Қатысты жағы басым екендігіне назар аударады. Алғашқы тҽңірлік бейненің қалыптасу кезеңдеріне тоқталады. Архетип бейнесінің ҿнерге қатысты жағы сҿз болады


ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2019



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата09.02.2023
өлшемі446,61 Kb.
#66373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
THE APPEARANCE AND CHARACTER OF THE GOD IN KORKYT\'S SHAMANISTIC CONVICTIONS[#1159630]-2586559

 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2019 
 
 
46 
жақын) жоғары мен тҿменді, аспан мен жерді байланыстырып тұратын шамандық ҿзен 
болады деген кҿзқарас бар; демек, су басы – жоғарғы ҽлем, ал су аяғы тҿменгі ҽлем болып 
саналады. Осыған сҽйкес су аяғы кҿп жағдайда тҿменгі ҽлем орналасқан жақпен 
теңестіріледі (кҿпшілігінде солтүстік айтылады)» [10, 217-б.].
Қорқыттың ҿлімнен қашып ҽлемнің тҿрт тарабын шарлауы, ҿлімнен қашуы бақсылық 
түсініктегі үш ҽлемді қобызға мініп шарлайтын тылсыммен қатысты ұғымдарды білдіреді. 
Қорқыттың су бетінде қалқып отырып ҿз ажалын күтуі, ажалдың жылан кейпінде келіп оны 
шағып ҿлтіруі де кҿне нанымдарда бар дүниелер, онысы күн құдайының ҽр күні жер 
астындағы жыландар мекендейтін қара ҿзенге барып жоғалуы туралы кҿне египеттік мифке 
жақындайды. Мұндай түсініктер байырғы халықтардың мифтік пайымдарында кесдесе 
береді: «Мифологические истоки образа Коркута, согласно мифологическим разработкам 
О.Сулейменова, восходят к древнеегипетским мифологическим представлениям. Коркут – 
Hr. hvt – Старое Солнце. «Каждый вечер Hr. hvt спускается в подземный мир, где течет 
черная река – убежища водного змея Р-р. Старый Hr. hvt погибает в схватке со змеей» [11, 
180-б.]. 
Кҿп жағдайда Қорқытқа қатысты туған аңыздардың исламға дейін кҿптеген ғасырлар 
бұрын дүниеге келген кҿне мифтерден, ҽлемнің жаратылысы жайлы тас, қола дҽуірлерінде 
қалыптасқан ескілікті ұғымдардан бастау алатындығын кҿреміз. Қорқыт ажалдан қашып 
астындағы Желмаясын сойып, оның терісінен шанақ жасап, қобызын сарнатып судың 
үстінде қалқып отырады. Кҿне сенім бойынша сойылған малдың терісінде ұйықтау, сол 
арқылы тҽңірімен түсінде тілдесу, су иесімен байланысқа түсудің тылсым түсініктерінің 
барлығы Қорқытқа қатысты аңыздарда кҿрініс тауып отырған. Мұндай түсініктердің кезінде 
еуропалықтар арасында болғандығы турасында Дж. Фрезер мынадай түсінік береді: «Так, 
прорицатель Калхас был почитаем в Дриуме, в Апулии, и обращавшиеся к его помощи люди 
приносили в жертву черного барана и спали на шкуре животного. Другим древним и 
почитаемым в Италии оракулом был оракул Фавна, и обращение к нему происходило 
аналогичным образом: вопрошающий закалывал овцу, расстилал на земле ее шкуру и 
ложился на ней спать, чтобы во сне получить ответ. Если верно, что оракул, как есть 
основание думать, находился в священной роще близ водопада в Тибуре, то мрачные тени 
деревьев и шум падающей воды могли внушить пилигриму чувство религиозного 
благоговения и повлиять на сновидение. Небольшой круглый храм, который и теперь еще 
возвышается над водопадом, был, по-видимому, тем самым местом, где бог полей и лесов 
якобы нашептывал ответы в уши спящих паломников» [12, 157-б.]. 
Шамандар тҽңірінің аянын халыққа жеткізу үшін бақсылық ойынға түсіп, түрлі 
қимылдар жасап даңғырасына, қобызына мініп үш ҽлемді аралайтын болған. Түсінде 
жындармен, аруақпен, тҽңірімен кездескен соң тҽңірінің айтқан ҽмірін тылсым байланысқа 
түсу арқылы естен тана құлаған кезінде, яғни, түсінде естиді де оны халыққа жеткізіп 
отырады. Бақсы сарынында «Су аяғы Қорқыт», «Су аяғы құрдым» деп Сырдың тҿменгі 
ағысын Қорқытпен байланыстырады. «Қазақтың «дүниенің тҿрт бұрышы» деген сҿзі осы 
мифтік ұғымға меңзейді. Оның үстіне архаикалық мифтерде тегістікті басынан аяғына дейін 
(яғни жоғарғы бұрышынан тҿменгі бұрышына дейін) байланыстырып тұратын нҽрсе – ҿзен 
болса (бұл жерде ҿзен үш вертикальді ҽлемді байланыстырып тұратын космостық ағаш 
сияқты), ондай түсінік қазақ арасында да із қалдырған. Ҽдетте, қазақтар «су басы», «су аяғы» 
деп қана қоймайды, сонымен бірге «суды ҿрлеп», «су аяғы құрдымға кетті...» деп те айтады. 
Мұндағы «су басы», «суды ҿрлеуі» – жоғарғы жақ та, «су аяғы», «құрдым» – тҿменгі жақ» 
[13, 88-б.]. 
Бақсылардың пірі болған соң ондай адамдар кҿзге кҿрінбеген аруақ күйінде адамдарға 
қолдау жасайды деп ұғынған. Халық арасында «Ҿлі десем, ҿлі емес, тірі десем, тірі емес күй




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет