СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН
ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕСІ :
1. Жалпы оқу дағдылары дамиды
2. Мәдениет
3. Өз бетімен жұмыс жасау
4. Қабілеттерін дамыту
5. Оқуға деген қызығушылық
6. Оқытудағы сапа артады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН РЕСУРСТАР ТІЗІМІ:
1.Э.М.Браверман «Учимся и учим мыслить и понимать» және «Учимся и учим
думать и создавать».
2. www.youtube.com/watch?v=5OtLspSfxyA
16
РЕФЛЕКСИЯ:
Бүгінгі өткен шеберлік сабақта тыңдаушыларға ұсынылған СТО төрт
стратегиясын жүзеге асыру үшін мен жер бетіндегі адамдардың күнделікті
тіршілігінің экологияға тигізетін әсерін сипаттайтын бейнефильм ұсындым.
Бұл бейнефильмді беруде мен бейнефильмнің негізгі идеясына қатысты диалог
арқылы сыни тұрғыдан үйретуді қалай жүзеге асыруды көздедім. Нәтижесінде
тыңдаушылардың басым бөлігі құнды көзқарастарымен бөлісті .Тыңдаушылар әр
түрлі пән өкілдері болғандықтан өздері беріп жүрген пәнге байланысты олардың
көзқарастары да әртүрлі болды. Атап айтсақ, ресурстардың шектеулігі, адамның іс-
әрекеті, оның қоршаған ортаға тигізетін әсерінің зияндылығын көре алғандығын
атап көрсетті. Тыңдаушылар бақылаушы ретінде қалып отырды. Оларды тарту
үшін мен оларды тақырыпқа тарту мақсатында өрбітуші сұрақтар және тақырыпқа
қайшы адам табиғаттың бір бөлігі болса, неге ресурстарды қолданбасқа деген
сұрақтар қойып, олардың белсенді қатысуына ықпал еттім. Тақырыпты ары қарай
өрбіту мақсатында СТО стратегияларының ішінен «Дұрыс және дұрыс емес
тұжырымдар», «Жалпақ және жіңішке сұрақтар», «Дана үкі»,
«Fishbone» стратегияларын осы тақырыпты ашу үшін қалай қолдану бойынша
тапсырмалар ұсындым. Тыңдаушылар белгілі бір уақыт ішінде стратегиямен
танысып, оны жүзеге асырудың жолдарын қарастырды, өзімнің тарапымнан
бақылау және бағыттау жұмыстарын жүргіздім. Берілген уақыт аяқталғаннан
кейін топ мүшелері өз стратегияларымен бөлісіп, аудитория ішінде топтар бірін
- бірі оқытуға мүмкіндік алды. Осы стратегияларды жүзеге асыру барысында
тыңдаушылардың өздері және бірін-бірі оқыту барысында кестелер, суреттер,
ақпаратпен жұмыс істеу іскерліктерін арттыру сәтті жүзеге асты. Көрсетілген
стратегияларда тыңдаушылар үшін қызығушылық және қиындық туғызған соңғы
стратегия. «Fishbone» стратегиясында тыңдаушылар берілген тапсырмадағы
проблема мен себептерді еш қиындықсыз анықтай алғанмен факт және аргументті
анықтауда біраз келіспеушіліктер кездесіп, пікірталастық әңгіменің өрбіуіне себеп
туындап, осы тапсырманы орындаған топ, өз көзқарастарын дұрыс дәлелдеп,
дәйектей алды.Тыңдаушыларға жүргізілген рефлексияда ашық шабаданға олардың
басым бөлігі бүгінгі стратегияларда өз тәжірибесінде қолданумен қатар, менің
аудиторияға бейімделу және образға кіре алу шеберлігімді салатындықтарын атап
көрсетті. Жабық шабаданмен бөліскен тыңдаушылар болмады.
Осы жүргізілген шеберлік сабақтан менің түйгендерім, СТО стратегияларын
жүргізу үшін берілген тақырыпты ашуда қарапайым тапсырмадан күрделі
тапсырмаға көше отырып, бір тақырыпты бірнеше стратегия арқылы
ашуға мүмкіндік ала отырып, тақырыпты жан-жақты ашуға және әртүрлі
тыңдаушылардың әртүрлі дағдыларын дамытуға көз жеткіздім. Болашақта осы
СТО стратегияларын қолдану барысында осы шеберлік сабақты рөлдік ойындар,
көрініс, АКТ мүмкіншіліктерімен байланыстыра жүргізсем, тыңдаушылардың
өздерінің образға кіру және ақпаратты сараптау дағдыларын дамытуды көздер
едім.
|