Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет39/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   162
Жігіт жаныңда – жолдасың, жауға жұмсасаң жолбарысың. Жігіт – ортада жүрсе орманың, шетке шықса қорғаның. Қорғаның, қормалың сенің! Өмірдің қызық, ләззаты – адал достықта, айнымас қамқорлық, асыл махаббатта екенін әрқашанда естеріңе сақ- таңдар.
Міне, менің сендерден сұрайтыным осы ғана.
Жазушы студенттермен кездесулерінің бірінде: «Жастарға үлкендердің бәрі ақыл айтуға құмар ғой. Үйде ата-аналары, мектепте мұғалімдері, институтта ұстаздары айтады. Осының бәрі балам, шәкіртім, ұрпағым жақсы болсын деген ниеттен туады. Олар өзінің өмір тәжіри- бесінен қорытқан асыл ой, қымбат қазынасын сіздерге үйретуге, сіздерге дарытуға тыры- сады. Сіздер өмір кешіп, әр өткелдерден сабақ алып, сана жинап, өз беттеріңізбен кемелден- генше ата ақылы азық, ана тәрбиесі қанат болсын дейді.
Мен сіздерге әке де, ұстаз да емеспін. Сіздермен сирек кездесуші, сырттай сырласушы, алыстан ақыл айтушы көп жазушының бірі ғанамын. «Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп, Жүрмесін деп аз ғана сөз шығардық» деп Абай атамыз айтқандай, мен де үлкендігімді және сіздердің сұрау-тілектеріңізді пайдаланып, өздеріңізге арнап әкелген бір-екі ауыз мәслихат сөздерімді оқып берейін» деген екен. Қарымды қаламгердің қазақ қыздары және оның тәр- биесіне арналған көзқарастары кейіпкері Меңтай образы арқылы көрініс табады.
Жазушының өнегелі сөздеріне тоқталып өтсек:
Қыздар! Егер сүйген жігіттеріңе адал жар боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Егер ата-енеңе қымбатты келін боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!
Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар! Ең алдымен еңбекшіл болыңдар! Еңбекшіл адам – ең ардақты адам.
Дүниедегі ең сұлу әйел еңбекшіл әйел. Еңбекшіл әйел ерге сүйікті, елге сүйкімді, отбасына сыйлы.
Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын, Көрінер туған айдай жүзі жарқын, Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес, Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Жазушы қыздарға өсиет арнап қана қоймай, қазіргі қоғамда орын алған бірқатар жайт- тарға да тоқталып отырады. Олай болса, сол пікірлерге тоқталып өткенді жөн санадық.
Ұлағатты ұстаз өз сөзінде: «Қыздардың отау құрып, оңаша шыққанда үйлерінің басты мүліктерінің бірі іс машинасы мен төрде текшелей тізілген кітаптар болсын, - деген. – Осы екі мүлік бар үй ешқашан жұтамайды», - деп пікір айтқан.
Біздің ойымызша, мұның себебі мынада:
Қыздар – адамзат болашағы. Қыздар – халықтың қасиетті қанын жүрегінде сақтап, жанын жалғастырушы.
Қыздар – халықтың бойындағы ұлттық асыл қасиеттерді әрмен қарай ұластырушы.
Қыздар – еліміздің ертеңінің асыл анасы, ақылгөй данасы
Қыздар – ұлтымыздың бүгінгі ұрығы, болашақ ұйтқысы. Қыздар – ана тіліміздің алтын арнасы.
Ұл ұятты, қыз қылықты болса, иманды, тәрбиелі болса – мемлекеттің байлығы. Бүгінгі сөз етіп, талдап жазған мақаламыздан кейбіреулер бойындағы кемшіліктен арылып, кей- біреулер аға өнегесін көңілге түйеді деп сенеміз.
Қорыта келгенде, жазушы еңбегі мен шығармашылық шеберханасынан, оның ішінде эпистолярлық мұрасынан адамның асыл қасиеттері – адамгершілік пен азаматтық, қара- пайымдылық пен кішіпейілділік, адалдық пен шыншылдық, ақыл-парасат пен білім-ғылым нұры, достық пен махаббат мерейі, еңбек мұраты мен тәлім-тәрбие иірімдері кеңінен көрініс табады.
Ә. Нұршайықов шығармашылығында бұл мәселелердің бәрі-баршасы – Адам факторы, оның өмірі мен еңбегі төңірегінде кең өріс алып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет