Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


РИТОРИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет69/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   255
Байланысты:
zhinak

РИТОРИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ 
Жалалова А.М., 
PhD, аға оқытушы Абай атындағы Қазақ ұлттық 
педагогикалық университеті
Түйіндеме. Мақалада американдық лингвистер Уильям Манн жəне Сандра Томпсон қол-
данысқа енгізген риторикалық құрылым теориясының негіздері қарастырылған. Аталмыш 
теория əртүрлі дискурс құрылымдарына талдау жасауға мүмкіндік береді.
Abstract. The article examines the theoretical basis of the Rhetorical structure theory developed 
by American linguists William Mann and Sandra Thompson. The description of the discourse within 
the framework of this theory makes it possible to carry out an analysis of diff erent discourse structure.
Дискурсты белгілі бір уақыт шеңберінде өтетін динамикалық сипаттағы үдеріс, əрі 
құрылымдық нысан ретінде зерделеу мəселесі көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстары-
ның арқауына айналып, нəтижесінде əртүрлі дискурс талдау үлгілері ұсынылды. Осы үл-
гілердің ішінде зерттеушілердің назарын өзіне аударып отырған риторикалық құрылым те-
ориясы деуге болады.


112
XX ғасырдың 1980 жылдары АҚШ зерттеушілері У.Mанн мен С.Томпсон ұсынысымен 
тілдік қолданысқа енген риторикалық құрылым теориясының модель-үлгісі қазіргі таңда 
дискурстың макроқұрылым (глобалды) мен микроқұрылым (локалды) деңгейлеріндегі өзара 
байланысын, табиғи тілдегі мəтіннің негізгі ұйымдастырылу аспектісін сипаттайтын əмбе-
бап теория ретінде танылып отыр. 
У.Mанн, С.Томпсон, К.Матиссен құрылым теориясы бойынша мəтін жəне дискурс 
құрылымының негізгі үш түрлі деңгейі қарастырылатынын айтады: 
1. Суперқұрылым (holistic structure) дискурстың ең жоғарғы деңгейде ұйымдасты-
рылуын жанрға байланысты қарастырады. Бұл деңгейде мəтінінің тарауларға бөлінуі, 
ресми қағаз үлгілерінің рəсімделуі сипатталады [1]. Мысалы, Мен ескіше жыл басы деп 
есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде туыппын. Қазақ даласының ең суық жағын жайлай-
тын біздің елдердін бірсыпырасы 10 ғасырдың бас кезінде де қыс айларын киіз үйде өткі-
зеді екен. Ол күні жер сілкінбеген, күн түгіл ай да тұтылмаған, есте қаларлық боран да 
болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған. Менсіз де үбірлі-шүбірлі бір 
қара үйде тағы бір бала туа салған да, басқа балаларының атына ұйқастыра ат берілген.
Əрине, ол күннен менің есімде қалған еш нəрсе жоқ... - Қайсар болушы ең, жыламайтын едің, 
- деп шешем əр кезде айтып отыратын... Əке-шешеден күнде еститін көп жақсы тілек-
тердің өзгесі келмесе де, «оқу оқисыңдар» дегендері екі жылдан кейін келіп еді. Жаз бір 
көлдің басында, қыс айларын əр ағаштың қойнаунда өткізетін бес-алты ауыл «балалардың 
тілін сындыру үшін»молда жалдапты (Ғабит Мүсірепов «Автобиографиялық əнгіме»).
а. Үзінді əдеби жанр түріне, көркем стилистика (əдебиет стилі) жатады. 
ə. Үзіндіні мағынасына қарай «Мен өмірге келген күн», «Мінездеме», «Ата-ана үміті» 
сияқты логика-семантикалық абзацтарға бөлуге болады:
Бірінші абзац кейіпкердің өмірге келуін сипаттайтын 5 сөйлемнен тұрады. 1. Мен ескіше 
жыл басы деп есептелетін «Наурыз күні» киіз үйде туыппын. 2. Қазақ даласының ең суық 
жағын жайлайтын біздің елдердін бірсыпырасы 10 ғасырдың бас кезінде де қыс айларын 
киіз үйде өткізеді екен.3. Ол күні жер сілкінбеген, күн түгіл ай да тұтылмаған, есте қалар-
лық боран да болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған. 4. Менсіз де үбір-
лі-шүбірлі бір қара үйде тағы бір бала туа салған да, басқа балаларының атына ұйқастыра 
ат берілген. 5. Əрине, ол күннен менің есімде қалған еш нəрсе жоқ... 
Екінші абзац кейіпкердің мінез-құлқына берілген 1 сөйлемнен құралған сипаттамадан 
тұрады. 1. - Қайсар болушы ең, жыламайтын едің, - деп шешем əр кезде айтып отыратын...; 
Үшінші абзац ата-ананың бала болашағының жақсы болуын тілеуі 1. Əке-шешеден күнде 
еститін көп жақсы тілектердің өзгесі келмесе де, «оқу оқисыңдар» дегендері екі жылдан 
кейін келіп еді. 2. Жаз бір көлдің басында, қыс айларын əр ағаштың қойнауында өткізетін 
бес-алты ауыл «балалардың тілін сындыру үшін» молда жалдапты» жолдарымен берілген 
2 сөйлемнен тұрады. 
Бұл 3 абзацта 3 түрлі ақпарат берілсе де, мəтін мазмұнын «Балалық шаққа саяхат» деген 
тақырыппен біртұтас мазмұнын беруге де болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет