Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет38/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   255
Байланысты:
zhinak

Аналитикалық формант – сөздің аналитикалық формасын жасаушы көрсеткіш. Мыса-
лы, келе жатыр, айта бастады, білсе екен, өте жақсы деген сөздердегі =е жатыр, =а баста, 
=са екен, өте – аналитикалық форманттар. Аналитикалық формант – қосымша мен көмек-
ші сөздің бірлігінен тұратын, не көмекші сөздердің тіркесумен келетін категория мағына-
сын білдіретін морфологиялық көрсеткіштер, ол сөздің синтетикалық формасын жасайтын 
грамматикалық қосымшамен бірдей қызметтегі тілдік бірліктер. 
 Төртіншіден, сөздің аналитикалық формасын жасаушы аналитикалық форманттың 
құрамы тұрақты, оны өзгертуге болмайды. Мəселен, қимылдың өту сипаты категориясының 
мағынасын білдіретін =а бер форманты түбір етістікке тіркесіп, қимылдың қайталануын, 
созылуын білдіреді: айта бер, жаза бер. Осы формант тек осы құрамда ғана осы мағына-
ны білдіреді, оның құрамын өзгертсек, бұл мағынаны білдірмейді. Мысалы, бұл формант-
тың құрамындағы  жұрнағының орнына =п жұрнағын қойып =п бер түріне көшірсек, ол 
қимылдың созылуын, қайталануын білдірмейді: айтып бер, жазып бер. Бұл аналитикалық 
формант құрамының тұрақтылығын дəлелдейді.
 Бесіншіден, аналитикалық форманттар грамматикалық категориялардың мағынасын 
білдіретін көрсеткіштерге жататын болғандықтан, олар грамматикалық мағына береді.
Аналитикалық формалы сөз лексикалық мағынамен бірге грамматикалық мəнді де біл-
діреді. Мысалы, өте үлкен дегендегі үлкен сөзінің лексикалық мағынасы да өте сөзінің асы-
ру мəні де яғни грамматикалық мағынасы да қоса қабат көрінеді. Күліп жіберді, келе баста-
ды десек, күлу қимылы да жəне оның тез, кенет жасалу мағынасы берілсе, келе бастады 
дегенде келу қимылы да жəне оның басталу мағынасы да қоса беріліп тұр.
Етістіктің аналитикалық форманты деп қосымша мен көмекші етістіктен тұратын, бел-
гілі бір категорияның мағынасын білдіретін біртұтас қүрделі морфологиялық көрсеткішті 
айтамыз. Етістіктің аналитикалық форманты көп жағдайда бір қосымша мен бір көмекші 
етістіктен құралады.
Аналитикалық формант құрамында келетін қосымшалар – көсемше, есімше, шартты 
рай мен қалау рай жұрнақтары. Осы аталған қосымшалармен тіркесетін тілде отызға жуық 
көмекші етістіктер бар болса, олардың бірлігінен жасалған аналитикалық форманттар: 
Мысалы, -а ал, -п ал, -а бер, -п бер, -а баста, -а бар, -п бар, -п біт, -п кел, -п шық, -а шық, -а 
жазда, -п жібер, -п қал, -а қал, -п кет, -е кет, -п қой, -п сал, -а сал, -п түс, -е түс, -п отыр, 
-п тұр, -п жүр, -п жат., -п жатыр, -а жатыр, -п таста, -п бақ, -п өт, -п біт, -п көр, -ған 
бол, -ғы кел, -а көр, -са екен, -са игі еді, -п еді, -ғай еді,-атын еді, -мақ еді, -са еді, -ар еді, -п 
келе жат, -а көрме, -п жүре бер, -п сала бер, -п кеп кет, -п кеп жібер, 0 еді, 0 емес, 0 жоқ т.б.
Аналитикалық форманттар құрамы жағынан жалаң (дара) жəне күрделенген (күрделі) 
аналитикалық форманттар болып екіге бөлінеді. Бір, екі, үш морфемалы аналитикалық 
форманттар жалаң аналитикалық формантгар деп аталады. Мысалы, Қатты өзгеріп, жаны 


73
толқынға түскен Абай əлі оңалған жоқ. Менің күлкім түрткі болды да, сахнада тұрған арти-
стердің бəрі күліп жіберді. Толып жатқан үйді бір аралап шыққысы келеді. Мұнда 0 жоқ, -іп 
жібер, -қысы кел аналитикалық форманттар қолданылған. Олар 0 жоқ форманты бір морфе-
мадан, -іп жібер екі морфемадан, -қысы кел үш морфемадан құралған.
Бір морфемалы аналитикалық форманттарға 0 еді, 0 екен, 0 емес, 0 жоқ форманттары 
жатады, олардың саны аз, бірақ тілде өте жиі қолданылады. 0 еді аналитикалық форманты 
– қатыстық өткен шақтың көрсеткіші. Мысалы, Оның бұл жаңалығын алғаш естігендеүй 
ішіндегілер қуанарын да, мұңаярын да білмей үнсіз отырып қалды еді ( Д.Исабеков, Гауһар 
тас, 211б).
0 екен форманты да өткен шақтық мағына береді. Мөселен, Тəкежанның үйінен Абай 
аттанғанда, күн кешкіріп, екінтіге тақап қалған екен. Жоғарыда 0 еді мен 0 екен аналити-
калық форманттары өткен шақтық мағынаны білдіреді. Бірақ 0 еді формантын субъекті өзі 
қатысқан өткен уақыттағы іс-қимылмен байланысты қолданса, екінші мысалдағы 0 екен фор-
мантын субъектінің өзі қатыспаған, көрмеген еткен кездегі іс-қимыл туралы айтқан кезде 
ғана қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет