық
сұрақтарға    ешқандайда  мəн  бермеу.  Бірақ  бұл  тығырықтан  шығармайды.  Тек  үшінші  жол
көлемді  еңбек  етіп, тер  төгуді  қажет  ететін  біз  таңдаған  жалғыз  дұрыс  жол. Бұл  жанасу
нүктесін іздеу, халықтар арасындағы келісім мен сенім аясын кеңейту [7].
Өткен  ғасырдың  басында  теориялық  тұрғыда  негізделген  бұл  қағидаға  Кеңес  үкіметі
назар  аудармады, ал  ғалымдар  ұлт  мəселесін  көтеруге «ұлтшыл» деп  айыпталудан
қауіптеніп, бұл маңызды мəселенің өткір тұстарын айналып өтті. Осы жағдай бұрынғы Кеңес
Одағында  ұлттық  проблемаларыдың  шешілмеуінен, олардың  шамадан  тыс  жинақталуын
туғызды. Нəтижесінде  қоғамның  этномəдени  өмірі  бұзылды, этностар  өздеріне  тəн
этникалық  ерекшеліктерің  жоғалта  бастады. Таулы  Карабах  оқиғаларың  алмағанда, тек
Қазақстанның  өзінде 1979 жылғы  Ерейментау  оқиғасы, 1986 жылғы  желтоқсан  оқиғалары
осы құбылыстың нəтижесі. Ақиқатына келсек, сан жағынан аз ұлттардың белгілі бір тарихи
кеңістік  пен  уақытта  жойылуына, жоғалуына  əкелді. Ұлттық  мемлекеті  бар  қазақ  халқы  да
ұлттық  дағдарысқа  душар  болды.  Əр  ұлт  үшін  басты  құндылық  ана  тілі,  сол  кезеңде  қазақ
тілі  күнделікті  тұрмыстық  қатынас  тіліне  ғана  айналды, мемлекеттік  қарым  қатынас  ресми
құжаттар жəне ғылым тілінен біртіндеп ығыстырылып шығарылды. Мемлекеттік саясат 1930
жылдан  бастап  тіл  мəселесін  ескермеді,  соңғы  40-50  жыл  бойы  Қазақстанның  қоғамдық
өмірінің  барлық  саласынан  қазақ  тілі  ығыстырылды  жəне  қазіргі  дейін  орны  толмай  отыр.
Себебі, қазақ  тілі  əлеуметтік  қажеттілік  жоқ  салдарынан  қызметтік  мəні  төмендеп, қазақ
тұрғындарының кейбір бөлігінің ана тілің білмеуі мен меңгермеуіне əкелді. Сонымен, елдегі
тəуелсіздіктің  алғашқы  жылдарында  болған  мемлекеттіліктің  жаңғыруының  күрделі  үрдісі
этностық сана мен қазақ тілі мəртебесінің жаңғыруымен тығыз байланысты.
Кеңес Одағы ыдырар алдында елде бұрын байқалмаған толқулар күшейді. Н.Назарбаев
«Ғасырлар  тоғысында» кітабында: «Ең  қауіптісі-олар  таза  ұлттық cипат  ала  бастады. Ұлт
мəселесінің соншалық асқындауы əуелі теориялық дəрменсіздіктен етек алды», - деп жазды
[8]. Ал XX ғасырдың соңында тек Кеңестер елінде ғана емес, бүкіл əлемде ауқымды ұлттық
оянудың үдере  бас көтеруі басталған  болатын. Бүгінде  Қазақстан жаңа дəуірге  бейімделген
өзіндік  жолын  таңдап  алды. Ел  Президенті  өзгерген  жағдайға  сəйкес  жаңа  мемлекет  құра
отырып, қоғамда жаңа қатынастар жүйесін қалыптастыру мен жетілдіру бағыты қажеттілігін
күн  тəртібіне  қойды. Қазақстандық  ғалымдар  əлемдік  ұлт  мəселесіне  қатысты  тəжірибені
зерттеп, өзіне  тəн  ұлттық, діни  ерекшеліктері  бар  Қазақстан  жағдайында  мəселені  шешу
жолдарын іздеді.
«Қазақстан – 2030» стратегиялық  даму  бағдарламасында   ұзақ  мерзімді  басым
мақсаттар  мен  оларды  іске  асыру  стратегиялардың  аясында ұзақ  мерзімді  жеті
басымдықтың  екіншісі  ретінде  ішкі  саяси  тұрақтылық  пен  қоғамның  топтасуы  атап
көрестіледі. Ішкі  саяси  тұрақтылық  жəне  қоғамды  біріктіру  ұлтаралық  қатынастар
саясатында, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауда басты бағдарлама болатыны айқын.
Қазақстандықтар  үшін  əлеуметтік  саладағы  негізгі  құндылық:- ұлтаралық  таулықты
сақтау, көп  ұлттардың  өкілдері  бар  Қазақстан  жағдайында  бірін  бірі  түсіну, сену  мен
құрметтеу  жəне  азаматтық  келісімді  орнықтыру. Ұлтаралық  татулық  сақталмайынша,
азаматтық  келісім  болмайынша  экономикалық  даму, саяси  тұрақтылық, халықтың  əл-
ауқатын көтеру мүмкін емес. Ұлтаралық тұрақсыздықтан, шиеленістен ешбір ұлт өкілдерінің
ұтысқа шығуы мүмкін емес.
Осы орайда Павлодарлық қоғамдық пікірді зерттеу орталығының 2013 жылы 24 наурыз
бен 4-ші сəуірі аралығында Қазақстандық қоғамның саяси-əлеуметтік көңіл  күйіне қатысты
сандық əдіспен жүргізілген сауалнама  нəтижелеріне мəн берсек [9].

141

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет