Секция:химия Тақырыбы: «Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосарлы әсері»
Орындаған: №59 жалпы білім беретін орта мектебінің
химия пәні мұғалімі Даухаренова Назира Эргасеновна
Аннотация
Зерттеу мақсаты: тамақ өнеркәсібінде қолданылатын, оның ішінде нан, ет-шұжық өнімдері құрамындағы тағамдық қоспаларға талдау жасау
Зерттеу нысаны: нан және ет-шұжық өнімдеріндегі тағамдық қоспалардың химиялық құрамы, олардың адам денсаулығына кері әсер ету процесі
Зерттеу пәні : азық-түлік өнімдеріндегі тағамдық қоспалар.
Зерттеу болжамы: Егер:
● тұрғындарды тағамдық қоспалардың адам денсаулығына әсері жөнінде жан-жақты ақпараттандырса, онда халықтың денсаулық көрсеткіші жақсарар еді
● адамдардың табиғи азық-түлік өнімдерін қолдану деңгейі артады
Зерттеу міндеттері:
●тағамдық қоспалар және олардың түрлері туралы теориялық материалдар мен дерек көздерін зерттеу;
● ет-шұжық өнімдерінің химиялық құрамына талдау жасау;
● белгілі бір қауіпті тағамдық қоспалары бар азық-түлік өнімдерін қолдану бойынша ұсыныстар келтіру.
Зерттеу әдістері: теориялық материалды сараптау және жүйелеу,ет-шұжық өнімдеріндегі тағамдық қоспаларға салыстырмалы талдау жасау және бағалау;
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы:
Азық-түлік өнімдеріндегі тағамдық қоспалар туралы теориялық материалдар мен деректер көзі жүйеленді
Тағамдық қоспалардың химиялық құрамы мен адам денсаулығына әсері жан-жақты қарастырылды.
Тағамдық қоспалары бар өнімдерді қолдану жөніндегі нұсқаулық жасақталды.
Шұжық өнеркәсібінде қолданылатын негізгі тағамдық қоспалар түрі анықталды.