6
көрсетеді. Сонымен қатар ғалым 1956 жылы 24-27 қыргүйек аралығында Алматы қаласында
өткен түркі тілдеріндегі етістік түрлері мен сабақтас сөйлем проблемаларына арналған коор-
динациялық кеңестегі «Глагольные виды и их выражение в казахском языке» деген баянда-
масында, «Қазақ тілінің грамматикасында» (1967) да көмекші етістіктерді сыпат (вид) түріне
қарай жіктейді. Ы.Маманов көмекші етістіктерді а) көріністі білдіруіне қарай; ə) қимылдың
бағытын білдіруі; б) модальдылықты білдіруі; в) райды білдіруі; г) синтаксистік қатынасты
білдіруіне қарай топтастырды. Ы.Маманов е құрамында көмекші етістігі бар күрделі форма-
лардың қимылдың фазасын (саты) жасауға қатысатынын айта келіп, оның 6 түрін көрсетеді.
Олар: а) қимылға дайындық; ə) қимылды жасауға бейімделу; б) қимылдың басталуы; в) істің
өтуі; г) бітер алдындағы іс; ғ) істің бітуі.
Н.Оралбаева Ы.Мамановтың жоғарыда келтірілген 6 фазасын 3
фазаға сыйғызуға бо-
латынын айта келіп: «Фаза қимылдың басталуы мен аяқталуына дейінгі аралықты қамтуы
керек», – деген тұжырым жасайды. Яғни, қимылды істеуге дайындалу,
қимылды жасауға
бейімделу сияқты сипаттамалар фаза шеңберінен тыс қалатынын, себебі мұнда қимылдың
əлі бастала қоймағанын ескертеді. Сол сияқты бітер алдындағы іс пен біткен іс деп аталатын
фаза түрлерін жинақтап, бір фаза ретінде беруге болатынын көрсетеді. Сөйтіп, қимылдың
өту фазасын: а) қимылдың басталуы
(-а баста‚ -п қоя бер‚ -п сала бер‚ -п жүре бер); ə)
қимылдың орындалып жатуы
(-п келе жат‚ -п бара жат‚ -п бар‚ -п кел‚ -п жат‚ -п тұр‚ -п
Достарыңызбен бөлісу: