Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет48/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Торайғыров С. Дəуір ақыны. – Алматы, 2002.
2. Торайғыров С. Таңдамалы шығармалар. – Алматы, 1957.
3. Ельмыслев Л. Пролегомены к теории языка / Пер. с англ. Серия «Лингви-
стическое наследие ХХ века». URSS. – 2006. – 248 с. 
4. Кононов А.Н. Семантика цветообозначений в тюркских языках // Тюрко-
логический сборник. – М., 1975. 


180
Ж.К. Смағұлов,
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Ж. Тоқтамұратов,
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік 
университетінің студенті
(Қазақстан)
І. ЕСЕНБЕРЛИН – ҰЛТ ТАРИХЫНЫҢ ДАРАБОЗЫ
Қазақ əдебиетінің соңғы кезеңде байқалатын ұнамды үрдістерінің бірі көне 
дəуір оқиғалары мен тарихи адамдар өмірінің көркемдік ақиқатын айтуға 
ұмтылу. Халықтың парасат, кəмелеті артқан сайын қазіргі халін де толығырақ 
білуге ден қоятыны мəлім. Тарихи тақырыпты жан-жақты меңгеруге реализм 
əдісі кең мүмкіншілік береді. Озық дүниетаныммен қаруланған қаламгер жан-
жақты талдау жасап, тарихи проза жанрының ішінен тарихи роман, тарихи 
роман-хроника, тарихи революциялық роман, көптеген жіктерін ажыратып 
сипаттады. Осындай тарихи тақырыпты игеру жөнінде батыл – жаңашылдық 
көрсетіп, аз жылдың ішінде он шақты роман жазған қаламгер – І.Есенберлин.
І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына кіретін «Алмас қылыш», 
«Жанталас», «Қаһар» романдары жатады. «Көшпенділерден» кейін жазу-
шы қаламынан «Алтын Орда» тарихи роман-трилогиясы туғаны белгілі. 
«Көшпенділер» трилогиясының құрамына енетін «Алмас қылыш», «Жанта-
лас», «Қаһар» тарихи романдары жарық көрген кезде алуан түрлі пікірлер ай-
тылды, сынап-мінеушілер де, ат үстілеу болса да, жалпылама болса да мақтаған 
пікірлер айтушылар да болды.
Трилогияны жан-жақты талдау, лайықты бағасын беріп, төл əдебиетіміздегі 
орнын анықтау тек соңғы жылдары ғана қолға алына бастаған сияқты. Тарихи 
трилогия төңірегінде ала-құла пікірлердің қалыптасуы бірнеше мəселеге бай-
ланысты сияқты. Жалпы, қол жеткен жетістігімізге асып-таспай, аузымыздан 
тəубамыз түспейтін көнбістеу, салқын қанды, парасатты, ұстамды халықпыз 
ғой, əйткенмен, белгілі бір дəрежеде қалыптасып қалған ұғымдардан көп 
реттерде аса ауытқи бермейтініміз, барымызды батыл айтып, жарқырата 
көрсетуге келгенде, берік те тосын, жаңашыл тұжырымдар айтуға кенжелеп 
жататынымыз жəне рас. Есенберлиннің тарихи триологиясы жайында айтсақ, 
осы ойларымыздың ақиқаттығына аз да болса көзіміз жететін сияқты [1].
Қазақ əдебиетінің бір көрнекті туындысы – жазушы І.Есенберлиннің «Ал-
тын Орда» тарихи роман-триологиясы. 
Романның бірінші кітабы 1982 ж, екінші, үшінші кітабы 1983 ж. жарық 
көрді. 1983 жылдың əдеби қорытындысына арналған жиналыста «Алтын 
Орданың» ұнамды сипаттары атап өтілді. Осы заман тақырыбын да, өткен 


181
дəуір шындығын да еркін меңгеріп, аса өнімді еңбек еткен жазушымыздың 
артында қалған бай мұрасы жайында зерттеулер, мақалалар жазылды [2] .
Біз «Алтын Орда» туралы айтардан бұрын І.Есенберлиннің қазақ тари-
хын, прозасын байытуға сіңірген ұшан-теңіз еңбегінің жалпы мəніне тоқтала 
кеткеніміз жөн. 
«Көшпенділер» трилогиясы халқымыздың бірнеше ғасырлық өткен өмірінің 
елеулі кезеңдерін, күрделі оқиғаларын көркем сипаттаған. «Көшпенділердің» 
үш кітабы бірігіп те, «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» атты бөліктері 
жекелеп те, қазақ, орыс тілдерінде бірнеше рет басылған. Трилогияның қазақ 
тарихи романшылдығына қосылған үлкен үлес болғанын əдеби жамағат тани 
білді. Жазушыны осыншама тың тақырыпқа ұмтылдырған, мұндай еңбектерді 
жарыққа шығарудың объективтік жəне субъективтік қиындығы мен кедергілерін 
жеңуге апарған қандай нəрсе ? «Көшпенділердің» табысты болу себебі, 
шығарманың көркемдік қызметіне байланысты деу жеткіліксіз. І.Есенберлин 
романдары ұлттық рухани өміріміздің де құбылысы болды. Өткеніміз тура-
лы бұл кезге дейін аз ғана дерек біліп келген болсақ, «Көшпенділер» елдік 
дəстүріміз, ғасырларға созылған, шытырманға толы тарихымыз бар екенін 
көркем əдебиет көлемінде тұңғыш таныстыра алды. Бұл шығармадан тіпті та-
рихи еңбектерде шешімін тауып болмаған немесе басы бірікпей, шашыранды 
түрде мағлұматтардың жүйеге түскен желісін көрдік. Соншама мол деректерді 
жазушы жалаң тізбей, роман шарттарына лайықтап қорытып, көркемдік 
қиялға бөлеп бере алуы шығарманың тартымдылық қасиетін арттыра түсті. 
Міне, осындай тарих пен аңыздың, қиялдың үйлесімділік табуы триологияның 
өзгеше бітімін белгілеген еді. «Алтын Орда» трилогиясында да жазушы 
тарихымыздың беті ашылмай жатқан үлкен кезеңін шежірелеп берген. Атап 
айтқанда, мұнда ХІІІ-ХІХ-ХҮ ғасырларда əйгілі мемлекет болған «Алтын 
Орданың» саяси-əлеуметтік, халықаралық, мəдени халі кеңінен баяндалған. 
«Алтын Орданың» тарихын, саяси жағдайын сөз еткен еңбектің мүлде 
аздығын, ал көркем шығарманың жоққа тəн екендігін есте тұтсақ, сөз болып 
отырған триология олқылықтың орнын толтырарлық құбылыс деп түсінеміз. 
Бұл романда тек Алтын Орда ғана емес, сол кездегі Ресейдің, Қырымның, 
Кавказдың, Мауереннахр мен Иранның оқиғалары белгілі дəрежеде қамтылып 
отырған. Аты-жөні шежірелерде, аңыздарда ғана сақталған қаншама 
адамдардың нақты іс-əрекетін, үміт-арманын танимыз. Алтын Орда хандығын 
орнатқан Бату, Беркелерден бастап, жүз жылға жуық уақыттың оқиғалары 
бірінші кітап көлемінде айтылса, ал, екінші кітапта Орысхан, Əмір, Темірлер, 
үшінші кітапта Алтын Орданың қуатты дəуірі тарихи аренаға Тоқтамыс, 
Едігелер шыққан, олардың өзара қырқыстары бұрынғы айбарлы мемлекетті 
əлсірете бастаған кезеңді сипаттайды. Бұл трилогияда тек хандардың 
қаталдығы, үздіксіз соғыстары, бейбіт елдің берекесін алып, шаруашылығын 
күйзелткені ғана емес, қарапайым халықтың күштілерге қарсы жиі-жиі 
жүргізген күрестері де қалың елдің зорлыққа деген іште тұнған наразылығы 
да көрініс берген. 


182
«Алтын Орда» деген тек географиялық атау, өткеннің бұлдыр бір елесі емес, 
нақтылы этникалық құрамы, билеу жүйесі бар ел екендігін, ал мемлекеттің ба-
сында дарын, қайрат, қабілеті күшті қайраткерлер де, ата даңқын малданған, 
ұсақ мінезді, қара басының мүддесі үшін бəрін сатып жіберетін күйкі жан-
дар да отырғанын, ақырында зорлықпен жиған байлықтың баянсыз болғанын, 
тақ үшін таласудың салдарынан империяның іріп-тозып бөлшектеніп, 
əлсіреп кеткенін көрсету, өткеннің өкінішті сабақтарын таныстырады: халық 
қолдамаған, бейбітшілікке, еңбекке, əділетке негізделмеген əкімшіліктің өмірі 
ұзақ болмайды. Трилогияда Алтын Орданы билеушілердің тізбегі дəл берілген. 
Бату, Берке секілді хандар мемлекет іргесін бекітіп, қалыптастыруға қатты 
көңіл бөлгені Еділ бойынан хандықтың астанасын орнатқандықтары, енді би-
леу жүйесі Бату ханның кіші баласы Ұлақшыға айтқандарынан Шыңғыс хан 
əулетінің саясаты мейлінше анық аңғарылады. Алтын Орда ханы өзінің баба-
сы Шыңғыс ханның «Топ итті жолбарыс басқарса, күндердің күнінде топ ит 
жолбарысқа айналады. Ал топ жолбарысты ит басқарса, ақырында барып əлгі 
топ жолбарыс ит боп кетеді; халық қорыққанын ғана сыйлайды, сондықтан 
əрдайым күшті бол; дұшпанға қанша қатал болсаң, досқа сонша мейірімді 
бол» деген сөздеріне имандай табынды, үрім-бұтағына да осы ақылды берік 
ұстаса деп тілейді [3] .
«Қаһар» романының идеялық, көркемдік ірі деңгейін жұртшылық жақсы 
түсініп, қабыл алды. І.Есенберлиннің «Алмас қылыш» романы ХҮ ғ. біртұтас 
қазақ хандығын құру жолындағы əрекет, аты тарихқа мəлім, белгілі хандар, 
ақын-жыраулар, халық өкілдері шығармаға деген қызығушылығын тудырды. 
Əдебиет қанша өсті-өркендеді дегенмен, бізде соңғы кезге дейін ХІХ ғасырдан 
ілгерідегі оқиғалар мүлде дерлік суреттелген емес.
«Алмаш қылыш» романының жұртшылық үшін ең маңызды жері – өзге 
мамандар түгілі тарихшылардың өзі əлі жете зерттеп болмаған кезең – ХҮ ғ. 
оқиғасын роман-хроника түрінде тұңғыш рет жүйелі өріп, аса көп мағлұмат 
береді. «Алмас қылыш» романы – оның қазақ халқының ХҮ-ХҮІІІ ғ. тари-
хынан жазған трилогиясының бір бөлігі. Архив тереңінде қозғаусыз жатқан 
неше алуан қымбат деректі ыждаһатпен жинап, тарихи адамдар тұлғасының 
диалектикалық шындығын ашатын көркем шежіре, тартымды роман.
І.Есенберлиннің жұмысшы тақырыбына жазған тəуір шығармаларының 
бірі – «Айқас». Бұл шығарма үшін автор республикамыздың Мемлекеттік 
сыйлығының лауреаты атанды. Романда жақсылық пен жамандықтың айқасы, 
жастық жігердің, адамгершіліктің, қайсарлық пен ерліктің жас адамда қалай 
қалыптасуы сөз болады.
«Ғашықтар» романтикалық дүние. Оның кейіпкерлері қиялшыл, асқақ 
сезімді албырт жастар. Қазіргі жастардың өмірін жазу үшін қиялшыл болу керек. 
Асылы бүгінгі өмірімізді, əсіресе, жастар өмірін жазу қиын. Оның қиындығы 
сол күн сайынғы өзгерістердің көзге көп шалына бермейтіні, бүгіннің ертеңге 
өлшем бола алмайтындығы. Бұл шығарма «Ғашықтар» аталған. Бірақ Қозы 


183
Көрпеш – Баян Сұлудың, Қыз Жібек пен Төлегеннің ғашықтығы емес, өмірге 
құштарлық, адамгершілік биік мұратқа, кіршіксіз мөлдір қасиетке құштарлық 
сөз болады.
Жеке бастың мүддесі ғана емес, көптің қуанышы, халықтың бақыты үшін 
күрестің рухы сөз болады. Сыртқы сұлулыққа телміріп, тілсіз қалу емес, ішкі 
əсемдікке, жан сұлулығына, ар тазалығына қызығу, соған ғана толғанып, соған 
ғана тебірену бар.
Бұл шығарма – шым-шытырық оқиғаларды қуалайды. Бірінші - жақпен 
баяндалып, өмірге ғашық жас адамның көзқарасы, философиясы, қуаныш-
қызығы, қайғы-мұңды хикаяға айналған қым-қиғаш оқиға, қитұрқы қиын 
деталь, аса күрделі композициялық шешімі жоқ, бірақ оқушыны еліктіріп
қызықтыратын туынды.
І.Есенберлиннің жұмысшы тақырыбына жазған романы – «Алтын құс». 
Атақты кенші, Социалистік Еңібек Ері – Сабырдың тағдыры баян етіледі. Жа-
зушы сонау қырқыншы жылдардан осы кезге дейінгі бір адамның өмірін ой 
елегінен өткізеді.
Жалпы, І.Есенберлин шығармалары тақырып жағынан ұтылып көрген 
емес. Заман, дəуір тынысын жақсы ұғатын сезімталдығын тез танып, терең 
əділ қорытынды жасай білетін қасиеті бар.
І.Есенберлин тарихи романдарының стиліне эпикалық кеңдік пен баяндау 
тəсілінің шебер ұстасуы, небір драмалық комедиялар тұсында қажетті жеріне 
адамның ішкі əлеміне үңілуге, нақты жағдайды тереңірек ашуға аңыз, тарихи 
жыр, көне қисса т.б. ұтымды пайдалануы жатады дер едік.
Тарихта болған белгілі тұлғалардың уақыттың, заманның ең бір жауап-
ты, шешуші сəттеріндегі болмысы-бітімін, іс-əрекетін ғана емес, сол арқылы 
сол тұстағы қоғамдық-əлеуметтік, тарихи, саяси картиналарды шынайы 
түрде бейнелеп беру, атап айтсақ, Орда ханы Əбілқайыр тұсындағы тартыс, 
Керей-Жəнібектің қазақ хандығының шаңырағын көтеруі, күрес, тартыс 
эстафетасының Бұрындық, Қасым мен Əбілқайыр ұрпағының ортасында 
жаңаша сипат алуы т.б. шебер бейнеленуі, баяндау тəсілі мен əр қаһарманының 
ішкі дүниесіне үңіле білу осы ойымыздың жарқын дəлелі. Əрине, жанры 
жағынан тарихи роман-шежіре болып келетін «Көшпенділерден» де, «Алтын 
Ордадан» да бұдан артықты талап ету қисынсыз нəрсе, себебі, Есенберлин 
бізге тарихи құбылыстарды, оқиғаларды, тарихи тұлғалардың болмыс-бітімін, 
кескін-келбетін суреттеу арқылы сонау бағзы замандардың шынайы картина-
сын беруімен құнды [1].
І.Есенберлиннің қазақ əдебиетіне əкелген үлкен жаңалығы - оның жанры 
жағынан тарихи роман-хроникаларды дүниеге əкелді.Сондай шығармаларының 
қатарына жататыны – «Алтын Орда» тарихи роман трилогиясы. Егер 
жазушының «Көшпенділер» трилогиясы жайлы кезінде азды-көпті пікірлер 
айтылса, «Алтын Орда» жайында мұндай ой-пікірлер аздау. Біз мүмкіншілікке 
қарай аз да болса, осы олқылықтың аздығын толтыруға тырыстық.


184
І.Есенберлин - əдебиетіміздің көп жылдарында поэзия, проза, драматургия, 
кинодраматургия салаларында өнімді еткен үлкен қаламгер. Əдеби творчество-
сын поэзиядан бастады. «Айша», «Сұлтан» шығармалары мен «Адамгершілік 
туралы жыр» өлеңдер жинағын жазған.
І.Есенберлин - дарабоз жазушы, сегіз қырлы, бір сырлы үлкен талант иесі 
деп айтуға толық дəлеліміз. Тау-кен институтын бітірген маман мемлекеттің 
қоғамдық саяси-мəдени өміріне де белсене араласа жүріп, творчество ісін қоса 
жүргізіп отырған.
Жазушының əдебиеттің проза жанрында өнімді еңбек еткен жылдары 60-70 
жылдары: «Толқынды Есіл», «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Қаһар», 
«Алмас қылыш», «Алтын құс», «Жанталас», «Көлеңкеңмен қорғай жүр» ро-
мандары мен тарихи тақырыпта жазылған «Алмас қылыш», «Жанталас», 
«Қаһар» трилогиясы қазақ халқының басынан өткерген ауыр кезеңдерді реа-
лизм тұлғасынан суреттеген, теңдесі жоқ туындылар[4].
Қазақ халқын хандар билеген замандағы өмірін жазушы тарихи фактілерге 
сүйене отырып, творчестволық лабораториясының ой елегінен өткізіп, біздің 
көз алдымызға сол заман суретін шынайы да өте көркемдік тəсілмен шебер 
жеткізген.
І.Есенберлиннің тарихи романдары роман-шежіре болуымен қоса оқыр-
манды өзіне тартатын көркемдік тəсілінің молдығы. Тарихи оқиғалардың дəл-
дігіне, нақтылығына ерекше назар аударып, өмір шындығы мен көркемдік 
шын дықты қос əлемдей бірлікте ұстаған.
Жалпы алғанда жазушы І.Есенберлиннің сонау замандардағы тарихи 
тақырыпқа баруының өзі – əдебиетті қаламгердің нағыз ерлікпен пара-пар ісі 
деп қарауымыз керек.
Дарабоз жазушы І.Есенберлин шығармаларының негізгі өзегі жақсылық 
пен жамандық бойына сіңген Адам деген құдірет, тіршілік иесі - оның осы 
дүниедегі орны, атқаратын қызметі, қарызы мен парызына бүгінгі күн тұрғы-
сынан үңіле білу.
Сонау бағзы замандағы ұлы көшпенділердің ешкімге ұқсамас мəдениеті, 
рухани байлығы, əдет-ғұрпы, салт-дəстүрі ешкімге тəуелді болғысы келме-
ген көшпенділер ғасырлар бойы еркіндікті, кеңдікті аңсады. Сол өмірдің бізге 
мəлім емес беттерін аса ыждаһаттылықпен зерттеп елеп-екшеп оқырманға 
ұсынды.
Жазушы І.Есенберлиннің тарихи шығармаларының құндылығы - баяндау 
тəсілінің шебер берілуі, адамның ішкі əлеміне үңілу, нақты жағдайды тереңірек 
ашуға аңыз, тарихи жыр, көне қиссаларды өте ұтымды пайдалана білуінде. 
Оған дəлел романды оқып отырғанда əрбір кейіпкердің, би-шешендердің 
сөйлеген сөзі мен іс-əрекетіне еріксіз тамсанып қарайсың.
Еліміздің тарихында сондай шешен-би, дана-ақылгөйлердің болғанына 
мақтаныш сезіммен қарап, олардың əрбір ұлағатты сөздерінен үлгі-өнеге 
алуға бейімделіп отырасың.


185


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет