Қатысты жағы басым екендігіне назар аударады. Алғашқы тҽңірлік бейненің қалыптасу кезеңдеріне тоқталады. Архетип бейнесінің ҿнерге қатысты жағы сҿз болады


ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2019



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата09.02.2023
өлшемі446,61 Kb.
#66373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2019 
 
 
43 
зуші дҽнекер кейпінде кҿрініс берген. 
Мысалы: 
Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата, 
Бата алған тамам бақсы асқан ата. 
Таң қалып жұрттың бҽрі тұрады екен, 
Қобыз алып Қорқыт ата күй тартқанда. 
Ерте кездерден-ақ ел арасында «қырықтың бірі – қыдыр», «кҿп тілегі қабыл» деген 
секілді ырымдар сақталып қалған. Жалпы түркі жұрты ерте дҽуірлерден-ақ ел басқарған 
хандарын Құдайдың жердегі кҿлеңкесі, қасиет қонған киелі адам деп түсінген. Оның 
қасында жүретін кеңесшісі ҽрі ақылгҿй абыздарды да тылсым күшпен байланысы бар
келешекті болжайтын құдірет иесі деген түсініктер орын алған. Қобыз тартып тылсым 
күшпен байланыс орнататын абыздар мен бақсылар Тҽңірі мен адамдар арасындағы елші, 
хабар ҽкелуші миссиясын орындайтын болған. Сондықтан да абыздан бата сұрау салты ерте 
кезеңдерде қалыптасқан, бұл ҽсіресе «Қорқыт ата кітабында» жақсы кҿрініс тапқан. 
Қорқыттың күй тартып Сырдарияның ағысын тоқтатқандығы туралы аңызды келтіре отырып 
Е.Тұрсынов мынадай тұжырым айтады: «Демек, аңыздың бұл айтқандары да бақсы 
ойынының тҽртібіне сайма-сай келіп отыр. Күйді құмартып тыңдап отырған бүкіл аң, құс, 
ҿзен, т.с.с. – жер, су иелері, жалпы табиғат иелері, бақсының күй тартып, сарын айтып 
шақырған жын-перілері екендігін байқау қиын емес. Бақсы күй тартып, сарын айтқанда
шалғай жерлерде, ҿлілер дүниесі мен жоғары дүниеде тұратын жын, аруақтарын, тірілер 
дүниесін мекендейтін, тау-тастарда, ҿзен-суларда, орман-шҿлдерде тұратын «иелерді» 
жиналыңдар деп шақырады»[4,237-238-бб.]. 
Ертедегі адамдар жауға шапса да, аңға шықса да бақсының сарынынсыз жолға 
шықпайтын болған. Олардың түсінігінде бақсылар ҽр жердің киелерімен қобызда, даңғарада 
сарын ойнау арқылы тілдесе отырып жолға шығуға болатындығын не болмайтындығын 
болжап, қауіптің қай тұстан келетіндігін айтып сҽуегейлік жасайтын қасиетке ие. Қобыздың 
ерекше киесі турасында Ҽ.Қоңыратбаев мынадай тұжырым жасайды: «Енді бір аңызда ат 
бҽйгесіне қыз тігілгенде, Қорқыт қобызын қосып, қыз жеңіп алған екен делінеді. Бақсылар, 
жыраулар қобызбен сарнағанда, дауыл тұрып, алты қанат үй шайқалыпты. Осындай жыр
күй ҽруағы бар адамдарға қонады дейтін ҽңгімелер ел аузында кҿп. Ондай аңыздар ҽрбір 
күйші, жырау, ақын жҿнінде айтылады. Ертеде музыка, поэзия культі діннен күшті болған. 
Мысалы, Қорқыт жырларында батырлар жауға тиер кезде қобыз ойналған. Жау қолына 
түскен Бҽмсі-Байрақ (Алпамыс) ҿзін іздеп келген оғыз батырларын қобызынан таниды» [5, 
447-448-бб.]. 
Ерте кезеңдерде адамдар айға, күнге табынған тұста бақсылықты негізінен ҽйелдер 
орындаған. Қорқыт дҽуірінде ҽйел бақсылардың орнын еркек бақсылар басып, олардың пірі 
Қорқыт ата болған. Сыр бойында қалалық мҽдениеттің дами бастауы мен ислам дінінің 
орнығу салдары бұл жерлерде бұрынғы Ай құдайына табынатын ғұндар дҽуірінен сақталған 
кҿне нанымдарды біржола күйретеді. Оғыз тайпаларының кезінде Айға табынғандығы 
жайлы белгілер «Оғызнама» кітабында кҿрініс тапқан. Тҽңірімен байланысқа шығып, 
тылсым күштермен сҿйлесетін ҽйел бақсылар тарих сахнасынан біржола кетеді. Ҽйел 
бақсылар христиан, ислам діні орнықпаған Алтай, Сібір секілді халықтарында ғана сақталып 
қалғаны белгілі. Сыр бойындағы ҽйел бақсылардың жойылуы туралы аңыз Қорқытқа 
қатысты аңыздарда реликті түрде сақталып отырған. Соның бірі былайша айтылады: 
«Қорқыт ҿлімге мойын ұсынбай, Сыр суының үстіне Желмаясының жабуын тҿсеп, қобызын 
толассыз сарнатып отырады екен дейді. Қара қобызын сарнатып отырғанда ажал маңайына 
жолай алмапты. Қобыз дауысы жеті күндік жерге жетіп, дүниенің бҽрін сүттей ұйытса керек. 
Күндердің күнінде қиян шалғайда жатқан арқадағы бір ауылдың серуен құрып жүрген қырық




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет