І. 1. Тағамдық қоспаларға жалпы сипаттама
І. 2. Тағамдық қоспалардың жіктелуі
І.3. Бояғыштар
І. 4. Жасанды және зиянды тағамдық қоспалардың химиялық құрамы
ІІ. Эксперименттік бөлім І.1. Ет-шұжық өнімдеріндегі тағамдық қоспалардың құрамын анықтау
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезеңде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда.
Қазіргі технология қарқынды дамыған заманда тағамдық қоспаларсыз тамақтануды елестету мүмкін емес. Дегенмен, тамақты қабылдаумен байланысты болатын аурулардың таралуын тоқтату немесе болдырмау үшін адамзат баласы құрамында қауіпті, аса қауіпті тағамдық қоспалары бар азық-түлік өнімдерін пайдаланудан бас тартуы қажет. Осы орайда зерттелініп отырған жұмыстың өзектілігі көрінеді. Ол үшін біз тұтынушыларды ақпараттандыру жұмысын жүргізуді ұйғардық. Әсіресе нан және шұжық өнімдерінің құрамындағы тағамдық қоспалар зерттелінді.
Зерттеу мақсаты:тамақ өнеркәсібінде қолданылатын ет-шұжық өнімдері құрамындағы тағамдық қоспаларға талдау жасау
Зерттеу нысаны: ет-шұжық өнімдеріндегі тағамдық қоспалардың химиялық құрамы, олардың адам денсаулығына кері әсер ету процесі
Зерттеу пәні : азық-түлік өнімдеріндегі тағамдық қоспалар.
Зерттеу болжамы: Егер:● тұрғындарды тағамдық қоспалардың адам денсаулығына әсері жөнінде жан-жақты ақпараттандырса, онда халықтың денсаулық көрсеткіші жақсарар еді● адамдардың табиғи азық-түлік өнімдерін қолдану деңгейі артады
Зерттеу міндеттері:
●тағамдық қоспалар және олардың түрлері туралы теориялық материалдар мен дерек көздерін зерттеу;
● белгілі бір қауіпті тағамдық қоспалары бар азық-түлік өнімдерін қолдану бойынша ұсыныстар келтіру.
Зерттеу әдістері: теориялық материалды сараптау және жүйелеу,ет-шұжық өнімдеріндегі тағамдық қоспаларға салыстырмалы талдау жасау және бағалау