Астана Медициналық Журналы



Pdf көрінісі
бет26/28
Дата12.03.2017
өлшемі9,6 Mb.
#9218
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

ЛиТЕРАТУРА
1.История развития детской хир. Казахстана. –Алматы: Атамұра, 1998.
2. Кравченко Е.А. Материалы съезда Всесоюзной конференции «Актуальные вопр. дет-
ской хир., анестезиологии и реанимации» в г. Иваново-Франковске, Украина, 1986.-104с.
© Н.Е.Майқыбаева, 2012
ӘОЖ 378.147=943. 42 (=82) - 057.875
м
едиЦиналық
 
жоғары
 
оқу
 
орындарында
 
өзге
 
ұлт
 
өкілдеріне
 
қазақ
 
тілін
 
оқыту
 
жолдары
Н.Е.Майқыбаева
Ежегодно  кружковцы  кафедры  детской 
хирургии  принимают  активное  участие  в 
работе  Научно-практической  конференции 
студентов и молодых ученых  АО «Медицин-
ский университет «Астана». 
Окончательные  итоги  работы  СНК  под-
водятся на заключительном майском заседа-
нии.  Председатель  кружка  готовит  доклад  с 
указанием тем научно-исследовательских ра-
бот студентов, занявших призовые места на 
Республиканских  и  Международных  конфе-
ренциях, после чего выбирается организаци-
онный комитет на следующий учебный год.
Из года в год количество участников СНК 
кафедры детской хирургии растет, что благо-
творно влияет как на учебный процесс, так и 
на становление будущих врачей детских хи-
рургов,  расширяется  кругозор,  развивается 
их  профессиональный  интерес.  Со  времени 
организации СНК расширился диапазон тем
научных  направлений  кафедры.  В  студенче-
ские годы были заложены основы нескольких 
научных работ, защищены 5 кандидатских и 
1 докторская диссертация. А также в насто-
ящее время преподавателями кафедры явля-
ются 5 бывших кружковцев.
Таким  образом,  участие  в  СНК  является 
одним из основных моментов в становлении 
врача детского хирурга.
«Астана медицина университеті» АҚ
Қ
азақ тілі мемлекеттік мәртебе алғаннан 
бері өзге ұлттарға ана тілімізді оқыту 
жоғары  оқу  орындарының  барлығында 
жүргізіле  бастады.  Тіл  үйренуге  бетбұрыс 
қайта жанданды [1, 2, 3].
Әр түрлі ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету 
ісі  өте  күрделі  де,  жауапты  жұмыс.  Қазақ 
тілін  үйретудегі  қиындықтарды  жеңудің 
тиімді  әдісі,  көрнекі  құралдарды  алдын  ала 
дайындап,  сөздіктерге  мән  беру.  Әр  сабақ 
сайын  қазақша  сөйлеудің  ерекшелігіне 
көңіл  аударамыз.  Мәтінмен  жұмыс  істеу, 
сөйлемді  қазақша  құрап  еркін  айта  білуге 
дағдыландыру,  қазақша  сөйлесуді  үйрету, 
жазба жұмысын жүргізу әдістерін күні бұрын 
ойластырып, жоспарлап аламыз. 
Қазақ  тілі  сабағында  көзделетін  негізгі 
мақсат  –  студенттерге  жалаң  сөз  жатта-
ту  емес,  әрбір  үйренген  сөзін  сөйлеуде, 
сөйлем  құрамында  дұрыс  қолдана  білуге 
үйрету.  Сондықтан  бұл  пәннің  білімдік, 
тәрбиелік  мақсаттары  басқа  пәндермен  де 
байланысты  жүргізіледі.  Қазақ  тілі  мен 
орыс  тілінің  грамматикалық  кейбір  ұқсас 
жақтары  мен  айырмашылықтары  салысты-
рыла түсіндіріледі. Осыған орай студенттер-
ге -дай, -дей, -тай, -тей жұрнағын салыстыра 
оқытуға байланысты өз тәжірибемнің кейбір 
қырларын 
назарларыңызға 
ұсынамын,-
делінген [1, б.42].
Сөз 
тудырғыш, 
сөз 
түрлендіргіш 
жұрнақтардың  жаңа  сөздер  жасаудағы  өнім 
де, бірдей еместігінен де мәлімет берілу керек. 
Біраз жұрнақтар көптеген сөздерге талғаусыз 
жалғанып,  олардан  қыруар  жаңа  ұғым  ту-
дырады.  -шы,-ші  жұрнағының  жаңа  сөздер 
жасаудағы  өнімнің  молдығынан  төмендегі 
мысалдардан  көруге  болады:  малшы,егінші, 
оқушы,  темірші,  қойшы,  әнші,  балташы, 
етікші,  жылқышы,  түйеші,  тоқымашы, 
кілемші,  басшы,  диірменші,  хатшы,  биші, 
орақшы, тігінші, бұрғышы, қызметші, сушы, 
үйші т.б.
Кейбір  жұрнақтар  бірен-саран,  бірді-
екілі  сөздерге  ғана  жалғанады,  талғанып 
жалғанған мұндай жұрнақтардың өнімі онша 
болмайтынын да аңғарту керек. Мысалы: ой-
пат,  озат,  тарамыс,  тұрмыс,  жент;  болашақ, 
келешек;  сұрамсақ,  келімсек;  көрермен,  бе-
рермен; көзілдірік, табалдырық, сағалдырық 
174
2012, №4(72) Астана медициналық журналы  
МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

т.б.
Бұл мысалдардың құрамындағы: -пат, -ат, 
-мыс,  -нт,  -ашақ,  -ешек,  -мсақ,  -мсек,  -мен, 
-ілдірік,  -ылдырық    деген  жұрнақтар  бірер 
немесе  үш-төрт  сөзге  ғана  жалғануда,  де-
мек бұлардың жаңа сөздер жасауда өнімі аз 
екендігі айтылады.
Сөз жасайтын жұрнақтардың да өз ішінде 
омоним,  синоним  болып  жұмсалатынын 
нақты мысалдар арқылы өзара салыстырылу 
амал-тәсілдерімен  түсіндіріледі.  Айталық: 
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе деген жұрнақтардың 
өнімді  тобына  жатумен  қатар,  алуан  түрлі 
мағыналы  сөздер  жасайды:  демек,  бұл  аф-
фикс жалғыз бір ғана сөз табына жатпайды, 
тұлғалас жағынан әрі зат есім, әрі сын есім, 
әрі етістіктерге ортақтасып келеді. Мысалы, 
Ұлы  бастама,  бұл  –  көрме,  қазба  байлық, 
сүзбе  сүттен  жасалады.  Шаппа  –  кішкентай 
шот,  кеспе  көже  деген  сөйлемдердегі  ба-
стама,  көрме,  қазба,  сүзбе,  шаппа,  ке-
спе  дегендердегі  -ма,  -ме,  -ба,  -бе,  -па,  -пе 
жұрнақтары қимыл ұғымды сөздерді зат есім 
жасап тұр. Бояма мата, қынымы бел, сырма 
камзол  дегендердегі  бояма,  қынама,  сырма 
сөздеріндегі -ма, -ме жұрнағы қимыл ұғымды 
сөздерден  зат  есім  жасап  тұр.  Сол  сияқты 
қолыңды суға малма; орынсыз көп сөйлеме; 
кітапты сызба; сөз тізбе, өтірік айтпа, сабаққа 
кешікпе деген сөйлемдердегі малма; сөйлеме, 
сызба, тізбе, айтпа, кешікпе дегендердегі -ма, 
-ме,  -ба,  -бе,  -па,  -пе  жұрнақтары  болымды 
етістіктерден болымсыз мағыналы етістіктер 
жасалып  тұрғаны  баспалдақты  жүйемен 
оқытылады.
Бұл 
келтірілген 
мысалдардан 
бір 
тұлғалы  -ма,  -ме,  -ба,  -бе,  -па,  -пе  жұранғы 
үш  түрлі  мағынада  жұмсалуда,  мұндай 
жұрнақты 
омонимді 
аффикстер 
деп 
атауға  болатынынан  мәлімет  беріледі  [2, 
б.133,134].  Студенттерге  қазақ  тілінің 
заңдылықтарынан,грамматикасынан 
мол 
мәліметтер  бермей  және  олардың  мектеп-
те  алған  білім  қорларын  жүйелемей,  оларға  
өздік жұмыс беру мүмкін емес.
Қазақ  тілі  сабақтарында  өздігінен 
жұмыс  істеу  әдісін  жетілдіру,  студенттердің 
шығармашылық  жұмысына  айналдыру, 
сабақтың  құрылымында  ауызша  не  жаз-
баша  жұмыс  жүргізудің  мәні  зор.  Ауызекі 
орындалатын жұмыстар студенттердің алған 
білімдерін  байқау,  бақылау  тұрғысында,  ал 
жазба  жұмысы  сол  білімдерді  жинақтап, 
қорыту, есте берік қалдыру мақсатында бола-
ды.
Өзгеге  өз  тіліңді  түсіндіру  асыл  қасиет 
болса, түрлі ұлттың өкіліне ана тіліңді үйрету 
асыл қазына екенін оқыту процесінде жады-
мыздан шығармауымыз қажет.
Мысалы,мына  сызба  арқылы  студенттер-
ге  көп  жұмыс  жасатуға  болады.  Көптеген 
оқулықтарда  қазақ  тілінің  грамматикалық 
анықтамалары  мен  сызба  жұмыстар  қатар 
берілген. Бұл болса, тілді меңгеруге септігін 
тигізері сөзсіз.
 
Қосымшалар
                                  
Жұрнақ  -  сөзден  сөз  тудырады  немесе 
сөзді  түрлендіреді.  Сөз  тудыратын  жұрнақ 
өзі  жалғанған  сөзден  лексикалық  мағынасы 
басқа жаңа сөз тудырады. 
Мысалы:  Шын  көңілмен  айтар  тілегі 
болса,  шындықпен  ғана  жауап  беру  парыз 
(М.Әуезов)  деген  сөйлемдегі  шын  сөзіне 
–дық  жұрнағы  жалғанып  сын  есімнен  зат 
есімге, жол сөзіне –ық жұрнағы жалғанып зат 
есім етістікке айналып тұр. 
Мұндай  сөз  тудырушы  жұрнақ  арқылы 
жасалған  сөздерді  туынды  сөз  деп  атайды.    
Ек,  егін,  егінші,  егіншілік;  кітап,  кітапхана, 
кітапханашы.
Сөз  түрлендіретін  жұрнақ  өзі  жалғанған 
сөздің 
негізгі 
лексико-семантикалық 
мағынасынан 
алшақ 
кетпейді, 
оны 
түрлендіреді. Ақ, ақшыл, ақшылтым (сын е.); 
кел, келтір, келтірме (етістік).
Жалғаулар  сөз  бен  сөзді  байланысты-
рып  оларға  грамматикалық  мағына  үстейді. 
Тілімізде  жалғаудың  төрт  түрі  бар.  Олар: 
175
2012, №4(72) Астана медициналық журналы  
ПРОБЛЕМЫ МЕДИЦИНСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ

көптік, тәуелдік, жіктік, септік жалғаулары.
Көптік жалғау

с
өз
 
соңы
ж
алғаулар
м
ысалы

дауысты
үНді
 
р

й

у
-
лар
, -
лер
таулар

ӘНшілер

Балалар

Байлар

дӘрігерлер

ұяң
үНді
-
дар
, -
дер
Қыздар

гүлдер

Қатаң
ұяң
 
Б

В

г

д
-
тар
, -
тер
кітаптар
филологтар
Жіктік жалғау
№ ж
аҚ
ж
екеше
к
өпше
м
ысалы

і
-
мыН
, -
міН
, -
БыН
,
 -
БіН
, -
пыН
, -
піН
-
мыз
, -
міз
, -
Быз

-
Біз
, -
пыз
, -
піз
дӘрігерміН
дӘрігерміз

іі
-
сың
, -
сің
-
сыз
, -
сіз
-
сыңдар
, -
сіңдер
-
сыздар
, -
сіздер
дӘрігерсің

дӘрігерсіз
дӘрігерсіңдер

дӘрігерсіздер

ііі
-
дӘрігер
дӘрігерлер
Тәуелдік жалғау
№ ж
аҚ
ж
екеше
к
өпше
м
ысалы

і
-
м
 -
ым
/-
ім
-
мыз
/-
міз
-
ымыз
,/-
іміз
Балам

Баламыз
 
гүлім

гүліміз
 

іі
-
ң
, -
ың
/-
ің
 --
ңыз
/-
ңіз
-
ыңыз
/-
іңіз
...
көптік
                -
ң
, -
ың
/-
ің
жалғауы
      +       -
ңыз
/-
ңіз
                            -
ыңыз
/-
іңіз
    
Балаң

Балаларың
 
Балаңыз

Балаларыңыз
 
гүлің

гүліңіз
гүлдерің

гүлдеріңіз

ііі
-
сы
/-
сі
-
ы
/-
і
...
көптік
                  -
сы
/-
сі
жалғауы
      +         -
ы
/-
і
           
Баласы

Балалары
гүлі

гүлдері
Септік жалғау

а
тауы
ж
алғауы
м
ысалы
жай
 
септеу
тӘуелді
 
септеу

а
тау
-
дос
досым

досы

і
лік
-
Ның
/-
Нің
, -
дың
/-
дің
 -
тың
/-
тің
)
достың
досымНың
досыНың

Б
арыс
-
Қа
/-
ке
, -
ға
/-
ге
, -
а
/-
е
-
На
/-
Не
досҚа
досыма

досыНа

т
аБыс
-
ды
/-
ді
, -
ты
/-
ті
, -
Ны
/-
Ні
, -
Н
досты
д
осымды

досыН

ж
атыс
-
да
/-
де
, -
та
/-
те
, -
Нда
/-
Нде
доста
досымда

досыНда

ш
ығыс
-
НаН
/-
НеН
, -
даН
/-
деН
, -
таН
/-
теН
достаН
досымНаН

досыНаН

к
өмектес
-
меН
, -
БеН
, -
пеН
доспеН
досыммеН

досымеН
Тақырыпты  бекіту  үшін  мынандай 
жаттығулар береміз       
Төмендегі  сөздерді  үлгідегідей  етіп  үш 
бағанға бөліп жазыңдар
 Үлгі:         түбір сөздер        туынды сөздер           
қосымшалы сөздер кітап                       егін                              
мектепке
Тасымал,  даңқ,  атақ,  даналық,  қаланың, 
дана,  ауылдың,  әсемпаз,  Отанды,  басқар, 
әңгіме, 
құрбысы, 
балажан, 
ыдыс, 
балалық,  баяу,  терезе,  қалам,  өміршең, 
елімізден,  мұғалім,  әкесі,  ауылға,  жи-
дек,  өнегелі,  құлынның,  мұнай,  кенші,ана.
         Берілген   сөздерден    туынды      түбір      жасаңдар
Үлгі: ой – ойлы... 
Ой, жаз, пайда, оқу, сый, сылдыр, іс, үлгі, 
жүз,  тәрбие,  ек,  жол,  өн,  дәрі,  бала,  өмір, 
өнеге, қала, дана, кен, бас, ақ, кітап, көк, сан, 
түн, көз, өнер.
Төмендегі  сөздерді  пайдаланып,  оларға 
176
2012, №4(72) Астана медициналық журналы  
МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

қосымшалар жалғап сөйлем құраңдар.
Үлгі:         Өнерлі жігіт өрге озар.
Өнер, 
ғылым, 
жүрек, 
ақыл, 
дала, 
бала, 
таза, 
адал, 
сау, 
денсаулық, 
аурухана, 
тау, 
өзен, 
саяхат, 
ағаш, 
жел, 
шипа, 
өсімдік.
Төмендегі  сөздерді  құрамына  қарай  ажыратып,  оларды  орыс  тіліне  аударыңдар.
Үлгі:    сәнқой  (модница)  –  туынды  сөз,  сын  есім,  түбірі  –  сән  (мода)  зат  есім.
Сәнқой, күзетші, адамшылық, аспаз, бақташы, білімпаз, білгіш, ақылды, беделді, саулық, 
ынталы, белдік, балықшы, жазушы, сенімді.
Төмендегі тіркестерді қазақ тіліне аударыңдар
Пейте  чай,  играйте  на  улице,  вытрите  окно,  работайте,  передайте  при-
вет,  прочитайте  эту  статью,  возьмите  этот  учебник,  подметите  пол,  накрой-
те  на  стол,  поставьте  тарелки,  повесьте  картину,  отдыхайте  завтра,  съешьте  яблоко.
Қорыта айтқанда, қазақ тілін оқыту әдістемесі жаңа қырынан қарастыруды қажет етеді.
ӘДЕбиЕТ
1.  Қазақ тілі мен әдебиеті.- Алматы : Мектеп, 2000.
2.  Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы : Мектеп,  1988.
3.  Жарықова Д.Р., Омартаева Г.Е Қазақ тілінен тіл дамыту жаттығу, бақылау жұмыстарының 
жинағы.- Астана, 2009.
© К.Ш. Сержанова, А.С. Тастанова, 2012
а
қпараттық
 
технологияны
 
жоғары
 
оқу
 
орындарында
 
қолдану
Қ.Ш. Сержанова, А.С. Тастанова
РМК «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ». Алматы
 «Астана медицина университеті»АҚ
Е
ліміздің «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндетi – ұлттық және 
жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке 
адамды  қалыптастыруға  және  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа 
технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру»  -  деп  білім  беру  жүйесін  одан  әрі 
дамыту  міндеттері  көзделді.  Қазіргі  заман  жылдам  әрі  терең  өзгерістермен  ерекшеленеді. 
Білім  беру  жүйесі  ауқымды  қоғамдық  жүйенің  бір  саласы  ретінде  өмірде  болып  жатқан 
жаңалықтарды  есепке  ала  отырып,  білім  берудің  инновация  жүйесiн  жaңартудың  қажеттi 
факторы болып табылады.
Қазіргі  ақпараттық  қоғамда  өндірістің  дамуының  негізгі  құралы  болып  ақпараттық 
ресурстардың  қажеттілігі  көрінеді.  Сондықтан  білім  беру  саласы  да  өзінің  дамуы  үшін 
жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты 
таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық 
талабына  сай  терең  білімді,  әрі  жан-жақты  адам.  Қазіргі  білім  жүйесінің  ерекшілігі  –  тек 
біліммен  қаруландырып  қана  қоймай,  өздігінен  білім  алуды  дамыта  отырып,  үздіксіз  өз 
бетінше  өрлеуіне  қажеттілік  тудыру.  Бiлiм  беру  саласында  инновациялық  үрдiстi  жүзеге 
асыру оқытушылардың өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi 
талап eтедi. 
Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - студенттердің 
оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді 
ұсынылуына  мүмкіндік  беру.  Ғылыми  –  техникалық  прогрестің  негізгі  белгісі  –  қоғамды 
ақпараттандыру.  Қоғамды  ақпараттандыру  –  экономиканың,  ғылымның,  мәдениеттің 
177
2012, №4(72) Астана медициналық журналы  
ПРОБЛЕМЫ МЕДИЦИНСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ

дамуының  негізгі  шарттарының  бірі.  Осы 
мәселені  шешудегі  басты  рөл  білім  беру 
ордаларына жүктеледі.
Ақпараттық  мәдениетті,  сауатты  адам  - 
ақпараттың  қажет  кезін  сезіну,  оны  тауып 
алуға,  бағалауға  және  тиімді  қолдануға 
қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және 
автоматтандырылған  құралдарын  пайдалана 
білуі керек. Ақпараттық мәдениет дегенiмiз - 
адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына 
қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай 
алуға, ақпараттық өзара ic - әрекетке түсуге 
мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi.
Жаңа 
ақпараттық 
технологиямен 
орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты 
формасында  тиімдірек  орындалады,  адам 
өркениетті бола бастайды. 
Ұрпақ  үшін  кітаптың  маңызы  қандай 
болса,  компьютер  де  оқушы,  студент  үшін 
қоршаған  әлемді  танудың  табиғи  құралы 
болып  табылады.  Олай  болса,  барлық 
сабақтарды  компьютерлердің  қуаттануымен 
жүргізуді  үйрену  –  бүгінгі  күннің  кезек 
күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Соңғы  жылдары  білім  беру  аясы 
жүйесінде 
компьютерлік 
техниканы 
пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. 
Білім  беру  жүйесіндегі  жаңа  ақпараттық 
технология  дегеніміз  –  оқу  және  оқу-
әдістемелік  материалдар  жинағы,  оқу 
қызметіндегі 
есептеуіш 
техниканың 
техникалық  құралдары,  олардың  ролі  мен 
орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және 
оқытушылар  еңбектерін  жүзеге  асыру  үшін 
оларды  қолдану  формалары  мен  әдістері 
деген  анықтама  беруге  болады.  Яғни, 
ақпараттық технология – білім беру мекемесі 
мамандарының  жұмысын  жүзеге  асырушы 
әдістер  мен  формалар  және  балаларға  білім 
беруші құрал.
Ақпараттық  технология    қызметінің 
құралы 
ретінде 
жаңа 
ақпараттық 
технологияның  компьютерлік  құралдары 
қолданылып жүр, алайда заман талабына сай 
компьютерлік  техниканың  дамып  жетілуіне 
байланысты ғылыми сипаттағы компьютерлік 
бағдарламаларды  жасау  керек  және  ол 
студенттің  іс  әрекетінің  интеллектуалды 
құрылысымен сәйкес келуі тиіс.
Компьютер 
және 
ақпараттық 
технологиялар  арқылы  жасалып  жатқан 
оқыту  процесі  студенттің  жаңаша  ойлау 
қабілетін  қалыптастырып,  оларды  жүйелік 
байланыстар  мен  заңдылықтарды  табуға 
итеріп,  нәтижесінде-  өздерінің  кәсіби 
потенциалдарының 
қалыптасуына 
жол 
ашуы  керек.  Компьютер  –  студент  білімін 
бағалау  құралы;  компьютерлік  модельдеуді 
қолданатын 
зертханалық 
практикум; 
мультимедиалық 
технология 
– 
жаңа 
материалды  түсіндірудегі  иллюстрациялық 
құрал;  дербес  компьютер  –  білім  жетілдіру 
құралы.
Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар 
оқу  материалдарын  иллюстрация  жасау 
кезінде  (мысалы  анимациялы  слайд-
фильмдер)  қолданылады.  Бұл  оқу  үрдісін 
қозғалыста  бейнелеуге  мүмкіндік  береді. 
Компьютердің  көмегімен  дыбыстық  және 
бейнефрагменттерді 
де 
демонстрация 
жасауға болады. Электронды оқулық арқылы 
студенттер сабақ үстінде немесе сабақтан тыс 
уақытта  тақырыпқа  сәйкес  мәліметтермен 
танысуға,  практикалық  тапсырмаларды  өз 
бетінше орындауларына болады.
Осы заманғы ақпараттық технологияларды 
пайдалану  өз  білімін  көтеру  тиімділігін  де 
арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде 
жазылған  ақпараттарды  пайдалану  кезінде 
қажетті  мәліметтерді  оңай  табуға  мүмкіндік 
береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал 
энциклопедиялар,  сөздіктер  электронды 
түрге айналдырылған.
Сонымен  бірге  компьютердің  көмегімен 
тек  белгілі  бір  аудиторияларда  ғана  емес, 
сонымен  бірге  қашықтан  оқыту  үрдісі 
де  дамып  келе  жатыр.  Ол  үшін  Интернет 
желісіне  қосылған  компьютер  керек. 
Қашықтан  оқыту  кезінде  тапсырманы  және 
онымен  бірге  ұсынылған  оқулықтарды 
қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі 
ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе 
бірлескен  телеконференцияларға  қатысады. 
Оқытудың  бұл  түрі  анағұрлым  арзан,  әрі 
қалаған  уақытыңда  оқуына,  тапсырмаларды 
орындауына мүмкіндік береді. 
Білім  беруді  қайта  құру  жоғарғы  оқу 
орындары студенттерiнен үлкен дайындықты 
талап  етеді.  Олай  болса,  олардың  тұлғалық 
қасиеттері  мен  мамандық  құзырлықтарына 
жоғарғы  талап  қойылады.  Қазіргі  уақытта 
оқытушы  білім  беру  жүйесіндегі  процестің 
негізгі  субъектісіне  айналып  отыр.  Басқаша 
айтқанда,  білім  беруді  ақпараттандыру 
процесі  педагогтың  дайындық  деңгейі  мен 
мамандық  сапасына  үлкен  талап  қояды.  Ол 
студенттің  өзін-өзі  дамуына,  өзіндік  білім 
алуына және шығармашылық түрде өздігінен 
қызметтерін  іске  асыруға  мүмкіндік  береді 
педагог  мамандардың  біліктілігін  көтеру 
ақпаратттық  әлемде  оқу-тәрбие  процесін 
ұйымдастырудың 
негізгі 
құралдарын, 
жаңа  әдістер  мен  формаларды  кез  келген 
уақытта  таба  білуіне  мүмкіндік  туғызу. 
Дамытудың  өзектілігі  –  жаңа  ақпараттық 
коммуникациялық  технологияны  оқу-тәрбие 
процесіне  жан-жақты,  әрі  еркін  пайдалана 
білуге  үйрету  дайындау  кезеңдерінің 
сапалығымен анықталады.
Ал  өз  кезегінде,  білім  берудегі 
ақпараттық  технологиялар:  компьютер, 
телекоммуникациялық 
және 
желілік 
178
2012, №4(72) Астана медициналық журналы  
МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

құралдар 
ақпараттарды 
қабылдаудағы 
әдістерді  өзгертіп,  әртүрлі  әрекеттерге  жаңа 
мүмкіндіктерді аша отырып, қазіргі қоғамның 
даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейкесті 
және  маңызды  мәселелеріне  қол  жеткізеді. 
Білім  берудегі  ақпараттық  технологиялар 
оқытуда қолданылатын электронды құралдар 
мен  оларды  функционалдау  тәсілдерінің 
жиынтығын анықтайды.
Ақпараттық 
технологияны 
бәсекеге 
қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға 
және  оның  мүмкіндіктерін  әлемдік  білімдік 
ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі 
мәнге ие болып отыр. Ақпараттық технология 
электрондық 
есептеуіш 
техникасымен 
жұмыс  істеуге,  оқу  барысында  компьютерді 
пайдалануға,  модельдеуге,  электрондық 
оқулықтарды,  интерактивті  құралдарды 
қолдануға,  интернетте  жұмыс  істеуге, 
компьютерлік  оқыту  бағдарламаларына 
негізделеді. 
Ақпараттық 
әдістемелік 
материалдар  коммуникациялық  байланыс 
құралдарын  пайдалану  арқылы  білім 
беруді  жетілдіруді  көздейді.  Ақпараттық 
технологияның  келешек  ұрпақтың  жан 
жақты  білім  алуына,  іскер  әрі  талантты, 
шығармашылығы  мол,  еркін  дамуына  жол 
ашатын  педагогикалық,  психологиялық 
жағдай  жасау  үшін  де  тигізер  пайдасы  аса 
мол.
© Т.А. Арыстанова,2012
п
одготовка
 
спеЦиалистов
 
для
 
фармаЦевтической
 
отрасли
:
проблемы
 
и
 
перспективы
Т.А. Арыстанова
Южно-Казахстанская государственная фармацевтическая академия. Шымкент

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет