Кәсіби қазақ тілі Репортер – болған оқиғалар туралы жергілікті жердегі мәлімет-
тер беретін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
Ресми хабар – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
одан әрi тарату мақсатымен мемлекеттiк органдар беретiн ақпа-
рат.
Ретрансляция – техникалық құралдарды пайдалануға қара-
мастан, басқа бұқаралық ақпарат құралының теле- немесе радио
бағдарламаларын (теле- немесе радио хабарларының жиынтығы)
қабылдау және бір мезгілде не жазып алып, толық және өзгеріссіз
тарату.
Реттеуші редактор – бас редакторға тәуелді. Ол ақпарат бөлімі-
не басшылық етіп, өз қызметінде бас редактормен келісіп отырады.
Реттеуші редактор – ақпарат бөлімінің қожайыны.
Реттеуші редактордың көмекшісі – басшысы болмаған кезде
оның жұмысын түгелдей өз мойнына алады. Өзге уақытта басқа
жұмыстармен айналысады. Ақпарат бөлімінің жылдық қаржы ба-
лансын дайындайды.
Рецензия – пікір – (көркем шығарма, ғылыми еңбек, спектакль
т.б. туралы сын, пікір).
Рубрика – газет бетіндегі біріктіріліп берілген материалдарға,
сондай-ақ жүйелі түрде жарияланып тұратын кезеңдік материал-
дарға тағылатын ортақ айдар.
Тақырып – автор тарапынан ең маңызды деп табылған мәсе-
ленің атауы. Белгілі бір мәселені көтеру.