Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет15/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   162
Әдебиет/References:
Abdullah, Syed. Pakistan Mein Urdu Ka Masla. Lahore: Maktaba Khayaban-e-Adab. 1976. Белокреницкий В. Я., Москаленко В.Н. История Пакистана. М., 2008.
Восток (Oriens). 2019.
Rahman T. Language Ideology, Identity and the Commodification of Language in the Call centers of Pakistan. Language in Society. 2009. 38. Pp. 233–258.
Rahman T. The Urdu-English Controversy in Pakistan. Modern Asian Studies. 1997. 31.1. Pp. 177–207.
The Constitution of the Islamic Republic of Pakistan (as modified upto the 28th February, 2012). National Assembly of Pakistan. Islamabad, 2012.
Халмурзаев Т.Х. Статус урду в современной Индии и тенденции егоразвития. Tашкент, 1999. Электронды ресурстар / Electronic sources
Thomas Babington Macaulay. Wikipedia.org. URL: https://en.wikipedia.org/wiki/Thomas_Babington_Macaulay (дата обращения 25.04.2020).
Pakistan to implement Urdu as official language, says minister. Pakistan Today. Monitoring report. 29.07.2015.
URL:

М.О. ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ УАҚЫТ КАТЕГОРИЯСЫ




Келдебеков К.К.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру
факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары

Адамзат тіршілігі, адам өмірі екі тұрақты координат – уақыт пен кеңістік аясында өтіп жатады. Көп жылдар бойы уақыт – негізінен тарихи және биографиялық мағынада қабыл- данып, аталмыш тұрғыда зерттеліп келді. Уақыт пен кеңістікті түйсіну, түсіну, қабылдау жөнінде әр ілімнің өз бағыты бар. Психология, дінтану, пәлсапа мен физика, геология, био- логия аталмыш категорияларды өз мақсаттарына сәйкес қарастырып, зерттейді. Шығарма- дағы уақыт пен кеңістік ұғымдары туындының белгілі мекен мен мерзімде өткенінен хабар беріп қана қоймай қаламгер атаулының дүниетанымын, адами және ұлттық болмысын, шығармашылық қуаты мен көркемдік ізденістерінің нәтижесі ретінде әдебиеттануда ай- рықша маңызды орын алады. Шығармада сан алуан уақыт түрлері кездеседі. Әсіресе, көлем- ді шығармаларда мәселен роман, эпопеяларда сюжеттік уақыт т.б. сынды уақыт түрлері кездесіп, жазушының көркемдік уақытты игеруіндегі ерекшеліктерді анық және нақтылап көрсетеді. Әдебиеттегі уақыт пен кеңістікті: «Әдебиет пен өнерге қатысты оларды үш салағы бөлу қалыптасқан:



  1. реалды/физикалық/ уақыт пен кеңістік;

  2. концептуалды уақыт пен кеңістік;

  3. перцептуалды уақыт пен кеңістік» - деп белгілі түрколог, әдебиеттанушы ғалым Ш.Ыбыраев «Эпос әлемі» атты зерттеу еңбегінде уақыт пен кеңістік ұғымдарының әдебиет- тегі жіктелу формасын көрсетіп берген. «Сюжеттік уақыт дегеніміз – автордың сюжет бары- сында бейнеленген, суреттеген уақыттарының белгілі бір ретпен орналастырылуы болса, фабулалық уақыт – белгілі бір уақыт аралығында өткен оқиғаларды қамтиды. Жазушы мәтінде уақыт ағымын өзгертіп, ауыстырып, кейде әдейі бұзып отырады. Ол үшін ретро- спекция (лирикалық,пейзаждық, оқиғалық шегіністер) ен ретордация (уақытты баяулату, созу) қолданылады» - деп белгілі ғалым Т.Есембеков «Көркем мәтінді талдау негіздері» атты еңбегінде шығармадағы уақыт түрлері туралы жазды. Аталмыш уақыт түрлерінің М.О.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы уақыт категориясына қысқаша шолу жасайық.

«Абай жолы» роман-эпопеясындағы уақыт пен кеңістіктің көркемдік ізденістер тұрғы- сынан игерілуі зерттеуіміздің негізгі нысаны болды. Сондықтан көлемді шығармадағы мезгіл мен мекенді айқындаудағы басты теориялық амалдар – уақыт пен әрекет поэтикасына, әре- кеттің хронологиялық түрге бөлінуіне (паузаның кірігуі, уақыттың ілгерінді-кейінді жыл- жуы, лирикалық шегіністер), уақытты ойнату (дәуірлік, циклды, мезгілдік), қыстырма кон- струкциялар (хат, өлең, т.б.), эпикалық баяндаулар, көркем уақыт, монолог, диалог, пейзаж, сюжеттен тыс келетін пролог, эпилог сияқты толып жатқан көркемдік әдістерді саралауда жазушы шығармасынан мәтіндік мысалдар алынды. Сонымен қатар мезгіл мен мекеннің жазушы суреткерлігіндегі сюжет құру және көркемдікке көтерілудегі шығармашылық дара қолтаңбасы әрі осы бағыттағы эстетикалық ізденістерін бағамдау, туындыда оқырман мен оқиға уақытын мүмкіндігінше классикалық дәрежеде ұйымдастыру, сондай-ақ кеңістік өлшемін уақыт ағымымен ұқтырудағы өзіндік ерекшеліктері қарастырылады.
М.О.Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясындағы уақыт категориясының игерілуі автордың көркемдік ізденістері мен шығармашылық дүниетанымы, айналадағы реалды уақытта болып жатқан құбылыстарға қаламгерлік көзқарас тұрғысынан баға беруін көр-
сетеді. Жазушы М.О.Әуезов қазақ әдебиетіндегі тұңғыш эпопеясында қазақ халқының ұлы ақыны, сүйікті перзенті, дала ойшылы, кемеңгер Абай Құнанбайұлының адамдық болмысы мен шығармашылық тұлғасын жасау арқылы ақынның өмірін қамтыған кесек туынды «қазақ халқының энциклопедиясына» айналды. Негізінен шығармада ұлы Абайдың он үш жасынан бастап өмірден өткенге дейінгі аралықтағы шығармашылық және адами болмысын кеңінен суреттейді. Жазушы М.Әуезовтің өзі уақыт жағынан жақын тұратын Абай уақыты, ұлы ақын заманы қаламгердің бала кезден бергі көз таныс ортасы болатын. Осы арқылы жазушы М.Әуезов роман-эпопеяда кемеңгер Абай тұлғасы арқылы сюжеттік уақыттың аясында өте ұшқыр фабулалық уақыттарды да кеңінен қолданады. Мәселен, «Абай жолы» роман- эпопеясының «Қайтқанда» бөлімін алып қарайық: «Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне бала шәкірт барын салды. Қорықтан шыға атқа мінейік деп асыққан-ды. Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпаста өзі оятып тұрғызып еді» - деген туынды басталған бетте-ақ жазушы қаладан шыққан жолаушылардың үш күндік жолдағы бейнетін суреттеп жатпай-ақ, қаламгерлік міндетін орынды пайдаланып отырып, үш күндік жолдың екі күніндегі оқиғалар мен уақытты сығымдап, мекеншақтың өткен шақ формасында оқырманға сапардың барысын қысқаша айтады. Мұндағы «асыққан-ды, оятып тұрғызып еді» деген тіркестер арқылы жазушының уақыт пен кеңістікті сығымдап мекеншақ формасына айналдырғанын көреміз. Тағы да шығармадан үзінді келтіре кетейік: «Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған. Кей-кейде өзіне таныс Көкүйірім мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты қоныс-құдықтардың тұс-тұсына келгенде бала оқшау шығып, астындағы жарау құла бестісін ағызып-ағызып та алады.
Арттағылар – Байтас пен жорға Жұмабай:

  • Мына баланың ауылға асығуын-ай!

  • Сорлы бала қыстай іш құста болып қалған-ау, - деседі. Бала шәкірт ұзап кеткенде бұлар да еріксіз желе шоқырақтап шауып отырып қуып жетеді. Жорға Жұмабайдың тақымында қара шоқпары бар. Байтастың да аяғының басына ілген ұзын қайың сойылы бар-ды. Тақырбұлақ тұсына келгенде Байтастар баланы жеке шабудан тежеп:

  • Енді бізден ұзап кетпе! Анау Есембайдың жырасын білесің ғой!.. Ұры жатады... – деді.

  • Сені мен бізді манадан көріп отыр! «Қоқырақтап жалғыз шабатын неме екен, түсіріп, атын әпкел өзінің!» – дейді де, сені төбеден бір-ақ нұқып, мына бәйге бестіңді алады да кете барады, – деді жорға Жұмабай да.

  • Е, сендер ше? Сендер беріп жібересіңдер ме?

  • Ойбай, бізде не қауқар бар? Біз екеу-ақ...

  • Олар самсаған сары қол. Бұл Есембайда ұдайы жау жатады. Тек бізді өзіміздің елдің адамы деп аман қалдырмаса, жер жаман, – деп Жұмабай шошыта сөйлегісі келеді.

Баланың қытығына тиетіні осы жері.

  • Әйтеуір, сендерден дәрмен жоқ екен. Ендеше бірге жүрдім не, жеке жүрдім не? Ал кеттім! – деп соқтырта жөнелді. Бұл – Тақырбұлақтан өте бергенде бастағаны еді.

Содан жаңағы қауіпті деген Есембайға жеткенше, артына бірде-бір қараған жоқ. Көз ұшына кетіп ұзап алып, ылғи жапа-жалғыз шауып отырған» – деген үзіндіде жазушы М.О.Әуезов оқудан қайтып келе жатқан бала шәкірт Абайдың бойындағы өзгерісті айналаға бұрынғы бала кезінен басқаша қараған көзқарасы арқылы байқатады. Бала шәкірт Абайдың үйіне оралуын (әкесі Құнанбайдың шақыртуымен) автор бірнеше бет етіп суреттеп, шығарма бойына тұтастай тартылған желі - сюжеттік уақыт құрамына шағын оқиғалар арқылы фабулалық уақытты шебер енгізген. Бұған мысал ретінде жол үстіндегі әңгімеде Байтастың
«Көшкенде жүк артамын сары атанға, айтамын не бетімді Ойке апама?» деген өлеңі мен Абайдың жорға Жұмабай мен Байтасты қорқытуы сынды шағын фабулалық уақыт белгілерін атауға болады.
«Абай жолы» роман-эпопеясында жазушы М.О.Әуезов тұтастай бір дәуір Абайдың өсу, қалыптасу, шыңға шығу және өмірден өтуі сынды даму сатыларынан өтуін суреттеу арқылы тұтастай кең құлашты эпикалық уақытты жасап шығарды. Тарихи уақыттағы болып өткен
оқиғаларды роман-эпопеяда көркемдік уақыт аясына шебер сыйғызып, оқиғалардың орнын ауыстырып, ілгері-кейінді уақытты жылжыту, уақытты ойнату жазушы М.О.Әуезовтің эпикалық танымын айқын білдіреді. «Абай жолындағы» сюжет үнемі тартыс, қақтығыс басты кейіпкердің өсу үстінде Абай тұлғасы дамып, шығарма шешіміне қарай ұмтылудағы сюжеттік уақыт Абайдың қалыптасу кезеңдерін анық көрсетіп отырады. Ал М.О.Әуезов
«Абай жолындағы» негізгі оқиғаларға уақыт жағынан да өте-мөте жақын тұр. Шығарма- дағы тарихи уақыт пен кеңістік автордың өзі өскен өлкеде орын алған оқиғалардан алынған.
Жазушы М.О.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы тарихи уақыттағы оқиға- ларды көркемдік уақыт ішінде шебер орналастыра білгенін біз Б.Сапаралы, Т.Жұртбай сынды зерттеушілер еңбектеріндегі тарихи дәлел-дәйектер арқылы анық ұғына аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет