Пайдаланылғанәдебиеттер М.Әуезов Абай жолы:Роман-эпопея.- Алматы:Жеті жарғы, 1997. 1 кітап:Абай.-320 б.
Есембеков Т.У. Көркем мәтінді талдау негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 122 б.
Темирболат А.Б. Проблема хронотопа в современной прозе. – Алматы, 2003
Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС, 2005. – 576 б.
Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. – Алматы: Ғылым, 1993. – 296 б.
Сапаралы Б. Құнанбай қажы. – Алматы:Ер-Дәулет, 1995, 288 б.
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПРАКТИКАЛЫҚ ГРАММАТИКА КОНЦЕПЦИЯСЫ
ЖӘНЕ СИПАТТАУ ҰСТАНЫМДАРЫ
Зейнехан Күзекова
Назарбаев университеті
Абстракт. Бұл мақалада біз практикалық грамматика концепциясы мен оның лингвисти- калық негіздемесі, мақсаты, міндеті туралы баяндаймыз. Қазақ тілін оқыту саласында грам- матиканы оқытуға қатысты пікір таластар жалғасуда. Грамматиканы оқытуымыз керек пе өзі деген сияқты. Біз бұл мәселені емес, грамматиканы қалай оқытамыз деген сұрақты көтергіміз келеді.
Қазақ тілі практикалық грамматикасы қазақ академиялық грамматикасымен тығыз бай- ланысты, себебі оның жетістігін, нәтижелерін пайдаланады, оған сүйенеді, сондай-ақ өз зерт- теулерінде, оқыту практикасында жаңа теориялық идеялар қолданады. Екі грамматика ара- сында айтарлықтай айырмашылық бар: академиялық грамматиканы лингвистер және бола- шақ лингвистер оқиды. Бұл грамматикада тіл – ғылыми зерттеу объектісі. Осындай грам- матикамен тілді үйрету – қиын. Шет тілі ретіндегі қазақ тілі практикалық грамматикасы практикамен байланысты, үйретуге арналған, грамматикалық заңдылықты оқытуға арна- лаған, тіл және оның бірліктерінің сөйлеудегі қызметін көрсетуге арналған. Практикалық грамматика адресатымен, мақсат міндеттерімен ерекшеленеді. Практикалық грамматика негізінде тілді қатысым құралы, коммуникация құралы ретінде тану жатыр. Бұл функционал- ды - коммуникативтік аспектінің маңыздылығын анықтайды.