КЕЙС-СТАДИ (CASE-STUDY) ӘДІСІН БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
Қожахметова Оралсын Жолдасбаевна
Талдықорған қаласы, №15 мектеп
Білім игерудің маңыздылығы күн өткен сайын артқандығын байқап отырмыз. Соған орай бұл саланың дамуы да, түрлі әдіс тәсілдердің пайда болып жатқаны да заңды құбылыс. Қазіргі ақпаратты ресурстардың дамыған кезеңінде білім беру саласында да ізденістердің, зерттеулердің ұтымыды тәжірибесін өзімізге іріктеп алуға мүмкіндіктер туып отыр. Бәсекеге қабілетті инновациялық тәсілдердің түрлері көп, әрі олардың тиімділігі мен пайдасын екшеп алу да бүгінгі заманның талабы. Сондай тәсілдердің бірі кейс стади әдісі. Бұл әдісті білім беруде қолдануда ұтымдылықты байқап отырмыз. Кейістерді қолдану әдісі алғаш рет ХХ ғасырдың бас кезінде Еуропа университеттерінде құқықтану және медицина пәндері бойын- ша шәкірттерді үйретуде қолдана бастаған екен. Бұл кезде кейс-стади құқықтық немесе медициналық практикада орын алған оқиғаларды зерттеу тәсілі ретінде танылып, оның негізін білім алушылардың өзіндік жұмыстары құрады. Практикалық оқиғаны зерттеу үшін
шәкірттер көптеген теориялық мағлұматтарды қарастыруға мәжбүр болды. 1910 жылы аме- рикандық профессор Копленд нақты ситуацияларды талдауда пікірталасты бизнеске оқыту әдісі ретінде қолдана бастайды. Ал, бизнес пәндері бойынша оқудың негізгі әдісіне кейс стади тек 1920 жылдарда Гарвад университетінің (АҚШ) Бизнес мектебінде ғана айналған. Кейстердің бірінші жинағы 1921 жылы «The Case Vethod at the Harvard BusinessSchool» де- ген атпен осы университетте жарыққа шыққан.
Бүгінгі күні кейс-стадидің екі негізгі мектебі қалыптасқан: америкалық (Гарвард мектебі) және батыс еуропалық (Манчестер мектебі). Олардың айырмашылығы көлемі мен дұрыс шешім келтіру тұрғысында ғана.
а) американдық кейстер шешімдері бірнешеу болады;
б) гарвардтық кейстер бір ғана дұрыс шешім табуды талап етеді.
Еуропалық кейстердің бірнешеу болып, сан қилы шешімдер ұсынуы: мұндағы ең басты мәселе - шәкірттердің өз шешімдері мен көзқарастарын теориялық тұрғыдан негіздеп, олар- ды дәлелдеп және қорғап шығуы; еуропалық кейстерде оқытушы көзқарастардың сан алуан- дығын және пікірталастардың өрбуін қолдап отырады, алайда ол оқушыларды кейстердің дұрыс шешіміне қарай жетелемейді. Кейстердің жан- жақты анықтамасы 1954 жылы шыққан Гарвард бизнес мектебінің басылымында келтірілген: «Ұстаз бен шәкірттердің арасындағы мәселелер немесе ситуациялары бойынша пікірталастарға қатынасатын оқу\оқыту әдісі. Оқы- тудың өзекті проблемаларының мысалы ретінде ситуациялар жазба түрде келтіріледі. Шә- кірттердің оларды өзіндік тұрғыдан зерттеп, қарастырады. Білім алушылардың бұл жұмысы болашақта оқытушының басқаруымен аудиторияда бірлесе талқыланып, пікір таластырудың негізі болады. Сонымен, касе-студи әдісі арнайы дайындалған оқу материалдары мен бұл материалдарды оқу процесінде қолданудың арнайы технологиясынан тұрады».
Кейс-стадидің басты қағидасы «Ақиқатты іздену ақиқаттың өзінен де маңызды» деп тұжырымдауға болады, өйткені бұл әдіс оқу/үйрену/ іздену процесі ретінде қарастырады: оның негізін проблема шешу деп танып, талқылау мен пікірталасты, шешім қабылдауды оның басты құралдары қатарына жатқызады.
Кейс-стади әртүрлі әдістер мен тәсілдерді біртұтас күрделі жүйеге біріктіреді. Олардың қатарына мынандай бірлескен жұмыс тәсілдерін жатқызуға болады: ой қозғау/модельдеу/ пікірталас/ талқылау мен жүйелі талдау/іскерлік және рөлдік ойындар/ тәжірибе жасау/проб- лемалық әдіс/ жазу тәсілдері.
Сонымен, бұл әдіс таңдау жасау мен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратын тиімді әдіс. Оны нақты ситуацияларды (жағдаяттарды) практикалық тұрғыдан талдау мен оларды өмірде кезігетін түрінде қайталауға, «ойнап» шығуға негізделеді. Сол себепті де кейс-стадиді «нақты оқу ситуациялар әдісі» деп те атайды. Ағылшын тілінен ауырғанда
«кейс» сөзі «жағдай», «оқиға» дегенді білдіреді.
Кейс- стади мақсаты: мынандай әрекеттерге жұмылдыру:
Кез- келген теориялық мәлімет пен ақпаратты талдау; Негізгі проблемаларды айқындау;
Проблемаларды шешудің әртүрлі балама жолдарын табу; Сараптау арқылы олардың ішінен ең тиімдісін таңдау; Өз іс әрсекеттерін жоспарлау;
Кейс-стади практикалық мәселелерді жан-жақты қарастыру арқылы пәннің теориялық мазмұнын толықтырады. Кейс-стади әдісі көмегімен пәннің теориядық мазмұнын толық- тырады. Бұл кезеңде оқытушы білім алушының жаңа мағлұмат бойынша ойланып, ол жө- нінде өзара пікіралмасу мен талқылауды ұйымдастырады. Шәкірттер осы сабақты білгендері мен үйренгенін тұжырымдайды, олардың қолданысы туралы пікірлесіп, проблема шешуде қолданылады.
Бұл әдісті әр ғылымның саласын меңгеруде түрліше икемдеп пайдалануға болатынын айтқымыз келеді. Кез келген ғылымның теориялық мәліметтерін игеріп, талдап, негізгі проблемасын айқындап, солардың ең тиімді, пайдалы бағытын алып, жоспар құруда, сол
саланы тереңдеп игеруде өте пайдалы деп есептейміз. Жаңа педагогикалық тәжірибе та- нымдық және практикалық іс әрекет бар жерде, нәтижелі білім сапасы да бары анық. Бүгінгі қоғам жағдайында терең білімді, ой өрісі, рухани адамгершілігі, танымдық қабілеті жетілген, ұдайы шығармашылық ізденісте жүретін жастарды тәрбиелеу білім беру жүйесінің негізгі мәселесі. Бұл ғасырлар бойы азамзат жинаған тәжірибені жастарға жеткізетін педагоктардың алдына қойылатын талап деңгейлерін айқындап алуды қажет етеді.
Педагок қоғамның болашағын жасаушы. Мемлекеттің дүниежүзілік деңгейде беделінің биік болуы педагок еңбегінің көрінісі, сондықтан да педагогикалық үрдістің жоғары дәрежеде болуы педагоктың теориялық және практикалық әдістердің және дүниетанымдық мәдениетін қалыптастыру көкейтесті мәселелердің біріне айналған.
1111Оқытудың интерактивті әдісі ретінде кейс ,білім алушы тарапынан қолдау табуда: олар мұнда оқу материалының теориялық ережелерін меңгеру мен практикалық игеруді қамтамасыз ететін ойынды көреді. Сонымен қатар, жағдайды анализ жасау студенттердің кәсіби жетілуіне өте күшті әсер етеді, олардың есеюіне әкеледі, олардың сабаққа деген қызығушылғы мен оң көзқарасын қалыптастырады.
Кейс-әдісі оқытушының ойлау бейнесі ретінде көрініс табады, оның басқаша ойлау мен әрекет жасауына, өз шығармашылық күш-жігерін жаңартуға әсер ететін ерекше парадиг- масы. Бұл жерде негізгі мәселелер оқу барысын кең түрде демократияландыру мен түр- лендіру, оқытушылардың еркіндігі, олардың прогрессивті ойлау стилін, педагогикалық қызметінің этикасы мен мотивациясын қалыптастыру ретінде көрініс табады.
Кейс өз тұрғысында кейбір рөльдік жүйе ретіндегі көрініске ие болып табылады. Роль деп белгілі әлеуметтік позицияда тұрған адамдарға қойылатын талаптар жиынтығын айтамыз. Кейстегі рольдердің жоғары концентрациясы кейс-әдісін оның шеттетілетін рольдік форма- сына айналуына әкеліп-соғады-оқытудың ойын әдісі, яғни, ол ойын өзіне интеллектуальды жетілудің нәзік технологиясы бақылаудың тотальды жүйесін жинақтайды. Кейстегі әсерлер жазбаша түрде болуы ықтимал. Бұл жағдайда оларды дұрыс ойластыруымыз қажет (алы- натын нәтижесі, тиімділігі). Немесе олар мәселені шешу тәсілі ретінде ұсынылуға тиіс. Қалай болғанда да практикалық әсер ету моделін түзу оқушылардың кәсіби сппасын қалыптасты- рудың тиімді құралы түрінде көрініс табады. Кейс әдісінің білім беру жүйесіндегі орны біркелкі емес. Ол брлық кәсіп өкілдерінің кейбіреулерінде басым болуға тиіс сапаларды қалыптастыруға көмектеседі. Осыдан келіп кейс-әдістің стратегиялық даму қағмдаларын құрастыруға және оқытуға ендіруге болады. Ол қағидалар төмендегідей: Біріншіден , кейс- әдісті қазіргі нарық мамандықтарына, оның ішінде менеджер, экономист, әлеуметтанушы, маркетолог, брокер және т.б мамандықтарға оқытуға тезірек ендіру қажкт. Оларда ситуация- лық білім және ситуациялық қызмет басым. Шын мәнінде, кейс-әдісі бұл мамандықтарға қандай да бір қозғалтқыш болып табылады, стандартты емесжағдайларда нәтижелі әсер етуге қабілетті. Екіншіден, ол ересектерге білім беруде, олардың білімін жетілдіруде ерекше тиім- ді, ситуативтілік арқылы бар білім жүйесін жаңасына жеңіл ендіреді. Бұл әдіс ересектердің дайындық түрі мен деңгейіне, оның мотивациясына, білімді тез жетілдіру мен жаңарту әдісіне көбірек сәйкес келеді. Ересектерге әруқытта пән бойынша кейбір білім деңгейі әруақытта бар, ол белгілі әдіснамалық парадигманы, ойлаудың қалыптасқан тәсілдерін және әдістерін меңгерген. Оның бойында қалыптасқан біраз құндылықтар жүйесі , мінез стан- дарттары және т.б. бар. Бір жағынан, ересектермен оқу жұмысы өскелең жастарды оқыт- қаннан әлдеқайда жеңіл, өйткені бұл оқыту басынан басталған жоқ. Екінші жағынан, ойлау консерватизмі мен өзгерісі келмейтіннегитивті көрініс орын алуы ықтимал. Сондықтан, оқытушы кейсологтың алдына қойылатын бірінші міндет, догматтар мен амбицияларды жоюға бағытталуы, сонан соң өз тұлғасын прогрессивті өзгертуді алдымен қалауы, соңынан соған ұмтылуы болмақ. Жастар аудиториясында жеңіл жетістікке қол жеткізуге болатын нәрселер, ересектер аудиториясында қосымша , кей жағдайда ерекше күш жұмсаумен жүзеге асырылады. Үшіншіден, кейс-әдіс оқытудың басқа әдістермен, соның ішінде дәстүрлі түр- лерімен де органикалық үйлесімде қолданылуы тиіс, өйткені, бұл студенттер бойында
міндеттті, нормативті білімді қалыптастырады. Ситуативті оқыту болса динамикалық ситуа- ция жағдайында білімді іздену мен пайдалануға үйретеді, иілгіштік пен ойлау диалек- калығын жетілдіред Мұнда шектен тыс пайдалану болашақ маманды қажетті нормативті
«қаңқасыз қалуға ұрындырады. Оның барлық білімі көптеген ситуацияларды білуге шо- ғырланады да, онда ешқандай әдіснамалық қағидалар мен жүйелер болмайды. Оның мең- гергені өзі кездескен ситуацияларды ойластырумен шектеледі де, жаңа ситуацияларға кез- дескенде «рулсіз және желдеткішсіз» қалып қояды. Төртіншіден, оның қолданылуы әдісте- мелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық, және педагогикалық тұрғыдан негізделген жәнет қамтамасыз етілген болуы тиіс. Бұл қамтамасыз ету ЖОО оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру деңгейінде де қажет. Мамандықтарды, оқу пәндерін және олардың тарауларын оқытуда кейс- әдісін қолдану дәстүрлі әдіспен салыстырғанда аса үлкен тиімділік беретінін өте алдын ала анық диагностикалау және эксперттік бағалау қажет. Бұл әдіс әдістемелік семинарда пікірталас негізі, оқытушылардың озық педагогикалық тәжірибе өзегі болып, оқытушылар білімін жетілдіру мақсатында көрініс табуы тиіс. Кейстердің бұл функционалды өрісі әзірге потенциалды сипатқа ие болғанымаен, яғни біздің елімізде кейс-әдісін жақын болашақта оқу үрдісінде кең етек алуда. Украиндық, ресейлік және қазақстандық алғашқы кейстер батыс- тың дәстүрлі түрінен өзіндік ерекшеліктерімен, ізденіс қызметінің басымдылығымен айқын- далады. Оның ішінде отандық кейс-әдіс тек қана экономикалық мамандықтар, пәндер және олардың тарауларын оқыттумен шектелмей, білім беру саласындағы пәндердің басым көп- шілігін қамтуда. Оның басты себептерінің бірі Қазақстан ағарту қызметкерлерінің ғылыми әдіснамалықтұрғыдан жетіктігі, ұстаздардың ізденімпаздығы, жаңа оқыту технологияларын жете зерделеп, іс-тәжірибеде сынақтан өткізуге ұмтылуында. Еліміздегі өзгерістердің қоғам- ның барлық салаларындағы, соның ішінде ағарту саласындағы түбегейлі өзгерістердің са- палы бағыты мұғалімдердің ізденіске толы қызметімен тікелей араласуы арқылы жүзеге асырылуда. Кейс – стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі(метод кон- кретных учебных стиуаций») xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен. Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т.б. Са- лаларда жемісті қолданылуда. Қазір кейс-стади амал-тәсілін педагогикалық оқыту үрдісіне енгізу әдіс-тәсілдерін: Л. Барис, В.А. Ясвин, К. Кристенсен, Э.хансен, М.В. Коротков, М.В. Кларин, А.И.Наумова, А.М.Зобина, М.С.Керимбаева, В.А.Канн-калик, Н.Д.Никандров, Б.Н.Киселева, И.В. Липсина, Г.А.Полонский, Д.Экинсон, И.Уилсондар қарастыруда. Кейс амал-тәсілінде басты назар оқушылардың ұсынылған реальды немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой- пікірін нақты әрі толық айтып беруі т. б. Шәкірттің жекетұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады. Демек, мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану – қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |