ұлттық аспаптарын білесің? Балаңыз мектепті қашан бітірген? Бұл сөзбен не айтпақсыз?
Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен жəне ма, ме, ба, бе, па, пе, ше шылауларының қаты-
суымен жасалады.
Жетек сұрақты сұраулы сөйлем– негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған
ойға байланысты сөйлем.Мысалы,
– Іссапарға кімдер барады?
– Жас қызметкерлер барады.
– Біздер ше?
Жетек сұрақты сөйлем толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден
ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.
Анықтауыш сұрақты сөйлем– екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты
сөйлем. Мысалы,
– Бұл ойды кім айтты?
– Тілек айтты.
– Тілек?
– Иə, Тілек.
Айтушыныңтүрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөйлем лепті сөйлем деп ата-
лады.
Лепті сөйлемге тəн негізгі белгілер:
1) айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылады: күйіну, таңдану, өкіну,
сұқтану, сүйсіну, қорқу, қуану, қапалану, наразылық білдіргенде, т.б.
2) лепті сөйлем ерекше эмоциямен, сезіммен айтылады.
Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:
1) сөйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы, Көзі мұндай өткір болар ма!
2) сөйлем -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы, Балам, қо-
нақтарға бір күй тартып бере ғой!Қарағым-ай, қатты тоңып қалыпсың-ау!
3) көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы, Пай-пай, да-
уысдепосыныайт! Уһ,жеттімғойақыры!
4) Лептісөйлемдерденсоңлепбелгісіқойылады.
Біреуге бұйыру не талап ету мақсатында айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады.
Бұйрықты сөйлемге тəн негізгі белгілер:
1) біреугебұйыру, талапетумақсатындаайтылады;
2) бұйрықты сөйлем етістіктің бұйрық райының 2, 3-жағында айтылады;
3) бұйрық не шартты райға -шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалады;
4) бұйрықты сөйлемнен соң нүкте немесе леп белгісі қойылады.
Мультимедиалық тақта арқылы оқытсақ, берілген мəліметті əсерлі жеткізуге жəне оны
топтағы оқушылар арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады: əр оқушы əр сөй-
312
лемді өз бетінше талқылап, өзіндік мəнер арқылы оқып, түрлерін еркін ажырата алады. Оқы-
тушының, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге
ынталандырады. Оқушы алдына жаңа материалды «жанды» түрде көрсете отырып, таным-
дық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады: сөйлем түрлерін оқушылар өздері ережесін айта-
тындай бейнебаяндар көрсету.
Электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білім-
дерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Əрбір оқушы таңдалған
тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық
карталар жəне сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Сөйлем түрлерін оқытудағы элек-
тронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудиохабарлар. Ережесін түсіндіргеннен қарағанда,
аудиохабарлар арқылы тыңдату сөйлем түрлері мен тыныс белгісін дұрыс ажыратуға септігі
мол.
Достарыңызбен бөлісу: |