Модификациялық инновация– бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен ай- налысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация– бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация– білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқыту- дың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жа- ңаша қарым-қатынас пайда болуда.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйт- кені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге оқытушыларды даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыру- дың үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сон- дықтан да әрбір студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сол оқу орындарына толыққанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген ұрпағымыздан, болашақта жақсы маман, білімді азамат шығары анық.
Себебі, біз қадам басқан ХХI ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісі- не әділ баға бере алатын, өзіне сенімді. Отанының әлеуметтік- экономикалық дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр. Оқу-тәрбие процесі-нде жаңа педаго- гикалық технологияларды ендірудің алғы шарты: оқытушылардың инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерген әрбір оқыту- шы өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Оқытушы алғаш педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:1 кезең – оқып үйрену; 2 кезең – меңгеру; 3 кезең - өмірге ендіру; 4 кезең – дамыту. Қазіргі пән оқытушыларының негізгі міндеті — білім беруді нәтижеге бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені баршамызға мәлім. Оқу үдерісіне қоғамның жаңа қажет- тіліктеріне сәйкес инновациялық тәсілдерді енгізу, оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісін талап етеді. Осыған орай кез-келген оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын заманауи инновациялық технологияны меңгеруге ұмтылу керек. Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесіндегі ең басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне көшу ар- қылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қазіргі заман талабына сай пән оқытушысы ғана болу аз, оқытушы - ұстаз, инноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім иннотехник дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән бойынша қандай тақырыпқа пайдалану керектігіне тиімді зерттеу жү- реді. Яғни әрбір инновациялық технологияларды меңгереді, содан кейін меңгерген техно- логияларды апробациядан (сабақ барысында қолдану) өткізеді, мұғалім талдау жасай оты- рып, тақырыпқа сай технологияны таңдайды. Оқытушы білім алушының табиғи дарын, қабілетін ашу жас ерекшелігін ескере отырып, технология элементтерін тиімді пайдалана алу керек.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:
оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, іс-әрекетінің нәти- жесінің жоғары сапалы болуы;
оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;
оқу процесінде қарым - қатынастың еркін болуы;
оны үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.
Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі – «интерактивті оқыту әдісі».Интерактивті әдіс-тәсілдерді жиі пайдалану, әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру – қауы- мының басты міндеті.
Интерактивтік оқу технологиясы (ИОТ) – деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олар- дың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқа да жақтарынан жетістік- терге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, білім алушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, оқытушы мен білім алушының іс-әре- кетін оқу - ойындар түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
Интерактивті әдістерге мыналар жатады:
миға шабуыл әдісі;
топпен жұмыс;
проблемалық шығарма әдістері;
рөлдік ойындар;
зерттеулер;
іскерлік ойындар;
сын тұрғысынан ойлау әдісі;
пікірталастар және т. б.
Сондықтан, педагог мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін мақсатты дамыту- білімнің инновациялық дамуының маңызды факторы.
Осылайша, жоғарыда қарастырылған педагогикалық инновацияның болмысын ұғу амал- дарындағы ортақ нәрсе олардың басты назары педагогикалық шығармашылықтың үдерісі мен нәтижесінде болуында. Барлық зерттеушілер білімнің инновациялық үдерістердің бол- мысын жаңа теориялық талдап, түсінік беруге, үздіксіз инновациялық қозғалысты қамта- масыз етуге қажеттілігін атап өтеді. Бұл қажеттілік, өз кезегінде мамандардың арнайы даяр- лау, соның ішінде педагогикалық инновация саласында құзыретті педагогтерді даярлау мәсе- лелесін өзектендіреді. Инновациялық іс-әрекетке, үздіксіз инновациялық режимде жұмыс жасауға педагогтерді даярлау арқылы инновациялық білім беруді дамытудың сәттілігі анық- талады. Осы даярлықтың маңызды құрылымдық бөліміне қоғамның, еңбек нарығының, тұл- ғаның, технологиялардың және үздіксіз ақпараттық ортаның жаңаруына өз кәсіби іс-әре- кетінде оперативті әрекет етіп, икемді болу қабілеті жатады. Сонымен, педагогтің құзырет- тілігі білім берудегі инновацияның дамуының тұрақтылығының маңызды шарттарының бірі. Сондықтан, педагог мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін мақсатты дамыту - білімнің ин- новациялық дамуының маңызды факторы.
Біліктілікті арттырып тәжірибеге араласқаннан кейінгі мұғалімдердің дәстүрлі оқыту әдістемесіне көшіп кетпеуі үшін мектепішілік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық әдістемелік қолдау мен біріккен әрекетті жүйелі жүзеге асыру маңызды. Бүгінде желілік қо- ғамдастықтар, әртүрлі формада тәжірибе алмасулар, ортақ ойды ортаға салатын басылымдар, іс-тәжірибені тарату жұмыстарының жүйелі жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде мұғалімге кәсіби қолдау, даму, кәсіби құзыреттіліктің арттыру қолайлы факторлары болып табылады.
Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр. Оқытушылар мен студенттерге әртүрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келеді.
Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бас- тамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесімен
айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдасты- руда қазіргі педагогикалық педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.
Қандай сабақтың болмасын қызықты өтуі оқытушының үнемі іздену, ұтымды әдіс – тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Қазіргі таңда оқы- тушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Қазіргі күні инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды, процестерді бірлікте жетіл- дірудің де жүйесі. Сондықтан оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идея- ларды енгізу, жаңарту нысаны болып табылады.
Ұлы Абайдың «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандаста- рының бәрі кінәлі» деген әйгілі сөзін еске алсақ, қазір құдайға шүкір, еліміз еңсе көтеріп, әлемдік өркениет пен ұлттық рухани құндылықтарымызға бет бұра бастадық. Жалпы ин- новациялық бiлiм прогресiнiң негiзiне педагогиканың екi маңызды проблемасы жатыр:
педагогикалық тәжiрибенi оқыту проблемасы;
психологиялық – педагогикалық ғылым жетiстiктерiнiң практикасына дейiн жеткiзудiң проблемасы.
Бiлiмдегi иновациялық процестiң нәтижесi теория мен практиканың тоғысында пайда болатын – теориялықта, практикалықта жаңалықтарды пайдалану болып табылады.
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Қорыта айтқанда, жүрегі «Қазағым» деп соғатын,нәтижем – шәкіртім деп түсінетін әрбір ұстаз жаңалықтан қалыс қалмай, өз ісін адал атқаруға талаптанады,өйткені инновациялық технологияны пайдалану - заман талабы.