Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет131/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   162
Байланысты:
annotation214581

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қабдықайыров Қ., Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А, 2015

  2. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2011.«Әлеуметтік әріптестік жағ- дайында техникалық және кәсіптік білім беру», Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы №2 (26) 2013ж;

  3. Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру - міндет. // Қазақстан мектебі. № 9-10. 2005. 25-26 б.

  4. Арысбаева З. Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері. // Қазақстан мектебі. № 1. 2007

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫ ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ




Мәдіхан Асқат Маратұлы


Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі

ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда ақпараттық-коммуни- кативтік технологияларды кез келген сабақта пайдаланудың маңызы өте зор. Оқушылардың өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Оларды білім алуымен қатар ізденімпаз, тапқыр, ой-өрісі жоғары дамыған, өз ойын, пікірін ашық білдіретін, жаңашыл, креативті, заман талабына адамгершілігі мол тұлға етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі заман та- лабы – қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа,


еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін кез келген сабақта иннова- циялық технологияларды құзыреттілігін арттырып, тиімді пайдалану маңызды болмақ.
Ондай инновацияны тиімді пайдаланатын ұстаз – қабілетті, жан-жақты шәкірт тәрбиелей алады. Шәкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет. Әр ұстаз оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, осы технологиялар- дың мазмұнына сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз. Қоғамымыз өте тез, шапшаңдықпен қарқындай дамып отырған мына заманда халық ағарту саласының қызметкерлеріне түсер салмақтың жеңіл болмасы да анық. Заман талабы мен уақыт көшінеілесу ұстаздар қауымына үлкен сын[1].
Бүгінгі заманда техниканың дамуы, оның ішінде өзім қызмет етіп жатқан ұстаздық қыз- метімде күнделікті өзгеріс әкелуде. Ғаламтордың алдына қызығушылықпен отырған бала, уақытын босқа өткізіп отырғанын білмей, өзін-өзі басқара алмай отырғанында, терең салмақ жатыр. Ал, ұстаздың міндеті әлеуметтік желіге қызығып отырған баланың назарын оқуға аудару. Иә, өте ауыр да, күрделі міндет. Ұстаз қай заманда да төзімділік танытып, қиын- дықты жеңе білген. «Шәкірт тәрбиелесең, болашағың тұнық» деген сөз бар халықта. Қазіргі алдымызда отырған шәкірт компьютерді жақсы меңгеріп, бағдарлама мен ойындардың мыңдаған түрлерін жетік біледі. Оларды оңайшылықпен оқытамыз деген әрекетіміз бекер- шілік екендігіне сабақ өткізген сайын көзім жете түскендей. Шешімді, қорытындыны бала- ның өзіне қалдырғанда, олардың ойларын тыңдап, таңқаласың! Таңқаласың, бірақ сол таң- даныс саған күш-қуат береді, жігерлендіріп, шәкірттің талабына сай жұмыс жасау қажеттігін түсініп, өзіңнен-өзің жаңа жолдар іздеуге талпынасың. Сол жолдардың бірі де бірегейі бағалау. Оқушыларды сабаққа ынталандыру мақсатында өзара бағалау мен өзін-өзі баға- лауға қосылдыру. Бағалау түрлерін енгізу – оқушылардың өзіне деген сенімділігін, өзгеге деген шынайы көзқарасын қалыптастырады. Оқу үрдісінде бағалау түрлерін қолдану, білім сапасы, таным мен оқу үдерісінің дамуына ықпал етеді. Оқушылар бағалау кезінде өздерінің қате жіберіп қоюлары мүмкін екенін түсінеді және мұндай жағдай ұят емес, керісінше одан сабақ алу керек деп қарастырады. Бағалау түрлеріүнемі іске асқан жағдайда, оқушы табыс- қа қол жеткізуге ұмтылады, өзгенің пікірін қабылдауды үйренеді, менсінбеушілікті тастап, керісінше өзгенің пікірін құрметтеуді үйренеді. Оқушы өзін-өзі бағалау кезінде оқыту дә- лелдемелерін жинайды, олардың мағыналарын өзінше түсіндіреді. Өз жұмыстарын салысты- рады және талдайды. Топтағы өз жұмыстарына ынтымақтаса отырып, түзетулер енгізеді, жаңа мақсаттар қояды. Өзін-өзі бағалау кезінде ағаттықтарды жоюға, мақсатқа қол жеткізуге тырысады. Жұмыс барысында өз ойын, өз пікірін білдіреді[2].
Мұғалімдер бағалау түрлерін оқыту тәжірибесінде күнделікті қолданады. Ал оқушының өз-өзіне, басқаға, топқа баға беруі өте маңызды, себебі оқыту тәсілдерін жақсартуды емес, оқушыларды өзінің оқуына анағұрлым тиімді тартылуына мүмкіндік береді, дамытады. Біз осы уақытқа дейін мұғалімнің жауап алу әдістерін жақсарту жолдарымен қоятын бағасына басты назар аудардық. Егер де біз балаларды өзінің оқуына тартқымыз келсе, біз ең алдымен баланың өзіндік ойын айтуға, өзіндік пікірін қалыптастыруға көп көңіл бөлуіміз қажет. Мұғалімдер оқушылардың бірқатар көрсеткіштер бойынша алға жылжуын бағалау үшін, сабақтарда бағалау түрлерін қолданды. Бағалау түрлерін сабақ үрдісінде пайдалануда қандай қиындықтар, қандай нәтиже бергендігін апта сайын кездесіп, талқылап отырды. Сонымен қатар, мектебімізде әкімшілік тарапынан арнайы топ құрылып, топ мүшелері әр мұғалімнің бағалау түрлерін қалай, қай дәрежеде қолданып жатқанына сараптама жасады және маңыз- дылығына тоқталды. Сараптама барысында бағалау критерийлерін құруда және түсіндіруде әлі де қиыншылықтардың кездесіп жатқаны туралы айтылды. Оқушы табысқа қол жеткізу үшін, әлі де уақыттың аздығы қол байлау болуда. Топ мүшелері мұғалімдердің жеткен жетіс- тіктері мен кемшіліктерін анықтап, қалай жақсартуға болатындығын қарастырды.
Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру жүйесін дамытуға баса көңіл бөліп отыр. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесін дамыту. Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті
логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған. Логика дегеніміз – ой- лауды дұрыс құрудың заңдары мен формалары, ережелері туралы философиялық ғылым. Ой- лау – шындықтың санада бейнеленуі. Ол біріншіден – дүниетанудың нәтижесі болса, екін- шіден – дүниені тереңірек, толығырақ танып – білудің құралы. Оқушыларды логикалық ой- лауға үйретуді, сол арқылы ой-өрісін кеңейтуді, информатикалық тілде сөйлетуді, ұқып- тылыққа баулуды мақсат еткен әрбір мұғалім қызықты тапсырмалар арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық есептерді тиімді тәсілдермен шешу жолдарын үйрету проблемасын қояды. Логикалық тапсырмалар оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылады да, теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Оқушылардың логикалық ойлауға үйренуі және логикалық ойлауының дамуы олардың өздігінен ізденіп жұмыс жасауына жол ашады. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтеретін болғандықтан әр сабақта тапсырмаларды түрлендіріп, қызықтырып қолдану көзделеді. Бұл оқушылардың жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту, оқушылардың өз күшіне сенімін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін шешуге көмектеседі. Оқушылармен ойындар, ауызша есептер, шығарма- шылық тапсырмалар жүргізіп, олардың ойша болжай білу, тапқырлығы мен аңғарымпаз- дығын байқауға болады. Аңғарымпаздық оқушының өз білімін пайдалана білуінің көр- сеткіші[3].
«ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми- техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық-коммуника- тивтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи орта- сына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» ұғымы
«оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технология- лары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.
Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негіз- деледі. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайда- лану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мем- лекеттің рөлі тәуелді болады[4].
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер бе- руде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсен- ділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық- пен еңбек етуіне жағдай жасайды. Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі са- бақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Инновациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:

  • үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту;

  • коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды қамту;

  • сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыру;

  • оқу қызметі мәдениетін дамыту;

  • оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін жеделдету, оның тиімділігі мен сапасын арт- тыру.

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам – ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтан- дырылған құралдарын пайдалана білуі керек. Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа
уақыт өткелі емес. Ол – өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты ба- рынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеу- меттік институт болуы керек[5].
Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. Педагогикалық технология – мұға- лімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүм- кіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқу- шының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. Оқыту үрдiсiнде технологияны қолдану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесiн, олардың iс-әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Қалыпты бiлiм беру жүйесінде мұғалім – оқушы – оқулық түрінде құрылған үш жақты байланыс бұзылып, мұға- лiм – оқушы – компьютер – оқулық жүйесі пайда болды. Мұндай жүйеде бiлiм беру оқыту процесінде компьютерді қолдану бiлiм мен бiлiктiлiкке қоятын талаптарды қайта қарап, же- тiлдiрiп, жүйелеудi талап етедi. Ақпараттандыруда технологияның негізгі бағыты ХХІ ға- сырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйе- сінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және оларға қол жеткізу мүмкін- діктері жатады[3].
Оқу процесінде қолданылатын технологиялық құралдарын орналастырудың бірнеше жолдары бар. Ең перспективтісі және мазмұндысы жіктелу критерийі ретінде тағайындау болатын жол құрылымдық элементтері болып табылады. Ақпараттық технология құрал- дарын меңгеру, жаңа элементтің енгізілуінің негізінде адам қызметінің өзгеруі сияқты мәсе- лелер көп уақыттан бері психологтарды қызықтыруда. 1937 ж. Л.С.Выготский былай деп жазған: «Адамның өмір сүру процесіне құралдың ендірілуі осы құралды қолдану және бас- қарумен байланысты көптеген жаңа қызметтерді өмірге әкеледі, осы құрал орындай алатын көп жай процестерді керек емес қылады, психикалық процестер және олардың ұзақтылығын, интенсивтілігін, жүйелілігін өзгертіп, бір қызметті екінші қызметпен ауыстырады, қысқаша айтқанда, бүкіл өмір сүру құрылымын өзгертеді». Қазіргі таңда білім саласы қызметкерле- рінің алдында тұрған басты мақсат – жана технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту. Технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты арқылы іске асады. Олар:

Бұл технологияның мақсатын төмендегі сызбадан көре аласыздар. Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесі. Бұл процесті icкe асырудан негiзгi құрал компьютер болып табылады. Компьютер – бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретін зор құрал. Бірақ әлі күнге дейін біз осы зор құралдың шексіз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз.
Информатика сабақтарында логикалық тапсырмаларды көптеп қолданудың нәтижесінде оқушылар информатика сабағын асыға күтіп, барлық ынтасымен дайындалатынын байқай- мыз. Ақпараттық есептердің қиындығынан қорықпай, қызықты есептер көп екендігіне сеніп, сабақты басқа – логикалық ойлау қырынан тануға көмек береді. Логикалық тапсырмаларды біртіндеп қиындату және оқытылатын тақырыпқа сәйкестендіру де қажет. Логикалық ойлау
дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолда- нуға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту, ұғымдарын өсіру, оқу-тәр- бие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытынды- лардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыс- тар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Информатика пәнінің мұғалімі ретінде өз ойым мен іс-тәжірибемнен және сабақ барасында болған жайыттарды қара сөзбен жазып бөлісіп отырмын[6].
Қорыта айтқанда, соққан жел егінді тербейді, тербелген егін елді тойдырады, тоқ халық дүниеге ақылды, мықты адамды дүниге әкеледі, саналы бала білім алуға тырысады, жақсы білім беретін адам, ол – жаңашыл ұстаз. Ұстаз мерейін асыру, бұл қажырлы еңбектің нәти- жесі деп білемін. Сабаққа ыждаһаттылықпен дайындалатын оқушы өз пікірін жеткізуге тал- пыныс жасайды. Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу – жиынтық бағалаудың нәтижелі, сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білі- мінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше екені бел- гілі. Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындардатұлғалармен қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және басқа тілдерді меңгеру – заман талабы. Олай болса, білім алушының тіл құзыреттілігін жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы өте зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет