171
Кәсіби қазақ тілі
22-сабақ
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕРГЕ КЕҢЕС
Тележурналист өзінің күнделікті өмірінде ұстануы қажет он
екі түрлі практикалық кеңесті жадында сақтауы керек.
1. Көрерменді өзіңізге тарту үшін қолдан келгеннің бәрін жаса-
ңыз.
Қабілеттілік, алғырлық мүмкіндіктеріңіз болса пайдаланыңыз.
2. Көрерменді өзіңіздің сұхбаттасушыңыз деп біліңіз. Егер
көрерменнің сенімінен шыға алмайтындай болсаңыз, эфирге
шықпаңыз.
3. Белгілі бір мәселе жөнінде толықтай терең білмесеңіз де,
оны сезінетін түйсігіңіз болсын.
4. Өзіңізге лайық жеке тақырыбыңыз болғаны абзал.
5. Үнемі қызықты әрі тартымды көріне біліңіз.
6. Телехабардың бас кейіпкері кім екенін үнемі жадыңызда
сақтаңыз.
7. Мәдениетті әрі сыпайы болыңыз. Көрерменді де, өзіңізді
де құрметтеңіз. Анайы сөздерден аулақ болып, ебедейсіз қимыл,
қозғалыстан, жарасымсыз киім киюден аулақ болыңыз.
8. Өзгелердің сөзіне зейін қойып тыңдап үйреніңіз.
9. Көрерменнің психологиясын сезіне білген абзал.
10. Байқағыш, қырағы әрі қызықтай білетін қабілетіңіз болсын.
11. Қиын жағдайдан тез әрі ыңғайлы тәсілмен шыға білетін
шеберлікті игеру қажет.
12. Мұның бәрі мамандығыңызды шеберлікпен игергенде
ғана мүмкін болмақ.
Бұған Ұлы Британия «Би-Би-Си» корпорациясының телеха-
барға қатысушыларға «көзді аударып-төңкеруге, ерінді сылпылда-
туға, саусақты жұлқылауға, қабақты түюге, өтірік күлуге, үстелге
бауырлап жатып алуға тыйым салынатындығын» үнемі ескертуден
жалықпайтынын қосып қоюдың еш артықтығы жоқ деп білеміз.