Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫ ТАНЫТҚАН ҒАЛЫМ



Pdf көрінісі
бет3/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   255
Байланысты:
zhinak

ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫ ТАНЫТҚАН ҒАЛЫМ
Қажыбек Е.З.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, 
ҚР ҰҒА корр. мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор 
Филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбай – қазіргі қазақ тілі 
грамматикасының дамуына өзіндік үлес қосқан зерттеушілеріміздің бірі. Ғалымның шығар-
машылық жолы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен тығыз байланысты 
болғанын біз əрдайым мақтан етеміз. 1949-52 жылдары Қазақ ССР Қазақ ССР Ғылым ака-
демиясының Тіл жəне əдебиет институтында аспирантурада оқыса, 1975-1989 жылдары осы 
институтта аға, жетекші, бас ғылыми қызметкер болып еңбек етті, «түркі тілдері» маман-
дығы бойынша докторлық диссертация қорғайтын кеңестің мүшесі болды, 1980-1985 жыл-
дары осы кеңестің ғалым хатшысы қызметін атқарды.
Нұржамал Оралбай зерттеулері кең ауқымды: жазу тарихы, графика, орфография, қазақ 
тілінің морфологиясы, нөлдік морфема, сөзжасам мəселелері т.с.с. Ғалымның 1956 жылы 
профессор Сəрсен Аманжоловтың ғылыми жетекшілігімен қорғаған «Қазақ жазуының Қазан 
төңкерісінен кейінгі тарихы» атты кандидаттық диссертация əлі де өзектілігін жоя қоймады. 
Ғалымның «Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формалары» деген тақырыптағы доктор-
лық диссертациясы (1971 ж.) қазақ морфологиясы теориясына қосылған соны үлес болды. 
Зерттеуші қазақ тілінде, түркі тілдерінде аналитикалық формаларды құрылымдақ
мағыналық жағынан талдап, іргелі теориялардың қалыптасуына негіз қалады. Мəселен, Н.О-
ралбаева -ғы кел формантының жалғыз қалау райдың ғана көрсеткіші емес екенін түсін-
діре келіп, -а ал форманты субъектінің мүмкіндігін білдірсе, -ғы кел форманты субъектінің 
тілегін көрсететінін айтады. Алайда екеуінде де сөйлеуші тарапынан субъектінің қимылға, 
іс-əрекетке қатысы білінетінін сипаттай келіп: «...Аналитический формант -ғы кел (-ғы кел-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет