Атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары 26 қазан 2019 ж



Pdf көрінісі
бет57/92
Дата22.05.2023
өлшемі1,94 Mb.
#96037
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   92
Байланысты:
A Кекилбаев (1)

Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Жамбыл шығармалары. – Алматы: Нұрлы Press, 2014. – 284-285 бб.
2. Жамбыл шығармалары. – Алматы: Айғаным, 2016 – 38 б.
3. Жолдасбеков М. Туған елім. Өлеңдер. Толғаулар. – Алматы: Раритет, 2006 
– 32-168 бб.


214
Ө. Сейсенқұлұлы,
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
PhD докторанты
(Қазақстан)
ҚЫТАЙДАҒЫ ЖАҢА ДƏУІР ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ƏДЕБИЕТІНІҢ 
ЖЕТІСТІКТЕРІ ТУРАЛЫ
Балалар əдебиеті − əдебиеттің бір бұтағы, қазірге дейін балалар əдебиеті 
туралы берілген көптеген анықтамалар мен көзқарастар бар, əркім əр қырынан 
көз жүгіртіп өзіндік анықтама береді. Ал жұртшылық ортақ танымға кел-
ген балалар əдебиеті дегеніміз балаларға арналып жазылатын, олардың жас 
парқына, естэтикалық талабы мен оқып тұсыну қабылетыне үйлесімді келетін, 
жас ұрпақтың есен-сау өсіп-жетілуіне пайдасын тыйгізетін алуан түрлі көркем 
туындылар. Балалар əдебиетінде өзіндік жанр өзіндік ерекшеліктер болады, 
сондықтан да ол өзге жанрлардан өзгешеленіп өзіндегі ерекшеліктермен дара-
ланып тұрады. Балаларға арналған шығармаларды жазу кімде-кімнің қолынан 
келе бермейтін жұмыс, балаларға арналған шығармаларды тек бала тілімен ба-
лаларша ойлай алатын, балаша күліп, балаға жалт еткізерлік жаңалық əкелетін 
жазушы ғана тың жасампаздық тудырады, сондықтан да осы салаға екінің 
бірінің тісі батып, тың жаңалықтар аша алуы қиын дүние. Балалар əдебитінің 
негізгі оқырманы балалар болғаны себепті балаларғаТəрбиелік құрал болу, 
тəрбиелік жəне естэтикалық қуат сыйлай алу жəнеде балалар əдебиетіндегі 
негізгі ерекшелік. 
Осы ерекшеліктер себебінен балалар əдебиеті дүние жүзі əдебиетінде 
өзіндік орны бар, дамыған мемлекеттерде бала тəрбиесі, ұрпақ тəрбиесі ертеңгі 
мемлекет пен ұлттың тірегі дейтін құнды идалогия болғандығы себепті бала-
лар əдебиетіне төтенше көңіл бөледі. 
Ұлтымыздың сонау ежелден жалғасқан етнотарихына қарасақта балаларға, 
ұрпақ тəрбиесіне төтенше көңіл бөлген, сонау ауыз əдебиетіндегі балаларға 
арналған балалар ойындары, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі жанрларына қарасақ 
ұлтымыз бала тəрбиесін сонау ертеден бастаған, баланың болашағына əсте 
солғын қарамаған, түрлі балаларға арналған ойындар мен ауыз əдебиетінің 
жанрларында балаларға тəрбиені сыңырып отырған, сол себепті де “Бала – 
Болашақ”, “Қар қылаумен өседі, бала сылаумен өседі”, “Баланы Жастан, 
тəрбиені Бастан”, “Ақыл Жастан, асыл Тастан”, “Балалы үй базар, баласыз үй 
мазар” деп түрлі мақал-мəтелдер шығарып отырған, мінеБұл ауыз əдебиетінде 
сақталған балалар қатысты жанрлардан біз балалар əдебиетінің сонау ертеден 
жалғасқанын білеміз. 
Қазақстан қазақ балалалар əдебиеті арыдан айтсақ 20-ғасырдың басындағы 
Қазақстан əдебиеті ғылымының негізін салушы абай құнанбай ұлы мен 
Ыбырай алтынсариын қазақ балалар əдебиетінің дамуынада зор түрткілік 


215
рол атқарған. Абайдың балаларға арнап аударған шетел алыптарының түрлі 
мысал-тəмсілдері қараңғы қазақ даласына батыстың балалар əдебиетінен 
тұңғыш сəулелер алып келсе қазақ көркем прозасы тілінде өзіндік орны 
бар, əдеби тілді айшықтап қолданатын Ыбырай алтынсаринның «Өрмекші», 
«Құмырсқа», «Қарлығаш», «Атымтай жомарт», «Бай мен жарлы баласы», 
«Кел балалар оқылық» сінді туындылары қазақ балаларының қызу қарсы алу-
ына ие болды. 
Қазақстан балалар əдебиетінде осыдан кейін балаларға арналған тама-
ша туындылар жаңбырдан кейінгі Жауқазындай құлпырып ашылды, мұхтар 
Əуезовтің «Жетім» əңгімесі, бердібек Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат» 
(1960) «Менің атым қожа» (1957, 1972), Сансызбай Сарғасқаев «Көңілді бала-
лар» (1966), «Тəмпіш қара» (1974) машқар Гумеров «Ана мен бала» (1956), «Ор-
ман дəрігері» (1964), қабдыкарым Ыдырысов «Ол кезде он үште едік» (1961), 
«Жасырынбақ» (1963), құрманбай Толыбаев «Дəн», «Айдың жүзі дөңгелек» 
(1989), «Кел, ойнайық» (1990) нəсіреддин Серəлиев «Ұшталмаған қарындаш» 
(1956), «Ақ лақ пен қара лақ» (1961), «Ақбопе» (1966) Жəнібек кəрбөзин 
«Ысқырық», «Біздің Бекен қайда екен», «Біздің ауыл балалары» қадыр Мыр-
залиев «Жаңғалақтар» (1960), «Кішкене Қожанасырлар» (1961), Мұхамеджан 
Етекбəев «Алтын мүйізді киік» (1961), «Қисық бұтақ» (1963), «Қызыл ала авто-
бус» (1964), қастек Баянбаев «Арғымақ» (1962), «Балаларға базарлық» (1966), 
«Ақ шағала» (1973), Əбдірахман Асылбеков «Жапырақтар» (1961) «Түрлі-
түрлі бала бар» (1974), «Ерден атайдың ертегілері» (1980), ермек Өтетілеуов 
«Алақай» (1981), «Тілашар» (1982), Əлдихан Қалдыбаев «Қос тентек» (1964), 
«Менің ағам солдат» (1980) мүбəрак Жаманбалинов «Кішкене достарға» 
(1965), «Менің інім» (1970), ескен Елубəев «Көкпар» (1970), «Балабақша» 
сұлтан Қалиев «Сыныққа сылтау» (1967) «Қасиетті тақия» (1972), марат 
Қабанбаев «Бақбақ басы толған күн» (1975), «Пысық болдым, мінеки» (1983), 
«Кермек дəм» (1977), «Атшылық алыс жол» (1987) Өтепберген Ақыпбеков 
«Доп» (1985), «Төрт түлік төресі кім» (1986), нұрдəулет ақыш «Қиырдан кел-
ген көгершін», «Киелі көлдің қарақшылары», «Бейуақта жанған от», «Сынық 
домбыраның сазы» Сапарғали бегəлин «Алданған жолбарыс», хамза Есенжанов 
«Жайын ілерде», абдылда Тажыбаев «Тəрбиеші», өтебай қанахин «Ақбидай», 
Шерхан мұртаза «Ақсай мен көксай», Оспанхан Əубəкіров «Қалғаны кекіл 
болсын. . . », «Мысық арба», «Қытық қайдан шығады? », нығмет ғабдуллин 
«Бозша торғай», «Алтын бесік», Қарауылбек Қазев «Жалғыз үйрек», мұрат 
Тоқбергенов «Сызықтар», қабыш Жəркенов «Оқушының бір күні», мадыхат 
Төрежанов «Аяқталмаған ойын», «Қамқорлық», үмбетбай уайдин «Өтірік айт-
па, өлтірем! . . », ыяс Жансүгіров «Жұз ауыз өтірік айтқан тазша», «Исарының 
өтірігі» қатарлы балалар əдебиетіне қалам тербейтін бір топ жазушылар қазақ 
балалар əдебиетінің дамуына тың күштер əкелді. 
Ал еліміз қазақ əдебиетіндегі балалар əдебиетінің дамуына келсек 
азаттықтан кейін бір мезгіл əдебиет атаулы жалпы беттік тоқырау кезеңінде 


216
тұрды, бұл жағдай сонау “Мəдениет зор төңкеріс”, “Төрттік төбе” сынды ала-
сапыранды жылдар оңалғаннан кейін біртіндеп оңалғаны жұртшылықтың 
бəріне аян, мемлекеттің 11-кезекті 3-жалпы мəжілісінен кейін осы тоқырау 
аяқтап, еліміз əдебиетінде зор дүмпу болды, 
Еліміз қазақ жазба əдебиетінің негізін Ақыт ұлымжы ұлы, таңжарық жолды 
ұлы, асқар татанай ұлы қатарлы қаламгерлер қалады десек, онан ары нығымет 
Мыңжани, мағаз раздан ұлы, күнгей Мұқажан ұлдары жалғады. Олардың 
шығармашылдығында балаларға арналған бөлек туынды болмасада, оған тəн 
бірлі-екілі өлең, əңгіме бар болатын-ды. Сонымен еліміз қазақ əдебиетіндегі 
балалар əдебиетінің негізін қалап, тарысын түйіп, тақиясын кигізген жүнісқан 
Бақаевтің «Ұлан үні» (1983), мысалдар (1986), «Түрлі бейне», «Жақслық пен 
жамандық», «Жол-жөнекей», «Өрендер» (2009), «Сиқы қашқан», ұландар 
(2015) шығармалары, жұмаділ маманның «Ақылбай атайдың əңгімелері» 
(1982), бəтіш ақын қызының «Бала жүрегі» (1990), Дауытбек азамат ұлы 
«Бүлдіршін» (1989), дутан Сəкеевтің «Балаларға арналған əңгімелері», 
задақан мыңбайдың «Алтын қанаты», шамыс құмар «Ақ серке мен көк сер-
ке», «Жусанды дала», сəли садуақас ұлы «Базарлықы», жеңіс Ырысханның 
балаларға арналған үш томдық романы «Томпақтың кешірмелері», балаларға 
арналған Сатиралық шығармалар жинағы «Қазіргі қарға мен түлкі», əкімбай 
жаппардың «Ботақаны», төлеубай дошық (дөсмұқамет) ұлының «Бала мысық», 
«Мақтаншақ кірпш», «Жұмбақтары» жəне серік қауымбайдың «Ақ Маржан», 
«Ақ қайнары», мəлік Шабақбектің «Нұрадыл əңгімелері» бұлардан басқа айып 
нұсыпоқас ұлы, болат қаңтарбай, əуесқан нұрқожа қызы, нұрила қызқан қызы, 
батыш ақын қызы, сəулет, Ясын т.б. балалар əдебиетінде қалам тербеп жүрген 
жазушылармен шығармаларды көрсетуге болады. Ал үшінші ұрпақ бізге кел-
ген болатын, бұл салаға ат басын бұрған жазушылар əзірге тім аз, жүнісқан 
Бақаевтің «Ұландар» атты кітабы шыққанда берген сұқпатында: “Мынау ба-
лалар əдебиеті үлкен бір сала, қазақ əдебиетінің құрамдас бір бөлегі, проза, 
поэзия, балалар əдебиеті, əдебиет сыны т. б. Жанрлар қосылып қазақ əдебиеті 
əлемін құрайды. Ал көп адам балалар əдебиеттің өзін бала сияқты сезеді, ал 
анау үлкен əдебиет секілді... Сонымен қорашсынады. “Ой, баланікі екен ғой” 
деп қырын қарайды. Мен өзімнің қарауымша балалар əдебиеті бала үшін 
ғана емес үлкендер үшін де қажет, баласыз үлкен болған емес. Мен кейбір 
өлеңдерімде осы сияқты тəрбиелерді келтіргем, қазір жағдай жақсы, партия да 
мемлекет те көңіл бөлуде, бірақ балалар əдебиетінің дамуы баяу, осы саланың 
жүгін арқалап жүрген мен тұстас қаламгерлер қартайды. Ал жастардан осыны 
қуып істеп, артына түсіп, “Балалар əдебиеті” деген бақшаның өмір бойы суын 
қойып, шөбін отап, Еңбек етіп жүргендер тым аз, анда мұнда жылт етпелер 
бар. 
Асарға келіп, ат салысып, тер төгіп кетіп жүрді оларды бірден теріп 
екшейтіндей қуат менде де жоқ”, − деп еліміз қазақ балалар əдебиетінің бүгінгі 
таңдағы жағдайына толғақты ой қорытқан. 


217
Расында қазір еліміздегі балалар əдебиетінің жағдай жақсы «Ғылым 
бұлағы», «Іле өрендері», «Жəстүлек» сынды балаларға арналған журналдар 
бар, шинжяң жастар өрендер баспасы «Шинжаң қазақ балалар əдебиеті» атты 
он томдық шығармалар жинағын баспадан шығарды. Ал шинжаң əсемөнер ба-
спасы мемлекеттік нысанмен «Ғылымға құштарлық» атты балаларға арналған 
ғылыми əдебиеттен бес кітапты кшкентəй оқырмандарға ұсынды. Ұлттар ба-
спасы «Балдырған» желілес кітаптарымен балаларға арналған бір топ кітап 
шығарды. “Бала − болашақ, бала − ертеңіміз” бала кезінде балалар əдебиетінен 
сусындап, нəріне қана алмаған адам ес кіріп есейгенде де шөліркеп жүретінін, 
жер ортасына келседе бала болып жүргенін айналамыздан сезіп, көріп жүреміз. 
Тағанында жақсы қаланбаған құрылыс қаңқасында мəңгі сызат тұрады, бала-
лар əдебиетін бағалай да бағамдай да білейік ағайын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет