43
кафедраны ғана емес, бүкіл факультетті кеңейтуде тыным таппай еңбектенді. Нұржамал Орал-
байқызы кафедра меңгерушілігі мен оқу-əдістемелік ісі проректоры қызметтерін қатар атқа-
ра жүріп, қыруар жұмыс жасады. Ғалым-ұстаз екі жылдық қазақ тілі мұғалімдерін жеделдете
дайындау бөлімі, орыс мектептеріне қазақ тілі мұғалімін дайындау, аударма, қазақ-əзірбайжан,
қазақ-түрік бөлімдерін ашқызып, олардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын өз қолымен
жасаған болатын. Жəне де осы оқу жоспарларын аймақтық оқу орындарына таратып оларға
бағыт-бағдар, кеңес беру, мамандарымен қамтамасыз ету ісімен де тынбай айналысты.
Профессор Н. Оралбайқызы университетте əуелі түркі тілдері, кейін қазақ жəне орыс тіл-
дері жəне осы тілдерді оқыту əдістемесі мамандықтары бойынша докторлық, кандидаттық
диссертация қорғайтын арнайы кеңестің ашылуын ұйымдастырып, сол кеңесті басқарды.
Кейін осы диссертациялық кеңестің тізгінін өзінің сүйікті шəкірті, профессор Ф.Ш.Оразбае-
ваға тапсырған болатын.
Нұржамал апайдың тағы бір азаматтық қасиеті – ол ұжымда, қоғамда болып жатқан
жетістіктерге, игі істерге балаша қуанып, сүйініп, жаман істерге күйініп, өз қарақан басының
мұқтаждығынан гөрі өзгеге көңіл аударып, солардың мəселесін шешіп жүретіндігінде бола-
тын. Мəселен, сол кезеңде ғылым кадрларын Аттестациялау Департаментінің соңғы шешімі
бойынша, кандидаттық диссертацияны бекіту қорғаудың арнайы кеңесіне жүктелуі жайында
мəселенің шешілуіне де үлкен үлес қосты. Бұл, əрине, жас ғалымдардың ғылыммен айна-
ласуына жасалған үлкен жеңілдік, жақсы жағдай болған еді. Ана тіліміздің қоғамдағы қыз-
метінің артуына ат салысатын мамандарды даярлап оларға əрдайым сүйеніш болуды өзінің
міндеті деп есептейтін Нұржамал апай республикалық баспасөз беттерінде осы мəселені
кезінде бірнеше дүркін көтерген болатын. Міне, сол ой-ұсыныстары жүзеге асып, дайын-
далған мамандар бүгін республикамыздың түкпір-түкпірінде қызмет етуде.
Ғалым-ұстаздың ерекше қасиеті оның əділ сөзінде, турашылдығында. Əділ сын айтылған-
да ғана ғылым алға жылжиды. Жалған сөзбен ешқашан ештеңе тынбайды, ештеңе дамымайды.
Нұржамал апай «тура сөйлеп туғанына жақпай қалатын» адамдардың бірі. Ал, бірақ, ғылымы
алға дамыған өркениетті ел болу үшін осындай тура сөз, əділ сын өте қажет. Түсіне білген
адамға – бұл шыңдау мектебі. «Ұстазы мықтының – ұстамы мықты» дегендей, Нұржамал апай-
дың шыңдау мектебінен өткен шəкірттері де оның осы қасиеттерін бойларына əбден сіңірген.
Нұржамал апайдың пайымдауынша, шынайы ұстаз жетер жеріне жеке дара жетпек емес.
«Шəкіртсіз ұстаз тұл» деген халық нақылы ол үшін өмір кредосы. Ғылыми жұмыс пен ұстаз-
дықты өмір бойы қатар ұстаған Нұржамал Оралбайқызы осы екі саланы шеберлікпен ұшта-
стырып, азаматтықпен «қара нардай» көтеріп келді. Ғалым-ұстаз 50-ден астам ғылым кан-
дидатын, 20 астам ғылым докторын жəне көптеген ғылым магистрлерін дайындап шығарды.
Қазір республиканың əр аймағында Нұржамал Оралбайқызының төл шəкірттерімен қатар,
сол шəкірттерінің тəрбиесінен шыққан «немере шəкірттері» де ана тіліміздің мəртебесін кө-
теріп, дамыту бағытында қызмет жасап жүргені бəрімізге мəлім. Бұл өмірдегі жалғастық,
сабақтастық заңдылығының шынайы көрінісі емес пе?! Кезінде ұлы ағартушы Жан-Жак
Руссо: «Жер үстінде адам тəрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық
– ұлы нəрсе»,-деген екен. Ұстаздық ұлы нəрсе болса, осы мəртебелі істі абыроймен, жоғары
жауапкершілікпен атқарушы ұстаз да ұлы. Ұстаз бен ұстаздық біртұтас ұғымға, құбылысқа
айналған ерекше жоғары деңгейдегі азаматтық қасиет.
Олай болса, Нұржамал Оралбайқызы – бүгінде ана тілінің мəртебесін жоғары көтеріп
жүрген ғалымдарды баптап тəрбиелеген, қанат бітіріп ұшырған қасиетті ғылыми мектептің
ауыр жүгін, ар жүгін зор абыроймен арқалаған Ұлы Ұстаз, Ана Ұстаз, Асыл ұстаз ... .
Достарыңызбен бөлісу: