«АТ» кафедрасы



Дата18.03.2022
өлшемі338,01 Kb.
#28395

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

https://atu.kz/

«ИжАТ» ФАКУЛЬТЕТІ

«АТ» КАФЕДРАСЫ

«МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ»

ДӘРІС №1

АТ кафедрасының лекторы Керимбаева В.Ж.

Раб.тел.:8 (727) 396-71-33 (вн. 128)

Эл.адрес: Kerimbaeva_vener@mail.ru


  • Кіріспе. Мамандық туралы түсінік.
  • Болашақ кәсіби қызметтің салалары мен ерекшеліктері.

ДӘРІС №1

1. Кіріспе. Мамандық туралы түсінік

Білім беру саласының коды және атауы: 6B06 - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Дайындау бағытының коды және атауы: 6В061- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Білім беру бағдарламалары тобының нөмірі мен атауы: В057 - Ақпараттық технологиялар

Білім беру бағдарламасының коды және атауы (БББ): 6В06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

БББ мақсаты: Кәсіби және әлеуметтік мәселелерді шешуде компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық өнімдерін, аппараттық және бағдарламалық қамтамаларын құруға және қолдануға қабілетті компьютерлік технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыздандыру саласындағы жоғары білікті бакалаврларды даярлау.

БББ білім беру траекториялары:

1) Ақпаратты өңдеудің компьютерлік жүйелері

2) Бағдарламалық қамтамасыз ету

Берілетін дәреже: 6В06102 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр

Мамандықты игерген түлектердің кәсіптік қызмет сферасы өнеркәсіп, ғылым және білім, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық, мемлекеттік басқару болып табылады. Бітірушілердің кәсіптік қызмет обьектісі: адам қызметінің әр түрлі аймағындағы өңдеуші, енгізуші, эксплуатациялаушы ақпараттық жүйелердің әр түрлі формадағы өндірістері мен өнеркәсіптері.



Білім беру бағдарламасының мақсаты жобалау-конструкторлық, жобалық-технологиялық, өндірістік-технологиялық, ұйымдастырушылық-басқару, ғылыми-зерттеу, инновациялық, монтаж-жөндеу, сервистік-пайдалану қызметінде кәсіби есептерді шешуге қабілетті түлекті дайындау болып табылады.

6В06102– ЕТжБҚЕ мамандығында оқып, студенттер адамның әртүрлі қызмет облыстарында ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелерін жасауға бағытталған терең білім және құралдардың қолдану дағдыларына, тәсілдеріне және әдістеріне үйренеді.

Болашақ кәсіби қызметтің бағыты:

Деректер қорына қызмет көрсету мен құрастыру және ақпараттық-іздеу жұмыстары үшін бағдарламалар әзірлеу;  

Ғылыми және экономикалық тапсырмаларды шешу үшін бағдарлама құру;

Ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты ДК стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуін және басқа қызмет түрлерін қолдану.



Болашақ кәсіби қызметтің салалары

Мемлекеттік және жеке кәсіпорындарда мен ұйымдарда есептеу техникасын нығайту және қолдану бітірушілердің кәсіпкерлік қызметтік саласы болады.



Кәсіптік қызмет саласы: Бітірушілердің кәсіби қызмет саласы бойынша өнеркәсіп, ғылым, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік басқару болып табылады

Кәсіби қызмет объектісі: Оқу бітірушілердің кәсіби саладағы жұмыс істеу объектілері:

- IT-ассоциациялар және IT-компаниялар;

- Ақпараттық жүйелерді адамзаттың әр түрлі жұмыс атқару саласында құрумен, енгізумен және қолданумен айналысатын, әр түрлі меншікті формадағы өндірістер мен ұйымдар;

- Білім беру ұйымдары: орта, кәсіби жіне жоғары оқу орындары;

- ғылыми-зерттеу институттары және инновациялық орталықтар;

- жергілікті және республикалық билік органдары;

- қаржылық, өндірістік ұйымдар, қызмет көрсету компаниялары және т.б.

Кәсіби қызмет функциялары: Оқу бітірушілердің негізгі кәсіби жұмыс атқаруының негізгі фукнциялары:

– интернет – ресурстардың құрамын бақылау;

– ұйымның ақпараттық ресурстарын басқару;

– ұйымның интернет – ресурстарын жетілдіру және ілгерілету;

ақпараттық ресурстарды жобалау;

– программамен қамтамасыздандыруды орнату, қалыптастыру және қолданушыларға техникалық қолдау көрсету;

- ақпараттық ресурстарды мәселелері мен өзгерулерін талдау;

- ақпараттық ресурстар қолдануды басқару;

- ұйымның жобалау, монтаждау және қызмет көрсету;

- ұйымның серверлік жабдықтарын құрастыру, орнату, конфигурациялау және қызмет көрсету;

- ұйымның жүйелік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!



Консультации : «АТ» кафедра , корпус 2-Б, каб. 301

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет