Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет36/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   255
Байланысты:
zhinak

Əдебиеттер тізімі:
1.Майлықұтова М. «Ғасыр басындағы «арабшылдар» мен «латыншылдар» пікірталасы» 
// «Ақиқат» журналы. 2006 жылғы №2 саны, «Жедел басып шығару ЖШС» баспаханасы, 25 
бет.
2.Байменше С. «Салақ қарауға болмайтын салмақты іс» // «Егемен Қазақстан» газеті, 
2006 жылдың 12 маусымы.
3. Майлықұтова М. «Латын графикасына көшуге байланысты ХХ-ғасыр басындағы қазақ 
зиялыларының пікірталасы» // «Əлемдік мəдениет жəне білім кеңістігіндегі тілдер». Халықа-
ралық ғылыми конференция материалдары. Алматы, «Қазақ университеті» баспасы, 2004 
жыл. 134 бет.
4.Исхан Б.Ж. «Тілдің табиғи даму заңдылықтары – сөздік құрам баюының кең өрісі» // 
«Мемлекеттік тілдің мəртебесін арттыру – əрбір азаматтың парызы». Халықаралық ғылы-
ми-практикалық конференция материалдары. Орал, 2005 жыл. 74–75 беттер.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗЖАСАМ ЖҮЙЕСІ
Қамбарқызы А., Үшкемпір Ж.Н., Қорғау А.М
«Амангелді» атындағы орта мектебі Алға ауылы
 Шу ауданы Жамбыл облысы
Тіл-қатынас құралы ретінде ойлаудың тікелей шындығын, болмысын сөйлеу, жазу 
арқылы білдіреді. Тілдің ең кішкене бөлшегі – сөз болса, сөздердің өзара тіркесіп келуі 
арқылы ғана тілдік ұғым жасалады. «Сөздердің жасалуы» деген бөлім тілдік материалдың 
қарастыратын мəселелеріне қазақ лексикасындағы сөздердің қандай амал-тəсілдер арқылы 
жасалатынын анықтайды. 
Сөзжасам – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық 
дамуын, жасалу тəсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралыұғымтілдетаңбала-
нып, сөзжасамдық процесс негізіндеатауретіндетанылады. Сөзжасамныңзерттеунысанынаа-
таудыңжасалуы, қалыптасуы, ұғымдақалыптасқанбейненіңтілдіктаңбасы, туындысөздіңжа-
салусипаты, əдіс-тəсілдері, жаңамағынаныңішкіқұрылымы, т.б. жатады. Қазақтілінің сөзжа-


67
самжүйесіатаудыңқалыптасуыменқатар, мағынаныңдамуын, ұғым-мағына - атаудыңкешен-
дібірлігінқарастырады.
Қазақ тіл білімінде сөзжасам жеке сала ретінде ХХ ғасырдың соңында қалыптасып, ғылы-
ми-теориялық мəселелері мен ұстанымдары айқындалған болатын. Ол 1989 жылы шыққан 
«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографияда дəлелденген еді. Аталған мо-
нографияда алғаш рет тілдің сөзжасам жүйесі зерттейтін мəселелер – сөзжасамдық жүйе, 
сөзжасамдық бірліктер, сөзжасамдық заңдылықтар, сөзжасамның амал-тəсілдері, сөздердің 
жасалу жолдары, сөзжасамдық үлгілер жəне басқа да сөзжасамға қатысты тілдік құбылыстар 
алғаш рет ғылыми тұрғыда сараланып, айқындалды. Содан бері қазақ тілінің сөзжасамдық 
жүйесінің табиғатын тануға арналған ғылыми еңбектердің саны артып, сөзжасамдық құ-
былыстар жан-жақты зерттелуде жəне əлі де зерттеу нысаны болуда[1].
Сөзжасам жүйесiнде барлық сөзжасамдық бiрлiктер бiр-бiрiмен тығыз байланысты, бiрi 
бiрiн құрайтыны белгiлi. Сондықтан да оларды бiрнеше қырынан қарастыруға болады. Сөз-
жасамдық ұяны сөзжасамдық тiзбектердiң, я болмаса, сөзжасамдық тарамдардың немесе 
бiрнеше сөзжасамдық жұптың жиынтығы ретiнде сипаттауға болатыны белгілі. Олай болса, 
сөзжасамдық ұяны сөзжасамдық сатылардың жиынтығы ретiнде де қарастыруға əбден бола-
ды. Өйткенi сөзжасамдық ұяны бiр түбiрден тараған туынды сөздердiң жиынтығы құрайды, 
ал оларды жүйелi ұйымдастырып, əрқайсысының сөзжасамдық тарихын көрсететiн – сөз-
жасамдық ұяның құрамдас бөлшектерiнiң бiрi – сөзжасамдық сатылар. Олар ұяда болатын 
барлық процестерге қатысты. Яғни, сөзжасамдық саты да сөзжасамдық тiзбек, тарам, жұп 
сияқты, сөзжасамдық ұяның бөлiнбес бiр бөлшегi болып табылады.
Профессор Н.О.Оралбаева сатыны былай анықтайды: «Сөзжасамдық саты – сөзжасам-
дық ұяның бiр мүшесi. Ол бiр сөзден екiншi туынды сөздiң жасалу шегiн бiлдiредi»[2]. Ал 
2002 жылы шыққан «Қазақ грамматикасында»: «Жаңа сөздiң жасалуына арқау, негiз болушы 
сөз бен сөз тудырушы жұрнақтан құралған туынды сөз сөзжасамдық сатыны құрайды. Басқа-
ша айтқанда, сөзжасамдық саты туынды түбiр сөзден тұрады», –делiнедi.
Сөзжасамның өз алдына жеке сала ретінде өзіндік зерттеу нысаны мен оның басқа 
салалардан ерекшелігінің зерттелуі А.А.Юлдашевтің, Э.В.Севортянның, Ф.А.Ганиевтің, 
В.В.Виноградовтың, Г.О.Винокурдың, Е.С.Кубрякованың, Е.А.Земскаяның т.б. еңбектерінде 
көрініс тапты. Қазақ тілінің сөзжасамына қатысты мəселелер ең алдымен орыс зерттеушілері 
П.М.Мелиоранскийдің, В.В.Катаринскийдің, Н.И.Ильминскийдің еңбектерінде (ХІХ ғ.) қа-
растырылып, алғаш рет сөз таптарының жұрнақтарын анықтау, жұрнақтардың мағынасын 
ашу, олармен жасалған туынды түбірлерді айқындау сияқты сөзжасам мəселелері сөз болды. 
Ал ана тілімізде бұл мəселенің қарастырылуы Ахмет Байтұрсынұлының («Тіл – құрал»(1914 
)), Қ.Жұбановтың («Қазақ тілінің грамматикасы» (1936 )) еңбектерімен тығыз байланысты. 
Осы қазақ тіл білімінің бастау көздерінің өзінде сөздердің тұлғасы, сөзжасамдық жұрнақтар, 
күрделі сөздер мəселесі көтерілгені белгілі. Бұдан кейінгі зерттеулерде (Қ.Басымов, С.
Кеңесбаев, И.Ұйықбаев, И.Маманов, А.Ысқақов т.б.) сөз таптарының сөзжасам мəселелері, 
аффикстердің қызметі, мағыналары, қолданылу ерекшеліктері қарастырылып, сөзжасамның 
əр түрлі аспектілері диссерттациялардың зерттеу нысанына айналды. Белгілі ғалым Ə.Төле-
уов есімдердің сөзжасам жүйесін, А.Қалыбаева (Хасенова) етістіктен сөз жасау жүйесін, 
Д.Түнғатаров омонимдік аффикстерді, Ж.Манкеева етістіктердің жасалуын, Н.Оралбаева сан 
есімнің сөзжасам жүйесін, Ө.Айтбаев терминдер сөзжасамын (терминдердің жасалуындағы 
негізгі амал- тəсілдер мен қалыптарды) қарастырса, сөз тудырушы қосымшаларды тарихи 
тұрғыдан зерттеуге Ғ.Айдаров, А.Есенқұлов, Т.Томанов, Т.Қордабаев, Ғ.Қалиев, Р.Сыздықо-
ва, С.Исаев, Ə.Ибатов т.б. ғалымдар өз үлестерін қосты. Сонымен, түркологияда, оның ішін-
де қазақ тіл білімінде ғалымдардың жан- жақты зерттеулеріне негіз болған сөзжасам жүйесі 
1989 жылы алғаш рет өз алдына жеке сала ретінде қарастырылып, арнайы монография ретін-
де профессор Н.Оралбаеваның редакторлығымен жарық көрді. 


68
«Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесі» деп аталып, онда қазақ тіліндегі сөзжасам жүй-
есінің жалпы теориялық мəселелері, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық 
үлгі жəне сөзжасам тəсілдері мен сөзжасамның сөз таптарына қатысы ғылыми негізде сөз 
болып, əлі де ашылмаған зерттеуді қажет ететін мəселелерге нұсқау жасау бағытын анықтап 
берді деуге болады.
Сонымен, түркологияда жəне қазақ тіл білімінде өзіндік тарихы бар сөзжасамның зерт-
телуін мынадай кезеңдерге топтастырылуын көрсетуге болады:
1) 
ХІХ ғасырға дейінгі кезең. Сөзжасам қосымшалары туралы ілімнің негізі қалануы;
2) 
ХІХ ғасырдың басынан Қазан төңкерісіне дейінгі кезең. Сөзжасам тəсілдері туралы 
алғашқы зерттеулердің жарықкөруі;
3) 
ХІХ ғасырдың І жартысында көптеген ғылыми грамматиканың жарық көріп, сөзжа-
самның морфологияның бір элементі ретіндеқарастырылуы;
4) 
1950 жылдардан кейінгі кезең. Негізінен морфологияда қарастырылғанымен, сөз-
жасамның өзіндік қасиеттерінің (өнімді, өнімсіз, құнарлы, құнарсыздығы) зерттелуі, дербес 
сала ретінде арнайы зерттеу нысанына айналуы, тарихи тұрғыдан зерттеле бастауы.
5) 
1989 жылданбергікезең[3].
Сөзжасам өз алдына жеке сала ретінде танылған кезеңнен (1989) бастап, бүгінгі күнге 
дейін əр қырынан қарастырылып келеді. Оның əртүрлі теориялық мəселелерін жəне оны пəн 
ретінде оқытудың ғылыми-əдістемелік жүйесін айқындайтын қомақты ғылыми еңбектер дү-
ниеге келді. Мəселен, З.Бейсембаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамның кейбір мəсе-
лелері» (1990) атты еңбегінде сөзжасамды зерттеудегі жаңа аспектілер, Ж.Отарбекованың 
«Сөзжасам мəселелері жəне оның түркология дазерттелуі» атты мақаласында түркология-
дағы сөзжасамның зерттелу кезеңдері (1996), С.Исаевтың «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің 
грамматикалық сипаты» (1998) деген еңбегінде сөзжасамның мағыналық қырларымен тео-
риялық мəселелері, А.Салқынбайдың «Тарихи сөзжасам» (семантикалық аспект) (1999) атты 
монографиясында сөз жасаудың тарихи қалыптасқан кешенді жүйесі, Б.Қасымның «Қазақ 
тіліндегі заттың күрделі атауларының теориялық негізі» (2002) атты докторлық диссертаци-
ясында туынды лексикалық бірліктердің (аталымның) уəждеме жəне уəжділік мəселелері ар-
найы сөз болады. Сөзжасамның теориялық бірліктері де қазіргі кезде өз алдына жеке зерттеу 
нысанына айналды. Мысалы, Н.Қоқышеваның кандидаттық диссертациясы сөзжасамдық 
ұялардың сатыларындағы туынды сөздерге (2001), Б.Есімсейтовтың кандидаттық жұмысы 
сөзжасамдық тізбек мəселесіне (2002), К.Құрманəлиевтың докторлық диссертациясы қазақ 
тіліндегі сөзжасамдық ұя мəселесіне (2002), Д.Қуандықованың ғылыми жұмысы етістікті 
сөзжасамдық ұяның семантикалық сипатына (2005) т.б. ғалымдардың еңбектері арналады. 
Кейінгі кезде сөз тіркестерінің туынды мағыналы сөз жасауға қатысы туралы мəселеге ар-
налған ғылыми еңбектер жарық көрді. Мəселен, Ж.Əуелбекованың зерттеу жұмысы қабыса 
байланысқан сөз тіркестерінің лексикалану семантикасына (2006) т.б. арналады. Диалек-
тілердің сөзжасамға қатысы мəселесі де назардан тыс қалған жоқ. Диалектологтардың ішінде 
сөзжасамды арнайы зерттеген ғалымдардан Ғ.Қалиевтің «Қазақ говорларындағы сөзжасам» 
атты докторлық диссертациясын (1989), Г.Жексембаеваның «Кірме сөздердің қазақ тіліндегі 
сөз тудыру процесіне қатысы туралы» мақаласын (//Мақалалар жинағы, 1985) атау орынды. 
Сөзжасамды жоғары оқу орындарының студенттеріне оқыту мəселесіне арналған еңбектер 
де баршылық. Мысалы,Н.Оралбаеваның «Қазақ тілінің сөзжасамы» атты оқулығы (2002), 
А.Салқынбайдың «Қазақ тілі сөзжасамы» атты оқу құралы (2003) т.б. Осы уақытқа дейін 
сөзжасам саласы бойынша біраз жұмыстар атқарылып келді. Десекте, бұл салада əлі де болса 
зерттеуді қажет ететін мəселелер баршылық. Мəселен, сөзжасам жүйесінің тілдік деңгейлер-
ге қатысы, тілдік қабаттан алатын орны, тілдік бірліктері т.б.
Фонема, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем ғылыми жұртшылыққа кеңінен таныс, тіл-тіл-
дерде ұшырасатын тілдік бірліктер болып табылады. Қазақ тіл білімінде сөзжасамның тілдік 


69
бірлігі жəне оның тілдік деңгейге қатысы туралы көзқарасын ғалым З.Бейсембаева былай 
деп білдіреді: «... сөзжасамның единицасы – туынды сөз. Туынды сөз дайын атау ретінде 
лексиканың, түбір жəне қосымша морфемадан құралатындықтан (синтетикалық тəсіл) мор-
фологияның мазмұнына еніп кетеді. Сондықтан тек өзіне ғана тəн единица болмағандықтан, 
сөзжасамды тілдік деңгейден көре алмаймыз. Осыған орай сөзжасамды лексика мен морфо-
логияның арасынан орын алатын аралық деңгейге жатқызамыз» [4]. Э.В.Севортянның
«Грамматикалық типтегі сөзжасамның сөздікке бағынышты бола отырып, оған қызмет 
етуі, дегенмен, грамматикалық амал-тəсілдер арқылы іске асып отырады. Сөзжасамның мұн-
дай өзгешелігі оның тілдің құрамды бөлімдері – грамматикалық құбылыс пен негізгі сөздік 
қордың арасында алатын орны ерекше екенін көрсетеді» /3,17/ деген пікірі де сөзжасамның 
өзіндік сипатын аңғартады. Ғалым А.Салқынбай: «Егер тарихи фонетикада олардың дыбы-
стық мəні, фонемалық сипаты, жіктелу жағдайы əңгімеленсе, лексикология сөзді даяр қал-
пында зерттейтіндіктен, сөзжасамдық жаңа мағыналы нəтиженің даму жолы мен жүйесін 
сипаттайды. Демек, фонетика мен лексикология арасында сөзжасам саласы аралық буын 
ретінде тіл дамуына қызмет етеді» [4]. - деп көрсетеді.
Сөзжасам жаңа сөз жасаушы, туынды тұлға туғызушы процесс болған дықтан, тілдің 
барлық деңгейлері мен байланысқа түседі.Өйткені
«Біріншіден, тілде бір-бірімен байланыспайтын, байланысты керек етпейтін ешбір тілдік 
құбылыс жоқ. Екіншіден, əр тілдің сөзтудырым жүйесі соңғы кезге дейін морфологияның, 
кейде лексикологияның құрамында қаралуы олардың байланысына негізделгенін естен шыға-
руға болмайды» /5,6/. Мəселен, сөзжасам мен морфологияның тығыз байланыста болатын 
себебі екеуі де сөздің құрамын зерттейді. Морфология сөздің құрамын түбір жəне қосымша 
морфемаларға, яғни сөз түрлендіруші тұлғаларға ажыратып, лексикалық жəне грамматика-
лық мағыналарын зерттесе, сөзжасам туынды сөздің құрамын негіз сөз жəне сөз тудырушы 
тұлғаға ажыратып, сөзжасамдық мағынасын қарастырады. Демек, морфология туынды сөзді 
сөз табына қатысына қарай қарастырса, сөзжасам туынды сөзді жасалу тəсіліне, типіне, үл-
гісіне, өнімді, өнімсіздігіне т.б. ерекшеліктеріне қарай зерттейді. Тілдің даму барысында сөз 
таптарының бір-біріне ауысуы, яғни конверсиялық тəсіл арқылы жаңа сөздердің жасалуы 
морфология мен сөзжасамның байланысын көрсетеді. Сөзжасам амал-тəсілдер арқылы жаңа 
(туынды) сөз жасап, тілдің сөздік құрамын байыту, толықтыру жағынан лексикологиямен 
байланысады. Яғни, туынды сөз жасалғаннан кейін, ол лексикологияның нысанына айна-
лып, сөздік құрамға енеді. Лексикология – тілдің қазіргі кездегі сөздік құрамының жағдайын 
жəне тарихи қалыптасу аспектісін зерттейтін тілдің өз алдына жеке бір саласы. Сөзжасам 
морфология мен лексикологиядан басқа сондай-ақ, тіл білімінің фонетика, синтаксис, сти-
листика т.б. салаларымен де тығыз қарым-қатынаста болады. Сөзжасамның фонетикамен 
байланысын мынадан көруге болады: тілдің тарихи даму барысында дыбыстардың алмасуы 
мен сəйкестігі нəтижесінде сөздердің тұлғалық жағынан өзгерістерге түсіп, жаңа мағына-
ның жасалуы сөзжасам процесі негізінде болатын құбылыс. Мысалы, тон – тоң, өс - өш т.б. 
Сонымен қатар, негіз сөзге сөз тудырушы тұлғалардың фонетикалық заңдылықтар бойынша 
жалғануын морфонология саласы қарастырады. Яғни, сөзжасам өзінің сөз тудырушы жұр-
нақтарының қолданылуы арқылы тілдің фонетика, морфонология салаларымен байланыса-
ды. Ал, сөз тіркестерінің лексикалану процесі негізінде күрделі сөздерге ауысуы, тілдегі сөз 
таптары сияқты, сөйлем мүшелері де сөйлемде жұмсалу ыңғайына қарай бір-бірінің орнына 
ауысып қолданылуы немесе сөздердің тұрақталған позициясынан басқа функцияда жиі қол-
данылуы негізінде туынды сөздің қалыптасуы синтаксис пен сөзжасамның байланысын көр-
сетеді. Сөзжасам жаңа сөздің жасалуы – жаңа мағынаның тууы жағынан семасиологиямен, 
жаңасөздің тілдің стильдік жүйесіне қатысы жағынан стилистикамен байланысын көрсетеді. 
Сонымен, сөзжасам тілдік деңгейлердің барлығымен байланысып, өзара бірлікте өмір сүреді. 
Тілдік деңгейлер өзара байланыста, қарым- қатынаста бола тұра, олар өзінің зерттеу ныса-


70
насы арқылы бір-бірінен ерекшеленіп, дербестігін сақтайды. Сөзжасам тілдік деңгейлермен 
қарым- қатынаста болумен қатар, ол барлық тілдік деңгейлерді бір-бірімен байланыстырып, 
аралық процесс ретінде тілдің дамуына қызмет етеді. Өйткені, сөзжасамдық (фонетика-се-
мантикалық, семантикалық, синтетика- семантикалық, аналитика-семантикалық) тəсілдер 
арқылы жасалған туынды сөздердің сөз табына қатысы, атқаратын қызметі сөзжасам про-
цесінен кейін айқындалып қалыптасады.
Тіл білімінің əртүрлі саласының құрамында қарастырылып келген сөзжасам мəселелерін 
ғылымда жеке сала деп тану, оның тіл қабатынан алатын орнын, өзіндік нысанын, өзіне тəн 
əдіс-тəсілдерін, мақсатын айқындау, ғылыми айналымға түсіру, дəлелдеу барысында көпте-
ген жұмыстар атқарылып келді. Сонымен қатар, сөзжасамның дербес сала ретінде танылуы 
кейбір тілдік құбылыстарды қайта қарап, жаңадан пайда болған көзқарастар мен теориялар-
дың негізінде тағы да бір ғылыми зерттеуді қажет ететін мəселелердің бар екенінкөрсетеді.
Соңғы жылдардағы зерттеулерге қарағанда, көптеген сөзжасамдық ұяны зерттеушiлер, 
ұяда туынды сөздi орналастыруда саты бойынша ұйымдастыру амалын кеңiнен қолдануда. 
Мысал ретiнде медицина терминологиясындағы сөзжасамдық ұяларды зерттеген А.Ю. Са-
мохиннiң, жоғарыда келтiрiлген Т.П. Адскованың жəне тағы басқа көптеген зерттеушiлердiң 
есiмдерiн атауға болады. Бұл жағдай сөзжасамдық ұя құрылымын зерттеудiң сатылық амалы 
– сөзжасамдық жүйелi байланыстарды сипаттаудың тиiмдi тəсiлi екенiнкөрсетедi[5].
Тілдегі сөздік қор мен грамматикалық құрылыс – тілдің өзара бір-бірімен тығыз байла-
нысты екі саласы. Тілдің дамуы барысында лексикалық құрамдағы сөздер үнемі қозғалыста 
болып, белгілі бір сөз табынан екінші бір сөз табына ауысып, өздерінің мəн-мағынасын, қы-
зметін өзгертіп отырады. Қазіргі тіл білімінде сөз құрамына байланысты сөзжасам, тұлға-
жасам жəне сөзөзгерім деген грамматикалық ұғымдар қалыптасты. Бұл ұғымдар сөз форма-
сымен, əсіресе, қосымша морфемалармен тығыз байланысты екені анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет