ФОЛЬКЛОР ЖӘНЕ БӨРІ, АРЫСТАН, ШЕРІ КОНЦЕПТІЛЕРІ
Қошанова Нағима Дәнебекқызы
ф.ғ.к., доцент,
Қaзaқ филологияcы кaфедрacы Филология фaкультеті
Қожa Aхмет Яcaуи aтындaғы Хaлықaрaлық қaзaқ-түрік универcитеті
Алматы облысы, Талғар ауданы,
«Қызыл Ту -4» ауылы, 24- жалпы білім беретін орта мектебі
Эпикалық батыр бейнесін сомдауда қаһармандық эпоста түрлі теңеулер, эпитеттер, мета- фора, гиперболалар қолданылған. Солардың біразы хайуанаттар әлемімен байланысты болып келеді. Акакдемик Ә.Қайдардың байқауынша: «Для создания художественного образа ба- тыра в эпосах употребляются самые разнообразные эпитета и сравнения. Но наибольшая часть этих эпитетов и сравнений связана с животным миром, т.е. с названиями (крупных, крепких, выносливых, диких, хищних) зверей п птиц» [1, 40 б.].
Эпикалық мәтіндерде мынадай хайуанаттар аттары кездеседі: қабылан, бөрі, тұлпар, сұң- қар, (ақсұңқар) шер, қыран бүркіт, сайып қыран, тас түлек, арлан, арыстан, көкжал, серке, бағлан, тарлан, нар (қара нар), піл, шандоз, нар түйе, қарақұстан туған қалықпан, жықы- дан шыққан боз, үлектен туған маядай, қысыр емген тайдай, тұлпардан туған жорғадай, ауызы алты қарыс арлан бөрі, тік мұрын ару сұңқар т.б. Көріп отырғанымыздай беріліп отырған мысалдардың біразы екі-үш компонентті теңеулар ретінде қолданылған.
Қырық мың қалмақпенен соғысқан батыр Қобыланды:
Қойға тиген қасқырдай
Сойып кетіп барады.
Эпикалық жырда Қобыландыға қатысты мынадай троптар кездеседі: арыстан туған Қоблан; Қобыландыдай бөрінің; батыр туған, Қоблан нар; қайсар – Қоблан шеріміз; мойнын бұрды Қоблан нар т.б.
Қобыланды батыр бейнесінің суреттейтін тұрақты эпитеттер қатарына арыстан
(шер/шир) эпитеттері жатады:
Арыстан тұған Қобыланды Көп әскерге келді кез.
Арыстан тұған Қобыланды Көп әскерге келгенде, Қырық мың атты Қызылбас Қолына жасыл ту алып, Арыстан туған Қобыланды Ақ білегін сыбанып,
Көңілі тасып келеді, Жауды көріп, қуанып.
***
Көңілде жоқ кіріміз, Қысылған жерде дем берсін, Жылқышы Қамбар піріміз Көңіліне алса қоймассың Қайсар Қоблан шеріміз...
Жоғарыда келтірілген эпикалық жыр жолдарындағы «арыстан» мен «шер» сөздерін фоль- клорлық шығарманың лингвопоэтикалық (лингвостилистикалық) құралдары ретінде қарас- тыруымызға болады. Алайда, осы лингвопоэтикалық фольклорлық бірліктерді эпостағы тіл- дік концептуалдану (концептуализация) фактілері ретінде де зерделеуімізге болатынын атап көрсеткеніміз жөн.
Тілдің концептуалдануы – үдеріс, сондықтан әлемнің тілдік бейнесі – динамика; оның кейбір фрагменттері қалыптасады, уақыт оза айқындалады, ал кейбірі, керісінше, күңгірттене түседі – тілдік көріністерінің «ішкі» жағына үңілу тілдің және тілдік сананың тарихын, өт- кенін зерделеу болып табылады [2, 18 б.].
Осы тұрғыдан алғанда, «арыстан» мен «шер» сөздерінің тарихи этномәдени және этно- ментальды семантикасын айқындауымыз қажет.
Шер (шир) көне түркі замандарынан бері белгілі сөз қазақстандық ғалым Ю.А.Зуевтің келтірген мәліметіне сүйенсек, Улан-Батордан оңтүстік-батысқа қарай 200 км жерде орна- ласқан Кюл ич Чоры жазба (тастағы) ескерткішінде шир сөзі кездеседі, онда түркі – қарлұқ соғысы біткені (703-711жж) жайында және соның нәтижесінде түркілерге Иигян-иркин Шир- иркиннің ұлы бағынғандығы жөнінде айтылады. Ю.А.Зуевтің пікірінше, Шир-иркин түркі- лерде Арслан-иркин есімімен белгілі болған көрінеді [3, 215 б.].
Орта ғасырлық тарихшы Рашид-ад-Дин өзінің «Шежірелер жинағында» мынадай қызық жайтты келтіреді - қарлұқтарды жеңген Шығысхан олардың ханының «Арыслан-хан» есімін ауыстырады: «Енді сенің атаң Сартақтай, яғни Тәжік (Парсы)» деген шешімін жария етеді [4, 351 б.].
Көне және ортағасырлық түркі дүниесінде «арыстан», яғни «арслан» сөзі антропонимия- лық компонент ретінде жиі қолданылған. В.У.Махпировтың мәліметінше, Турфанда «арс- лан» Турфан билеушілерінің династиялық есімі болған, ал қараханидтер мемлекетінде Бугра хан мен Арслан хан сынды есімдер династиялық есімдер қатарына жатқан [5, 150б.].
С.Қондыбайдың пікірінше, арыстан көне мифопоэтикадағы әскери қолдың қолбасшысы [6, 82 б.].
Осы мәліметтерге қарағанда, қаһармандық эпос пайда болған және қалыптасқан лингво- мәдени қауымдарда арыстан (шер) туралы түсініктердің жоғарыда көрсетілген мәндерде болуы мүмкін, сондықтан да арыстан (шер) сөздерін эпикалық мәтіндерде тек лингвос- тилистикалық (көркемдеуіш) құрал деп қарастыруымыз жеткіліксіз болатын шығар. Шын мәнінде, эпикалық «тұрақты эпитеттердің» гиперболикалық теңеулердің астарынан ежелгі замандардан келе жатқан бірден аңғарыла бермейтін этноментальдық ақпараттар мен мәлі- меттер жатыр.
Алайда фольклортанушы ғалымдар, әдетте, осындай теңеңулерді эпикалық жырлардың көркемдеуіш құралдарына жатқызады. Мәселен, эпикалық қаһарманды суреттеу принцип- терін арнайы қарастырған З.Сағитжанұлы батырлар жырларындағы бөрі (қасқырға) қатысты теңеулерді осы тұрғыдан сипаттайды: «Ақын, жыршылар халық қамқоры болған батыр- лардың ғажайып ерлік-күшін көрсету үшін оларды жыртқыш аңдар (арыстан, жолбарыс, қасқыр, түлкі, күзен т.б.), не қыран құстарға (бүркіт, қаршыға, тұйғын, лашын, сұңқар, ителгі, қырғи т.б.) теңейді. Мәселен, «Қыз Жібек» эпосында Сырлыбайдың алты ұлын:
Сырлыбайдың алты ұлы, Алтауы бірдей бөрі еді, -
десе, Қобыландының қырық мың қалмақпен соғысқандағы ерен күшін: Қойға тиген қасқырдай,
Сойып кетіп барады, - дейді. Ал Қамбардың соғыс үстіндегі қимыл-әрекетін, «қаһар-кә- рін» «аш бөрідей жалақтап» деуі де ұтымды. «Алпамыс батыр» эпосында қасқыр (бөрі) образы төрт рет қолданылған. Бірінші кейіпкерге төрт реттік сипаттама бергенде, «жас бөрі- дей жалындатып», Аналықтың көтеріңкі көңіл-күйін білдірсе, екінші Алпамыстың Қара- манмен соғысардағы батылдығын «қойға шапқан бөрідей» деп образды түрде көзге елес- тетеді. Ақын, жыршылар қасқыр образын басты кейіпкерлердің батылдығын, ерлігін көрсету
үшін ғана емес, олардың жайларының да іс-әрекеттерін ашу үшін қолданылған. Қалмақ батыры Қараманның мүшкіл халін көрсету үшін оны жағы қарысқан қасқырмен («қасқырдай жағы қарысып») салыстырса, араны ашылған Таймастың жауыздық тойымсыздығын «аш қасқырдай тоймас еді» деп сипаттайды. Бұл жердегі қасқыр образы Қараман мен Таймастың жағымсыз жақтарын аша түскен. Ұнамсыз кейіпкерлер де мәлім дәрежеде көтеріңкі сурет- телмесе, онда ұнамды қаһармандардың (батырлардың) орасан ерліктері көрінбеген болар еді. Қасқыр образы қаһармандардың әр түрлі сапалық белгілерін ғана емес, кейде олардың ашу- ызасын, психологиялық жағдайларын да көрсетеді» [7, 136-137 бб].
Эпикалық мәтіндерде көрініс тапқан қасқыр/бөрі лингвоментальдық ұғымның тілдік ре- презентациясы, яғни вербалдануы лингвостилистикалық деңгейде теңеулер, метафоралар т.б. көркемдеуші құралдар арқылы іске асырылған деуімізге болады. Қасқыр/бөрі концептісі батыр концептісімен байланысты болдып келеді, яғни аталмыш концепті эпикалық батырдың лингвоментальдық өрісін құрылымдайды.
Эпос жасаушы көне түркі және монғол тайпаларының тілдік санасында қасқыр/бөрі бейнесі кең таралған көрінеді. Л.Н.Гумилевтің пікірінше, ҮІ ғасыр түркілерінде қасқыр/бөрі атауының үлкен маңызы болған: «Вопрос о том, насколько правомерно называть ханов Ашина тотемистами при современной состоянии наших знаний не может быть разрешён, но ясно, что название «волк» имело для тюрок ҮІ в. огромное значение. Китайские авторы считают понятия «тюркский хан» и «волк» синонимами, видимо опираясь на воззрения самих тюркских ханов. Не случайно сяньбийская царевна говорит про своего мужа, хана Шаболио; «Хан по его свойствам есть волк», и в инструкции при нападении на тюрок ска- заны: «таковую должны употребить меру: гнать кочевых и нападать на волков». Золотая волчья голова красовалась на тюркских знаменах, и, наконец, в двух легендах о происхож- дении тюрок первое место принадлежит прародительнице-волчице» [8, 23 б.].
Қасқыр/бөрі туралы этноментальды танымдарының көне ортағасырлық түркі халықтары- ның арасында кең тарағандығын – фольклорда, әдет-ғұрыптарда, жалпы түркі халықтарының рухани мәдениетінде байқалатын іздері айғақтайды.
«Қыдырбайұлы Қобыланды» эпосында Алшағыр ханның әйелі мынадай жаман түс кө- реді:
Бүгін мен бір түс көрдім, Түсімде жаман іс көрдім. Күнбатыстан келді көк бөрі, Ойда жатқан отыз қой Отызын бірдей ол жеді.
Қырда жатқан қырық қой Қырқын бірдей ол жеді Ай мүйізді көк қошқар Тамағынан оны алды, Мойнын бұрап ол салды.
Алшағыр хан әйелінің түсіндегі «көк бөрі» - Қобыланды батыр, ал «көк бөрінің» «ойда жатқан отыз қойы», «қырда жатқан қырық қойы» Алшағырдың әскері мен елі.
Түркі тілдес халықтарының эпосында эпикалық батырларды жыртқыш аңдар мен қыран құстарға теңеу кең таралған дәстүрлі тәсіл болып табылады. Алайда эпикалық жырлардағы осындай тұрақты дәстүрлі теңеулер мен эпитеттерді тек көркемдік құралдар деп қарау эпос мәтіндерінің ішкі астарын, лингвоментальды өрісін түсіну үшін жеткіліксіз. Эпикалық батырларды жыртқыш аңдар мен қыран құстарға теңеудің негізі мен арқауы болған көне түркі тайпаларының архаикалық дүниетанымы, яғни адам мен әлем туралы түсінігі деп білуіміз қажет. Көркемдеу құралдарының қандайы болса да белгілі бір дүниетаным-түсінік негізінде туып, қалыптасатынын ескерсек, онда жоғарыдағы түркі халықтарында кездесетін
поэтикалық образдардың көне ұғымдармен, салттармен ұштасып жатқанын аңғаруға қиынға соқпайды [7, 139 б.].
Фольклортанушы-ғалым Ш.Ибраевтың мына пікірі жоғарыда келтірілген тұжырыммен ұштасады: «Көне мифтік, тотемдік көзқарастардың деңгейінде жырланатынэпостарда көр- кемдік бейнелеу құралдары да әр түрлі ырымдармен біте қайнасып жатады және олардың қызметін мотивтен бөліп алу қиын. Ал бергі замандарда поэтикалық құралдар ежелгі ри- туалдық, салттық мағыналарынан арылып, енді сөз өнерін өрнектеуге, жырды әрлендіріп, айшықтауға бағытталды...» [9, 272 б.].
Дәстүрлі болып саналатын кейбір теңеулер мен эпитеттердің төркіні архаикалық дәуір- лерге жетелесе, кейбір лингвопоэтикалық қолданыстардың пайда болу кезеңі кейінгі тарихи дәуірлерді меңзейді.
Эпикалық жырлардың арқауы мифология, яғни мифтік сана болғанын ескерсек, эпостағы тілдік қолданыстардың астарында мифологиялық танымның көріністерін айқындауымызға болады. Академик В.Я.Пропп: «Эпос - мифологияның жалғасы мен дамуы» - деген тұжырым жасаған болатын [11, 33б.].
Ондай болса, «эпикалық жырлар халықтың дүниетанымына байланысты ұзақ эволюция- лық даму жолынан өте отырып, күрделі өнер туындысына айналады. Мифтік сананың ал- ғашқы кездеріндегі кейіпкерлер адам мен жануарлар арасындағы зооантропоморфтық кейіпке бейнеленсе, «рухани өмірдің күрделене түсуіне байланысты алғашқы мифология ыдырап, оның кейіпкерлері бұрынғы «киелі» қалпын өзгертіп, көркемдік тұлғаға ауыса бастайды». Адамзат қоғамының түрлі даму сатыларының сілемдері сақталған эпикалық жырлар тарихи процестерге байланысты үнемі дамып өзгереді, жаңа сипатқа ие болады. Осыған орай бір-тіндеп өзгеше көркем бейне жасау тәсілдері қалыптасады. Демек, эпика- лық көркемдеу өрнектерінің көбіне тұрақты болатыны да осы тараптан бастау алады. Эпикалық шығармалардың поэтикалық жүйесін құрайтын бейнелі сөз түрлері ұзақ уақыт бойы әбден іріктеліп, тұрақтанғандықтан оның тіл рең-бояуына тән үлгі-өрнектер болып қалыптасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |