Қатысты жағы басым екендігіне назар аударады. Алғашқы тҽңірлік бейненің қалыптасу кезеңдеріне тоқталады. Архетип бейнесінің ҿнерге қатысты жағы сҿз болады


Keywords: Korkyt, healer, kobyz, God, legend, the Syrdarya valley, shaman.  Б.С.Абжет



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата09.02.2023
өлшемі446,61 Kb.
#66373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Keywords: Korkyt, healer, kobyz, God, legend, the Syrdarya valley, shaman. 
Б.С.Абжет 
кандидат филологических наук, доцент, Международный казахско-турецкий университет 
имени Ходжа Ахмеда Ясави (Казахстан, г.Туркестан) E-mail:bakyt.abzhet@ayu.edu.kz 
 
ОБЛИК И ХАРАКТЕР ВСЕВЫШНЕГО В ШАМАНСКИХ
УБЕЖДЕНИЯХ КОРКЫТА 
Автор в данной статье обращает внимание на преобладающую сторону шаманского 
убеждения и отдаление от религиозных толкований при исследовании исторического 
происхождения мифических рассказов и легенд о Коркыте, сохранившися в долине 
Сырдарьи. Останавливается на стадиях формирования образа творца. Рассматривается образ 
архетипа по отношению к искусству. Также автор проводит подробный научный анализ 
сохранившихся древних мифических понятий, характерных первоначальным богам, легенда, 
связанных с появлением на свет Коркыта, избежанием смерти, а также связанных с кюями, 
которые он сочинил.
Ключевые слова: Коркыт, баксы, кобыз, Всевышний, легенда, долина Сырдарьи, шаман. 


 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2019 
 
 
41 
 
Түркі халықтары ішінде Қорқыт секілді жалпыға бірдей мҽшһүр болған, ол жайлы 
аңыздары шартарапқа кең таралған тұлғаны кездестіру қиын. Қорқыттың атағы ислам діні 
тарай бастаған кезеңге сҽйкес келгендіктен түркі жұртында тараған аңыздардың ҿзі де екі 
түрлі боп келеді. Батысқа қарай кҿшкен оғыз тайпалары кезінде Қорқытқа қатысты 
аңыздарды ҿзімен бірге ала кеткенімен, оларда сақталған негізгі идея Қорқыт алғашқы 
мұсылман дінін қабылдаған тарихи тұлға ретінде қалыптасып қалған бейнесі жазба деректер 
арқылы кҿрініс тауып отырады. Сыр бойында мекен еткен қыпшақ тайпалары арасында 
бақсылардың пірі ҽрі сҽуегей кҿріпкел, керемет емші ҽрі ҽулие сипатында айтылады. Дала 
қазақтарының ұғымында бұрынғы кҿне ұғымдар жақсы сақталғандықтан ол туралы 
аңыздардың кҿбі бұрынғы қазақтардың мифтік ұғымына сҽйкес келеді. Түріктер мен 
ҽзербайжандар Қорқыт атаны алғашқы ислам дінін таратушы діни қайраткер ретінде 
қарастырса, қазақ, ҿзбек, түрікмен, қарақалпақ, қырғыз секілді Орта Азия мен Қазақстанда 
тұратын түркі халықтары оны кҿбіне бақсылардың пірі, шамандық нанымның ҿкілі ретінде 
сипаттау түсінігі кҿбірек белең алғандығын кҿреміз. Бізде мифтік сарындар басым боп 
келетіні ҿтірік емес. Қорқыт жайлы жазба деректер шығыс ғұламаларының еңбектерінде де 
ұшырасып отырады. Қорқыт абыздың ел ішіндегі беделі жайлы кезінде атақты шайыр 
Ҽ.Науаидың ҿзі былай деп пікір айтқан: «Бетіңде нұр жауғыр Қорқыт ата еді, түркі ұлысы 
арасында одан даңқты, одан асқан кісі жоқ еді. Оның даңқы ешкімге жеткізбейтін еді. 
Ҿзгешелігі, данышпандық атының кҿп шығуы, неше жыл ҿзінен бұрынғыны білуі, неше жыл 
ҿзінен соңғыны, келешекті айтып беруі, оның таң қаларлық нақыл сҿздері осы күнге дейін 
бар» [1, 56-б.].
Қорқыт атаның халықтың шексіз ықыласына ие болуының сыры тек қана кҿріпкелдігі 
мен бақсы болғандығында жатпаса керек. Бір жағы ІХ-ХІ ғасырларда Сыр бойында 
қалалардың бой кҿтеріп, сҽулет ҿнерінің дамуы, музыкалық аспаптардың жетілуі мен күй 
жанрының дүниеге келуі, қобызда орындаған Қорқыттың күйшілік шеберлігі, жыр 
жанрының дамуы мен оғыз-қыпшақ жырларының Қорқыт маңайында цикльді жырларды 
құрауының ҿзі Қорқыттың атағын асқақтатуға қызмет етті деуге болады. Сыр бойындағы 
қалалардың тез дамуы, сауда-саттық арқылы мҽдени байланыстардың артуы арқасында дала 
мҽдениеті мен қала мҽдениеті арасындағы ҿзара үйлесімділіктің жақсы жолға қойылуы 
негізінде Қорқыт секілді далалық тұлғаның қала мҽдениетіне тигізген ҽсері ғасырлар бойы 
түркі халықтарының жадында мықты сақталып қалған. Қалалық мҽдениетке бейімделе 
бастаған оғыз тайпалары кезінде Сыр бойында бірнеше қамалдар тұрғызған болатын. 
Кҿшпелі дҽстүрде ҿмір сүретін қыпшақ тайпалары ислам дінін ертерек қабылдай бастаған 
осы оғыз тайпаларымен тығыз араласа жүріп жаңа мҽдениеттің қалыптасып келе 
жатқандығын аңғарды. Осындай ауыс-түйістердің бҽрі Қорқыт бейнесінің айналасына 
топталып жатқан еді. 
Бір жағы тҽңіршілдік сеніміндегі қыпшақ тайпалары мен исламды қабылдаған оғыз 
тайпалары арасындағы пікір қайшылығын ҿзара ұштастыру жолында Қорқыттың абыздық 
бейнесі кейін оны ҽулие, бақсылардың пірі, болашақты болжайтын кҿріпкел деңгейіне дейін 
кҿтергенге ұқсайды. Қорқыт туралы тараған аңыздар мен кейбір жазба деректерге қарап, 
оның тарихта нақты болғандығы не аңызға құрылған жинақы образ екендігін ажырату 
жолында кҿптеген ғылыми еңбектер жазылды. Сонда да ҽлі күнге шейін оның нақты қай 
жылдары туғандығы турасында қорқыттанушы ғалымдардың арасында бірізділік жоқ. 
«Қорқыт Ата кітабы» ХV ғасырларда жинақталғандықтан онда ислам дінінің тигізген ҽсері 
мен іздері байқалып отырады. Ал, Сыр бойында туған Қорқыт аңыздарының дені 
тҽңіршілдік сенімге қатысты дүниелер болып келеді. Қорқыт Ата туралы аңыздар мен 
мифтік ҽңгімелерді байыптап қарап отырғанымызда онда тҽңірлік құдай бейнесіне қатысты 
қалыптасқан түсініктер, аналық жҽне аталық құдайлардың образдық үлгілері қылаң беріп




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет