Атематикалық модельдеу


дәрістің тақырыбы: Есепті шешудің жалпы тәсілдерін



бет5/6
Дата31.10.2022
өлшемі174,5 Kb.
#46330
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
атематикалық модельдеу

2 дәрістің тақырыбы: Есепті шешудің жалпы тәсілдерін 

үйрету технологиясы 
Жоспар 
1. Есепті шешудің жалпы тәсілдеріне сипаттама 
2. Есепті шешудің жалпы тәсілдері үйрету технологиясының 
мазмұны 

 
1. Есепті шешудің жалпы тәсілдеріне сипаттама 
Есепті шеше білудегі негізгі мәселе есептің шартында 
келтірілген. соның негізінде арифметикалык амал таңдалатын және 
орындалатын, сұрақка жауап берілетін деректер мен ізделінді 
арасындағы байланысты менгеру болып табылады. Сондықтан 
бастауыш мектепте есептің топтарымен жұмыс жүргізіледі. Әр топта 
бір түрдегі (белгілі бір) есептер жатады. 
Бір түрдегі есептер — есепті шешу берілген дерек пен ізделінді 
арасындағы бірдей байланыска негізделген, бірақ нақты мазмұн және 
сандық деректермен ерекшеленетін есептер. 
2. Есепті шешудің жалпы тәсілдері үйрету технологиясының 
мазмұны 
Бір түрлегі есептерді шешуге үйрету реті (басқыштары). 
I. Қарастырылатын есеп түрін шығаруға дайындык. 
Максаты: мұндай есептерді шешу барысында оқушылардың 
амал тандауына, негіз болатын берілген деректер мен ізделінді 
арасындағы байланысты игсру. 
II. Қарастырылатын есеп түрін шығарумен таныстыру. 
Максаты: берілгсн деректер мен ізделінді арасындағы байлаиысты 
тагаііыпдауга жоис соныц негізінде арифметикалық амал таңдауға 
үйрету, яғни есепте суреттелген нақты жағдаяттан сәйкес амал 
таңдауға көшуге үйрету. Соның нәтижесінде қарастырылатын есеп 
түрін шығару тәсілі таныстырылады. 
III. Қарастырылатын есеп түрін шығара алу біліктерін 
қалыптастыру, 

19 
Мақсаты: 


қарастырылатын 
есептің 
нақты 
мазмұнына 
қарамастан, барлық түрін шығаруға үйрету, яғни осы түрдегі есепті 
шешу тәсілін жалпылау. 
I БАСҚЫШ. Қарастырылатын есеп түрін шығаруға дайындык,. 
1. Көптеген жағдайларда есепті шығармас бұрын элементтері 
нақты заттар немесе олардың суреттері болатын жиындармен жұмыс 
орындалады: 
а) қосындыны табуға арналған жай есепті енгізбес бұрын 
жиындарды біріктіруге (жақындатуға) жаттығулар жүргізіледі; 
о) қалдықты табуға арналған жай есепті енгізбес бұрын жиынды 
бөліп алу (алыстату) жаттығулары жүргізіледі; 
б) көбейтіндіні табуға арналған жай есепті енгізбес бұрын тең 
жиындарды біріктіруге жаттығулар жүргізіледі;
в) бөліндіні табуға арналған жай есепті енгізбес бұрын 
жиындарды тең қуаттас ішкі жиындарға бөлуге жаттығулар 
жүргізіледі; 
г) санды бірнеше бірлікке арттыруға арналған есептср берілгсн 
жиыннан бірнеше элементі артық жиындар құру жаттығуларын 
көздейді (сонша және тағы екі); 
г) санды бірнеше бірлікке кемітуге арналған есептер берілген 
жиыннан бірнеше элементі кем жиындар құру жаттығуларын 
көздейді (біреусіз сонша). 
2. Оқушылар қажетті амалды дұрыс таңдап алуы үшін 
суреттерге сәйкес сөйлемдер құрастыруға арналған дидактикалык 
ойындарды ұсынуға болады: 

20 
3. Көпгеген есептер шамалармен (ұзындық, масса, сыйымдылык, 


аудан, көлем, уақыт) байланысты, сондықтан оқушыларды сол 
шамамен таныстыру және шамалар арасындағы байланысты: 
жылдамдык, уақыт, қашықтық; бага-сы, саны, құны; ұзындығы, ені, 
ауданы; бір заттың массасы, заттың саны, жалпы массасы және т. б. 
ашу қажет. 
Мәселен. Баға. Саны. Құны арасындағы байланысты ашу үшін 
дүкенге топсеруен жасап, бағалармен танысуға, ал содан соң сабакта 
белгілі бағасы мен саны бойынша құнын табуға арналған есепті 
құрастыру және көбейту мен бөлу амалдарының анықтамалары 
туралы білімге сүйеніп, оларды шешуге болады, осыдан кейін 
көбейту мен бөлудің өзара байланысына сүйеніп, бағасын және 
санын табуға арналған өзара кері есептер құрастыруға болады. 
10+10+10=30 (тг)=> 10 • 3 = 30(тг)=>Қ = Б • С =* Б = Қ : С және С = Қ 
: Б. 
4. Құрама есептерді шешу оның кұрамына енетін бірнеше жай 
есептерді шешуге келтіріледі, сондықтан сәйкес жай есептерді шешу 
құрама есепті шешуге дайындық болып табылады. 
Мысалы: «Екінші сынып оқушылары 20 жалауша және 5 фонарь 
жасады. 15 ойыншықты олар бала бақшаға сыйлады. Оларда неше 
ойыншық қалды?» 
Бұл - екі жай есептен тұратын құрама есеп: 
а) «Екінші сынып оқушылары 20 жалауша және 5 фонарь 
жасады. Оқушылар барлығы неше ойыншық жасады?» — қосындыны 
табуға арналған есеп: 20+5=25 (о.). 

21 
ә) «Оқушылар барлығы 25 ойыншық жасады. 15 ойыншықты 


олар балабақшаға сыйлады. Оларда неше ойыншық қалды?» - 
қалдықты табуға арналған есеп: 25 - 15 = 10 (о.) 
Ендеше, осы есептің шешуін өрнек түрінде жазуға болады: 
(20+5)-15= 10(о.). 
II 
БАСҚЫШ. Қарастырылатын есеп түрін шығарумен 
таныстыру. 
Есеппен жұмыста төмендегідей кезенді сақтау қажет. 
I к е з е ң. Есепті қабылдау және талдау. 
Нсгізгі мақсаты: есепте сипатталған жағдаятты түсіну; есептің 
шартын, мәтінде кездесетін терминдер мен белгілерді, соңдай-ақ 
оның талабы мен сұрағын түсінуі. 
а) Түсініксіз сөздерді түсіндіру және бульдозер, салт атты, айлақ, 
көшеттер, тігінші, жас натуралистер, шаруа, диірмен, домбыра, 
қамшы, қобыз және т. б. суреттерді көрсету арқылы есеп тақырыбы 
бойынша кіріспе әңгіме. 
о) Есепті оқу (мұғалімнің, бір оқушының, хормен, оқушылардыц 
жастарына қарай іштен), кейде қайталап оқу да қолданылады. 
б) Есепте не туралы айтылғанын түсіну үшін оның шартына 
сәйкес сурет салу.
в) Түсінікті болу үшін сұрақтар бойынша есепті талдау: Есепте 
не (кім) туралы айтылған? 
Есепте не белгілі? Не белгісіз? (... белгілі ме?) «8-і артық (кем)», 
«3 есе артық (кем)», «сонша», «теңдей» нені білдіреді, яғни 
терминдердің мәнін анықтау. 
г) Есептің мәтінін сипатталған жағдаятты байланыстар мен 
сандық сипаттамалар айқын көрінетін басқа мәтінмен ауыстыру 
арқылы қайта құру. Мәселен. «Екі велосипедші бір уақытта екі 
қаладан бір-біріне қарама-қарсы шықтыда, 2 сағаттан кейін кездесті. 
Егер біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ, ал екіншісінің 
жылдамдығы 18 км/сағ болса, екі каланың арасы неше километр?» 
Мұнда сұрақ деректермен күрделенген. сондыктан сұрақта берілген 
деректер болмайтындай етіп, есеп мәтінін кайта кұру қажет. 
ғ) Есептің мәтіні өте ауыр немесе дәстүрлі емес (әсіресе 4-
сыныпта) болған жағдайда мәтінді мағынасына карай бөліктерге, 
құрама есептің кұрамына енетін жай есептерге бөлуге болады. 
II к е з е ң. Есептің шешуін іздестіру және жоспарын кұру. 
22 
Бұл кезеңде оқушыларға шамаларды, деректер мен ізделіндіні 
бөліп көрсетуге, олардың арасындағы байланысты анықтауға 
көмектесетін тәсілдер қолданылады. 
а) Еселті иллюстрациялап көрсету.
ә) Есепті талдау. 
б) Шешу жоспарын құру.
Есепті иллюстрациялап көрсетудін түрлері. 
1. Заттық иллюстрация — есепте сипатталған өмірлік жағдаятты 
анық түсінуге көмектеседі және амал тандап алуға ықпал етеді. 1-
сыныпта жиі қолданылады, өйткені балаларда көрнекі-образдық 
ойлау басым. 
а) Балалардың өздері: «Оқушылар таудан сырғанап жүр. 
Үйлеріне 5 қыз бала және 2 ұл бала кетті. Үйлеріне барлығы неше 
бала кетті?» 
ә) Заттар «Кәрзеңкеден алдымен 5 саңырауқұлақ, одан кейін 
тағы 2 санырауқұлак алынды. Барлығы неше саңырауқұлақ алынды?» 
б) Заттардын суреттері немесе модельдері: «Бір коянда 5 сәбіз, 
ал екіншісінде 2 сәбіз бар. Барлық сәбіз нешеу?» 
1) — Олардың модельдері, суреттер. 
2) — Геометриялык фигуралар (үшбұрыштар). Мұндайда 
оқушылардың құралдармен жүмысты өздері орындағаны жөн, 
сондықтан таратып беруге арналған материалдар қолдану кажет. 
2. Схемалық иллюстрация — шамалар, сандар (деректер мен 
ізделіңді) және олардын арасындагы байланысты қолайлы түрде 
көрсетуге болатын есептің кысқаша жазылуы. Бастауыш мектептің 
барлық сыныптарында қолданылады, өйткені оқушыларда көрнекі-
схемалық ойлау қалыптаса бастайды. 
а) Сөздер, сандар, белгілер көмегімен: 
I — 15 сөз Болғаны — 20 м 
II - ?, 5-суі артық Кеткені - ?, 5 м және 8 м 
Қалғаны - ? м 
о) Кесте түрінде: пропорционал және кері пропорционал 
шамаларға арналған есептер үшін. 

23 
б) Сызба түрінде: көбінесе қозғалысқа арналған


20 км/сағ 3 сағ 30 км/сағ 
в) График түрінде: ұзындықты табуға және шамалар арасындағы 
байланысқа (артық, кем, сонша) берілген есептер үшін 
г) Схема түрінде: 

24 
Мұнда иллюстрация оқушылардың көздерінше орындалады, тіпті 


олардың өздері мүғалімнің басшылығымен кейінірек өз беттерімен 
орындаса, жақсы болады. Ол деректер мен ізделінділер арасындағы 
байланысты анықтауға, амал тандауға және есепті шешуге 
көмектеседі. 
Мәтін бойынша есепті талдау — екі әдістен тұратын логикалык 
тұжырымдар тізбегі. 
I әдіс — аналитикалық — шешуді есептің негізгі сұрағынан шартына 
карай іздеу жолы: 
Болғаны - ? 10 д. және 5 д. 
Сыйлады - 3 д. 
Қалғаны — ? д. 
Есепте нені білу керек? (канша дәптер қалды?) 
Осы сұраққа жауап беруге бола ма? (жок). 
Неліктен? (неше доптср болғаны бслгісіз). 
Табуға бола ма? (ио, жолды және тор көз дәптердің қанша болғаны 
белгілі) 
II әдіс синтетикалык — деректер мен ізделінді арасындағы 
байланысты тағайындауда деректерден негізгі сұраққа карай іздеу: 
Ержанның 10 жолды және 5 тор көз дәптерлері болғаньн біліп, нені 
табуға болады? (Ержанда барлығы неше дәптер болды.) 
Ержанда барлығы неше дәптер болғаны және інісіне неше дәптер 
сыйлағаны белгілі болса, сұраққа жауап беруге бола ма? (иә, неше 
дәптер калғанын табу керек.) 
Шешу жоспарын кұру. 
Есепті талдау онын шешуін жазумен аяқталады, онын үстіне есепті 
шешудің әр түрлі тәсілдері оны талдау қалай кұрылатындығына, 

25 
шешуін іздестіру қандай жолдармен жүргізілетініне және шешу 


жоспары қандай болатынына байланысты болады. 
Шешу жоспары — қандай да бір амалды орындау арқылы мені 
білетінімізді түсіндіру және арифметикалық амалдарды орындау 
ретін анықтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет