115
Ақ шашты ана:
– Ол қазір оркестрді басқарады, дирижер, қаладағы ең үлкен театрда, шы-
нымен менің ұлымды білмейсің бе? – деді. Әрине, Қара шашты ана белгілі
сазгерді жақсы білетін еді, үлкен табыстары жөнінде жақында ғана оқыған-ды.
– Ал, сенің ұлың қайда, кім болды? - деп сұрады Ақ шашты ана.
– Егінші. Колхозда тракторист, комбайнер, фирмада да жұмыс істейді дейді,
- Қара шашты ана. Көктемнен күзге дейін, қар түскенше менің ұлым егін салады,
егін жинайды, жер жыртады сөйтіп отбасын асырайды. Біз ауылда тұрамыз. Оның
екі баласы бар, қызы және ұлы.
– Сонда да сені бақыт айналып өткен екен, сенің ұлың ешкімге белгісіз,
қарапайым адам болыпты, - дейді Ақ шашты ана.
Қара шашты ана жауап қайтармады. Бір күн өтпей жатып Қара шашты ананың
баласы алыстағы ауылдан келді. Анасымен сыбырласып ұзақ сөйлесті. Қара шашты
ананың көзі қуаныштан нұр шашты. Ұлы кетіп бара жатып, үстелге жүзім, бал,
алма қойып, «тез жазылыңыз», - деп анасының бетінен сүйіп қоштасты.
Ал Ақ шашты анаға ешкім келген жоқ.
– Менің балам қазір концерт қойып жүр. Әйтпесе, келер еді, - деді ол. Қара
шашты ананың баласы күн сайын бал, алма, қарбыз, өз қолымен өсірген бидайдан
пісірілген хош иісті нан әкеліп, келіп тұрды.
Қара шашты ана баласы келген сайын қуаныштан жазылып келе
жатқандай еді.
Ақ шашты анаға ақыры ешкім келген жоқ. Бір ай өтті. Дәрігерлер Қарашашты
анаға: «Сіз толықтай сап-сау адамсыз, жүрегіңізде шу жоқ, соғысы таза», – деді.
Ақ шашты анаға ....
«Сізге әлі де жату керек. Сіз де жазыласыз», – деді. Осыны айтып, дәрігер
терезеге қарады (неге екені белгісіз).
Қара шашты ананы алып кетуге ұлы келді. Бірнеше қызыл раушан гүлдерін
барлық дәрігерлерге үлестірді. Бәрінің жүзінде күлкі пайда болды.
Қара шашты анамен қоштасарда Ақ шашты ана:
– Қымбаттым, сен өз ұлыңды қалай тәрбиелегеніңді айтшы? Сен бақытты
екенсің, ал мен... – деп көз жасын төгіп жіберді.
– Мен саған шындықты айтайын, – деді Қара шашты ана.
– Сенің ұлыңмен бір күнде туған ұлым қайтыс болған, ал мына балам –
асырап алған ұлым! Мен оны үш жасынан асырап алдым. Осы күндері менің қалай
қиналғанымды білсең ғой, сен үшін тіпті ауруханадан кеткім келген еді, менің
ұлымның әр келгені саған уайым, қобалжу әкелді ғой.
– Мен адамды жүрегіммен сеземін, ұлыма осыны үйреттім.
Достарыңызбен бөлісу: