Рефлексивті-түзету
балалардың жұмысын мадақтау. Жасалған жұмыстары көрмеге қойылады.
Балалардың жауабы.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: Ойыншықты топ-топқа бөлу
Түсінігі қалыптасты: Ойыншықтардың атауын білу
Айта қолдана алады:Кеңістікте орналастыру, салыстыруды.
Толтырған тәрбиеші: ________
Тексерген әдіскер: ________
Күні________
Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімі: «Ойыншықтар әлеміне саяхат»
Тақырыбы: Жұмсақ ойыншық.
Сабақтың білімділік мақсаты: Балаларды ойыншықтың түрлерімен таныстырып, соның ішінде жұмсақ ойыншыққа жеке тоқталу, түсіндіріп айту.
Көрнекі құралдар және дидактикалық материалдар: Әртүрлі жұмсақ ойыншықтың суреті.
1. Әңгіме жүргізу:
Балалар, қараңдаршы қандай әдемі, әсем ойыншықтар! Біз бүгін осы ойыншықтар туралы әңгімелесеміз.
- Балалар ойыншықтарды бірнеше түрге бөлеміз: қатты, жұмсақ, резеңке. Қатты ойыншықтарға машина, ұшақ, пойыз, ал, жұмсақ ойыншықтарға: аю, қоян, түлкі жатады. Резеңке ойыншықтардың жұмсағыда қаттысы да болады.
2. Ғажайып сәт.
Есік қағылады. Топқа бауырсақ кіреді
- Балалар, бізге қонақ келіпті, кім екен? Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен атам мен апамнан ойнап жүріп адасып қалдым, сендерге маған көмектесесіңдер ме?
- Балалар, бауырсақ қай ертегіде кездеседі?
- Бауырсаққа кімдер кездеседі?
Сендер бауырсаққа көмектесу үшін осы кейіпкерлердің әр түрлі тапсырмалары бар екен. Сол тапсырмаларды орындасаңдар ғана бауырсақ атасымен апасын таба алады.
Бауырсаққа бірінші кім кездеседі.
1. Қоян: «Ойыншықтарды сипаттап, түстерін пішіндерін айтып бер»
2. Қасқар: Ойын: «Кім жылдам»
Шарты: Ойыншықтарды көрсеткенде олардың аттарын жылдам айту керек.
3. Аю:Алақай балалар, бауырсақ атасы мен апасына келді.
4. Енді апа мен ата, барлығымыз Динеш блоктарын пайдаланып ойыншықтар құрастырайық. Ол үшін бірнеше топқа бөлініп алайық.
Достарыңызбен бөлісу: |