Тоғыспалы ықпал (Перекрестное влияние)
Сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының аралығындағы
көршілес дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер
етіп, екеуінің де басқа дыбысқа ауысуын тоғыспалы ықпал дейміз.
Бірақ жазуда бұл дыбыстық өзгеріс ескерілмейді. Мысалы:
Айтылуы: Дошшан, Жаңғожа, Жаңғара.
Жазылуы: Досжан, Жанқожа, Жанқара.
7-тапсырма. Төменде берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем
құрастырыңыз.
Жаһандану, өркениет, республика, президент, жастар, бәсекелес-
тік, келешек, білім, білік, журналист, тілші, мемлекет.
8-тапсырма. Төмендегі сөздерге -ы,-і тәуелдік жалғауларын
жалғап, өзгеру себептерін түсіндіріңіз.
Мамандық, талап, тақырып, байлық, денсаулық, ынтымақ, бір-
лік, достық, болашақ, көлік, куәлік, бостандық, еркіндік, мүмкіндік,
игілік, парақ, сұрақ, талап, айып.
|