234
Жағыпарова Майра
Сатиралық жанр – әлеуметтік тұрмыстағы келеңсіз құбылыс-
тар мен кертартпа қылықтарды юморлық не сатиралық пішіммен
әшкерелейді, кемшіліктерді жоюға шақырады.
Саунд-инженер – техникаға және эфирдің техникалық жаб-
дықталуына жауап беретін адам.
Сенсация – қоғамды, жұртты дүрліктірген, шу көтерген әлдебір
оқиға, хабар.
Сценарий – экранда көрсетілетін телехабарлардың композиция-
лық, сюжеттік желісі, жобасы. Жүргізушінің немесе диктордың
қысқаша мазмұндалған мәтін жүйесі. Онда берілетін хабардың про-
цесі, реті қалай болатыны айқындалып, көрсетіледі. Соның негізін-
де
хабар дайындалып, экранға шығарылады.
Оттиск – терілген беттің типографиядағы алғашқы байқау ба-
сылымы.
Очерк – көркем жанрға жатады, публицистикалық сарында жа-
зылады. Негізінен фактіге құрылады, ойдан шығарылмайды. Оқиға,
фактілер зерттеліп, баяндалады. Оның кейіпкерлері өмірде бар
адамдар, нақты деректер баяндалады. Көбіне кейіпкерлер бейнесі
суреттеліп беріледі.
Памфлет – заманға кереғар, қоғамдық-саяси өмірдегі кейбір
келеңсіз құбылысты, сондай-ақ әлдебір жеке қайраткерлер туралы
әшкерелеу, келемеж мақсатындағы актуальды көркем публицис-
тикалық сатиралық шығарма.
Парадокс – әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек, күтпеген то-
сын пікір, құбылыс.
Парафраза – басқа біреудің мәтінін, ойын өзіндік сөзбен жеткі-
зу, сипаттау.
Достарыңызбен бөлісу: