Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет129/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   162
Байланысты:
annotation214581

Әдебиеттер:

  1. Ержанова А. Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану. А, 2005.

  2. Абдуллина Г. Интенсивті оқыту таным белсенділігінің қазіргі бағыты. Ұлт тағлымы. 2009

  3. А.Әлімов Интербелсенді әдістемені оқыту. А. 2009

  4. Цукерман Г.А. Инновации в мировой педагогике. Рига. «Эксперимент», 1998

  5. Барсай Б., Таубаева Ш.Т. Мұғалімнің педагогикалық жаңалықтарын ұйымдастыру. А. 2007

  6. Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық технология. А. 2009

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – ЗАМАН ТАЛАБЫ




Қыдырбаева Фарида Нуркадиловна


Александр Селезнев атындағы АХУ-нің қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің оқытушысы


Сабақ беру жай ғана шеберлік емес,ол жаңадан жаңаны табатын өнер
(Жүсіпбек Аймауытов)

Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ бары- сында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. “Иннова- ция” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміз- дің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз” дейді. Ендеше инновация ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде “жаңа”, “жаңа- лық енгізу”, деп көрсетілсе, кейбіреулер оны “өзгеріс” деген терминмен анықтайды. “Инно- вация” деген сөз – латынның “novus” жаңалық және “in” енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы “жаңару, жаңалық, өзгеру” деген мағынаны білдіреді. Елімізде “Инновация” ұғымын пайдалану соңғы бес-алты жылда қарқынды қолданысқа енді. Ең алғаш “Инновация” ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалық- тарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықта- маны ұсынады.Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарас- тырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір- бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын). Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен :



  • ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңа- лықтарды тәжірибеде “бала-субъект”, “бала-объект” тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;

  • ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұр- ғысынан ұйымдастыру;

  • қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

  • иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда “адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағы дү- ниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;

  • саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығар- машылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалып- тасуына бағытталады;

  • оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;

  • дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік- психоло- гиялық жауапкершілігн арттырады;

Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет