Кәсіби қазақ тілі Жазылуы: Талдықорған, Ботакөз, Тынысбек, тас бер.
в) Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары дауыс-
тыға, я үндіге, я ұяңға аяқталып, екінші сыңары қатаң дыбыстан
басталса, айтылуда қатаң дыбыс ұяңданып естіледі, бірақ жазғанда
түбірі сақталады. Мысалы:
Айтылуы: Жаңағорған, кім гелді?
Жазылуы: Жаңақорған, кім келді?
Кейінді ықпал (Регрессивная ассимиляция)
Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен
бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз.
Сөздің соңғы дыбысы қатаң к, қ, п болып, жалғанатын қосым-
ша дауыстыдан басталса, олар ұяңға (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады,
кейде п дыбысы у-ға айналады.
Мысалы: күнделік (дневник) + і = күнделігі (его/ее дневник),
сұрақ (вопрос) + ы = сұрағы (его/ее вопрос), топ (группа) + ы =
тобы (их группа).