Оқушыларға «Бас бармақ» тәсілікері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.
«Бас бармақ» тәсілі. Оқушылар өздері кері байланыс парағы таратылады.
«Бас бармақ» тәсілі
Кері байланыс парағы.
Сабақ №35
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып:
Қатысқан оқушы саны:
Қатыспаған оқушы саны:
Сабақтың тақырыбы
Рационал сандарды координаттық түзудің көмегімен қосу
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
6.1.2.10
бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау;
Сабақтың мақсаты:
координаттық түзудің көмегімен рационал сандарды қосу мен азайтуды үйренеді.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы 5 минут
Ұйымдастыру сәті Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Алдыңғы өткен сабақ мақсатын еске түсіріп, сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақтың мақсатын ашамыз (Слайд 1): 1. Координаталық түзу дегеніміз не?
2. Координаталық түзуде оң сандар қай бағытта кескінделеді?
3. Координаталық түзуде теріс сандар қай бағытта кескінделеді?
4. Координаталық түзуде сандарды қалай кескіндейміз?
5. Координаталық түзуде бүтін сандарды қалай салыстырамыз?
6. Термометрді координаталық түзу ретінде пайдалана аламыз ба? Неліктен? Термометрдің оң бағыты қалай қарайды?
(Слайд 2)
Келесі тапсырманы ауызша шешуге ұсыну: Тапсырма 1. Таңертең ауа температурасы 8° болды, ал түсте 3°-қа өзгерді (3°-қа жоғарылады). Түсте ауаның температурасы неше градус болды?
Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болады деп ойлайсыздар? (Оқушылар өз ойларын айтады). Оқушылардың жауаптарын қорыта келе сабақ мақсатымен таныстыру.
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.
Негізгі бөлім 10 минут
Жаңа сабақты түсіну. Жұптық жұмыс:
Тапсырма 1 қайта оралайық (Слайд 5). Оқушыларды ойландыру мақсатында жұппен талқылауға тапсырма беру (5 мин): Тапсырма 1. Таңертең ауа температурасы 8° болды, ал түсте 3°-қа өзгерді (3°-қа жоғарылады). Түсте ауаның температурасы неше градус болды?
1. Қалай есептеп таптыңыздар?
2. Есепті координаталық түзуде шешіп көрсетер болсақ қалай болар еді?
3. Ал егер есептің шартында бастапқыдағы температура -3°-қа өзгерсе ше? Бұл жағдайда есепті қарай шығарамыз?
4. Бұл жағдайда есепті координаталық түзу көмегімен қалай шығарамыз?
5. Координаталық түзуде берілген санға оң және теріс сандарды қосу алгоритмін құрыңыздар.
Координаталық түзуде 8 санын А нүктесімен кескіндейік. 8 санына 3 санын қосу үшін А нүктесін оңға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжытамыз. Сонда қосынды В нүктесің координатасына тең болады, В(11). Яғни 8+3=11. (Слайд 6)
Координаталық түзуде 8 санын А нүктесімен кескіндейік. 8 санына -3 санын қосу үшін А нүктесін солға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжытамыз. Сонда қосынды В нүктесің координатасына тең болады, В(5). Яғни 8+(-3)=5. (Слайд 7)
Осы жерде оқушыларда түсінбеушілік тудырмау үшін азайтындыны қосынды түрінде жазуға болатынын түсіндіру, мысал келтіру (Слайд 8): а +(- в) = а - в Мысалы: 8-3=8+(-3)
9-6=9+(-6)
-5-7=-5+(-7)
-11-4=-11+(-4)
Берілген тапсырма бойынша оқушылар қандай ереже құрғандарын айтып өтеді және оқушылардың берген дұрыс жауаптарының негізінде координаталық түзудің көмегімен сандарды қосу алгоритмін құрамыз. Координаталық түзуде а санына оң в санын қосу ережесі:
1. А(а) нүктесін белгілейміз;
2. Осы нүктені оңға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз;
3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және қосынды осы нүктенің координатына тең.
Координаталық түзуде а санына теріс в санын қосу ережесі:
1. А(а) нүктесін белгілейміз;
2. Осы нүктені солға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз;
3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және айырма осы нүктенің координатына тең.