Қатысты жағы басым екендігіне назар аударады. Алғашқы тҽңірлік бейненің қалыптасу кезеңдеріне тоқталады. Архетип бейнесінің ҿнерге қатысты жағы сҿз болады


ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2019



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата09.02.2023
өлшемі446,61 Kb.
#66373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2019 
 
 
45 
бында» Тҿбекҿз туралы жырда бұл діни түсінік жақсы кҿрініс тапқан. Ай қызының жердегі 
еркек кіндікпен жақындасуы жҽне одан бала табуы кейінгі кезеңдегі кҿрініске жатады. Бұл 
кҿрініс «Едіге» жырына да кіріккен. Бұны ҽйел құдайының еркек құдай алдындағы 
шарасыздыққа түсу кейпінен туған мотивке жатқызуға болады. Дінтанушы К.Армстронг 
мұндай шарасыздықты былайша түсіндіреді: «Алғашқы қауымдық құрылыста ҽйелдердің 
кҿп жағдайда еркектерден үстем тұрғаны шүбҽсіз. Кҿне діндердегі ұлы ҽйел құдайлардың 
беделі ҽйел затына деген құрметті айқын аңғартады. Бірақ қалалардың пайда болуы жҽне 
дамуы жауапкершілік қабілеті мен білек күші сынды еркекке тҽн қасиеттердің маңызын 
арттырды. Ҽйелдер ҿркениетті ҽлемнің жаңа кезеңінде шетке шығарылып, қоғамның тҿменгі 
сатысына ығыстырылды [2, 61-б.]. 
Қорқыттың періден тууының ҿзі матриархат заманының сенімінен шығатындығы 
турасында академик С.Қасқабасов: "Кейбір текстерде Қорқыт перінің қызынан, кҿрден 
шыққан диюдан, аққу құстан туған болып кҿрсетіледі... Қорқыттың тууына байланысты бұл 
айтылғандардың бҽрі – матриархат заманында тотемизмге негізделіп қалыптасқан адамның 
керемет болып туатындығына сенудің ҿзгерген түрлері" [1, 677-б.],-деп дҽлелдейді. 
Қорқыт ҿмір сүрген кезең қалалық мҽдениеттің Сыр бойында қалыптаса бастаған 
дҽуірімен тұстас келеді. Түрік қағанаты тұсында бұрынғы айға, күнге табынатын кҿне 
сенімдер ҿз қасиетінен айрылып қалды, түркі қауымы үшін Кҿк Тҽңірі бҽрінен жоғары 
кҿтеріліп, абсолюттік жаратушы деңгейінде ең үлкен тҽңірі дейгейінде санаға берік 
орныққан еді. Оның үстіне ислам дінінің түркі тайпалары арасында орныға бастауы бұрынғы 
тҽңірлік сенімдегі ҽйел бақсылардың айға табынушылық салтын біржола күйретіп жіберген 
болатын. Дегенмен, бұрынғы ескі нанымдардың кейбір жұрнақтары Қорқытқа қатысты 
айтылатын аңыздарда сақталып қалғандығы байқалады. 
Академик Ҽ.Марғұлан былай дейді: "Сырдария бойындағы ескі мҽдениет қалдықтарын 
зерттеуші ғалымдардың айтуынша, Қарахан, Оғыз дҽуірі Орта Азия ҿлкесінде қала салу, 
сҽулет кҿркейтуде ең бір кҿрнекті дҽуір болады. Олардың айтуынша, күмбезді үй, мұнарасы 
биік сарай, жалпы сҽулет ҿнерінің кҿркемі, кҿбінесе, осы айтқан Қарахан, Оғыз дҽуірінде 
болған. Міне, осы жағдайда Қорқыт пен Оғыз ханның аттарына байланысты сұлу ертегі - 
жыр туады (Оғызнаме)" [8, 179-б.]. 
Ислам дінінің келуі бұрынғы түркілердің ҽлемнің жаратылысы туралы ұғымына 
айтарлықтай ҿзгерістер алып келді. Д.Кенжетай бұл кезеңдегі ҿзгерістер турасында былай 
дейді: «Исламды қабылдауда ескі түркілік дүниетаным мен құндылықтық жүйенің маңызы 
зор болды. Бұрын ескі түркілік дүниетанымда ҽлем мҽңгілік деп есептелетін болса, исламнан 
кейін ҽлем ҿткінші сипатқа ие болды. Бұрынғы ҽлемді кеңістіктерге бҿлу арқылы мҽнге 
айналған құндылықтар жүйесі тұтастыққа жетіп, барлық ҽлемдік қабаттар, кеңістіктер мен 
бағыттар Алланың ақиқатына, сипаттарына, сонымен қатар моральдық орындар мен 
дҽрежелерге айналды» [9, 13-б.]. 
Бұрын шамандық сенім бойынша үш ҽлемді еркін аралай беретін бақсылардың тылсым 
дүниесі туралы түсінік ислам түсінігіне сҽйкес ҿзгерістерге ұшырай бастады. Пҽни дүниенің 
ҿткіншілігі мен бақилық дүниенің мҽңгілігі арасында тұрған сынаққа қатысты пайымдар, 
ҿлім мен тағдыр секілді Алла тарапынан ҽр адамның пешенесіне жазылып қойылған 
бұлжымас ережелер бақсылық түсініктерге қарсы ауыр соққы боп тиді. Қорқыттың ҿлімнен 
қашуы туралы аңыздың да шығу тарихы кҿне мифпен, бақсылық дүниетаныммен ұштасып 
жатқандығын байқауға болады. Шамандық сенім бойынша шамандық ағаш (бҽйтерек) аспан 
мен жерді байланыстырып тұрған ҿмір ағашы ретінде бейнеленеді. Ҽлемнің тҿрт тарабы 
тұңғиық сумен кҿмкерілген. Үлкен ҿзендер бастауын жоғарыдан, яғни ғарыштан алады деген 
түсінік болған. Ол турасында Е.М.Мелетинский былай дейді: «Солтүстік халықтарының 
шамандық мифологиясында (функциясы жағынан ҽлемдік ағашқа, шамандық діңгектерге




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет