Байланысты: THE APPEARANCE AND CHARACTER OF THE GOD IN KORKYT\'S SHAMANISTIC CONVICTIONS[#1159630]-2586559
ЯСАУИУНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2019 48
Сыр бойында бой кҿтерген қалалар ішінде ҽулиенің
ашуы арқасында бір елдің жойылуы
жҿнінде аңыздар кездеседі. Оның алғашқысы – Бегім ана оқиғасына байланысты. Бегім ана
Жанкентті билеген Санжар ханның жұбайы болған екен дейді аңызда. Оның пҽктігіне күмҽн
келтірген хан құлдың сҿзіне еріп, ҽйелінің екі қолын шауып, зынданға тастайды. Бегім
ананың ҽкесі – Қарабура ҽулие оқиға барысына қатысты Жанкент қаласына келеді. Ол
қызының ақ екеніне кҿз жеткізіп, Санжар ханға наразы екенін білдіреді. Күйеу баласы
хандық құрған Жанкент қаласы содан кейін жыландар шабуылынан жермен-жексен қирапты
деп айтылады. Тарихи деректерге келгенде сол кезде ҿмір сүрген қыпшақ тайпалары ішінде
жылан культіне табынған тайпалардың болғандығы туралы да айтылады. Оғыз тайпалары
мен қыпшақ тайпалары арасында болған қақтығыстар кезінде қыпшақтар туында жылан
бейнесі болған. Жалпы қазақтар үшін ордалы жыландар киелі ҽрі тылсым дүниемен
байланысы бар мақұлық ретінде қарастырылатыны бар жҽне бұл ұғым осы күнге шейін
халық арасында жақсы сақталып қалған. Үнді жҽне Иран дереккҿздеріне сүйенсек түркі
халықтарын жылан ұғымымен сҽйкестендіре қарағанын кҿреміз.
Үнді мифологиясында
былай дейді: «Нагалар Брахманың балалары жҽне олар арий тайпасынан шыққан, нагалар
бірнеше руға бҿлінеді, олардың кейбірі мыналар: Такшак, Ахи, т.б. Такшак руының
(Taksaka) атына орай такшак сҿзі жылан нҽсілінен дегенді білдіреді. Кҿшпелі моңғол елінің
тошарыс «Tocharis» жҽне Такуир (Takuir) тайпалары да осы жылан сҿзінен алынған, сонымен
бірге Түркістан елінің аты да осы Такур «Takuir» тайпасынан келіп шыққан.
Такшактардан бҿлек күш-қуаты орасан күшті тағы бір тайпаның аты – «Аһи» деп
аталады. Ол «ажи» (аси, ази) сҿзінің ҿзгерген түрі. Ажи тайпасының негізін қалаушы
патшаның аты Веретра (Viritra) оның лақабы Дахак болған. Дахак шағатын ҽрі қорқынышты
жыланның бір түрі» [17, 162-б.].
Иран ғалымының пайымдауынша, жалпы түрік деген атаудың ҿзі кезінде жылан деген
сҿзден шыққандығын айтады. Ендеше кезінде түркі тайпалары шамандық наным орныққанға
дейінгі кезеңде жылан культін қастерлегенге ұқсайды. Сонда кҿшпелі түркілер ҿзі ҿмір
сүрген үйді де орда деп, құрған мемлекетін де үлкен орда деп атауының ҿзі кезінде ордалы
жыланмен байланысты қарастырса керек. Қорқыт атаға қатысты аңыздар ішінде жыланға
қатысты айтылатын ұғымдардың кҿп болуының ҿзі сол кезеңдердегі жыланға қатысты кҿне
халық жадында сақталып қалған кҿне түсініктердің қалдықтары болса керек.
Сыр бойында сақталған Қорқыт туралы аңыздарды саралай келе бұл аңыздардың шығу
тҿркіні ислам түсініктерінен бұрын қалыптасқан шамандық нанымдармен тікелей
байланысты екендігін аңғарамыз. Ҿлімнен қашып желмаясымен дүниенің тҿрт тарабын
шарлауының ҿзі бақсылардың даңғараға не қобызға отырып алып дүниені тылсым арқылы
шарлайтындығы жайлы түсініктің ҿзгеріске түскен түрі кейін халық арасында аңыз ретінде
сақталып қалған. Қобызбен күй тартуы арқылы су үстінде қалқып тұру, ажалдың оған жолай
алмауы секілді аңыздардың шамандық сенімдегі күй арқылы жындармен, тҽңірімен трансқа
түсуінен келіп шыққан дүниелер екендігін пайымдауға болады. Қорыта айтқанда, Қорқыт
туралы халық арасында сақталған аңыздардың шығу тҿркіні сонау Орталық Азия
кеңістігінде тамырын тереңге жайып үлгерген шамандық жайлы түсінік пен ҽлемнің
жаратылысы, алғашқы құдайлар турасындағы мифтік сенімдердің біржола жойылып кетпей,
кейінгі кезге шейін ислам құндылықтарымен қатар ҿмір сүріп келуі арқасында жақсы
сақталып қалудың салдарынан келіп шыққан түсініктер деп қарауымызға болады.