Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет38/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   162
Литература

  1. 김혜령(2018), 「2인칭 대명사 '당신'의 의미 분석」, 『Journal of Korean Culture (JKC)』 41권,

한국어문학국제학술포럼, 7-37쪽.

  1. 남기심·고영근(1993), 『표준국어문법론』, 탑출판사.

  2. 서정수(1996), 『국어문법』, 한양대학교출판원.

  3. 손세모돌(2005), 「한국어 교육에서의 호칭, 지칭에 대하여」, 『한말연구』 no.16, 한말연구학회, 99-

158쪽.

  1. 양영희(2006), 「인칭대명사의 기능 변화 유형과 원인- 중세의 3인칭에서 현대의 2인칭화로 -」,

『우리말글』 vol.38, 우리말글학회, 59-83쪽.

  1. 원은하, 김세정, 진실로(2018), 「공손성을 고려한 인칭대명사의 영한 번역- ?당신?을 중심으로」,

『통번역교육연구』 vol.16, no.1, 한국통번역교육학회, 173-205쪽.

  1. 유송영(2004), 「2인칭 대명사 '당신, 자네, 너'의 사용」, 『한국어학』 제23권, 한국어학회, 121-147쪽.

  2. 이앤슈아이(2014), 「코퍼스를 활용한 한국어 대명사 '당신'의 용례 분석 -한국어교육을 중심으로-」,

『텍스트언어학』 vol.37, 한국텍스트언어학회, 123-146쪽.

  1. 한현희(2016), 「러시아어와 한국어 호칭어의 사회언어학적 비교 연구」, 『노어노문학』 제28권 제2호, 한국노어노문학회, 103-139쪽.

Ә. НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ КӨРІНІСТЕРІ




Сарманова А.Қ.


№5 «Мақтаарал мектеп – гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Қазақ әдебиетінде өзіндік орны мен қайталанбас қолтаңбасымен із қалдырған Ә.Нұршайықов – шоқтығы биік тұлға. Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы мемлекеттік және А.А.Фадеев атындағы Мемлекетаралық сый- лықтардың иегері Әзілхан Нұршайықовтың өмірі мен кезеңі, шығармашылық жолы өнегелі кырларымен, игілікті - ізгілікті істерімен, ең негізгісі азаматтық - адамгершілік жаршысы, жыршысы бола білгенін айрықша атап, мадақ тұтуға әбден болады.
Ә. Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылық жолы қалың көпке үлгі- өнеге боларлық. Тарих ғылымының докторы, профессор Т.Көлбаев жазғанындай: «Соғыс біткеннен кейін ол бірден үзіліп қалған оқуын жалғастырды. Университеттің филология факультетін бітірген соң, журналистік іске құлшына кірісті. Ұзақ жылдар атқарған журналистік қызметінен кейін Ә. Нұршайықов біртіндеп жазушылық жұмысқа көшеді. Алғашында бірнеше лирикалық по- вестер жариялап, одан кейін роман жазуға кіріседі. Оның ең алғашқы «Махаббат, қызық мол жылдар» романы (1970 ж.) қазақ жастарын дүр сілкіндірген шығарма болды. Одан кейін қа- зақтың қаһарман да аңыз ұлы Бауыржан Момышұлымен сырласатын «Ақиқат пен аңыз» ро- ман-диалогы (1976ж.) қазақ әлеміне әйгілі, орыс, украин, өзбек, қырғыз жұртына танымал туындыға айналып, қазақ, орыс,украин т.б. тілдерде бірнеше рет қайтадан басылып шықты. Ол қазақ әдебиетінде таралымы ең мол кітаптардың бірі болды. Сондай - ақ, сөз зергерінің қаламынан шыққан «Әсем», «Ботагөз», «Алтын соқпақ», «Тоғыз толғау», «Ұлыма хат», «Екі естелік», «Монолог», «Майдан жазбалары», «Невель түбінде», «Автопортрет», «Мен журна- листпін» атты туындыларын былай қойғанда, тек екі шығармасы - «Махаббат, қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңызымен» ғана әдебиетіміздің алыптары легіне енген» [51].
Ә. Нұршайықовтың шығармашылық мұрасы, ондағы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік мұраттары (сипаттары) ізденіс іздерінен, дерек көздерінен, мол өмір тәжірибесінен, көр- кемдік шындықты арқау еткен «Махаббат жырлары», «Әсем», «Ботагөз», «Тоғыз толғау»,
«Автопортрет», «Екі естелік», «Махаббат, қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз», «Өмір өрнектері», «Қаламгер және оның достары» сынды танымал туындылар табиғатынан жастық-достық сырлары ерлік пен елдік салттары, ақыл-парасат мерейі, білім-ғылым нұры, адамгершілік әлемі, тәлім-тәрбие тағылымдары т.т. оңды, сенімді суреттеледі.
Жазушы еңбегінен кеше-бүгін байланысын, адалдық пен тазалықты ту еткен – қаһар- манның рухани әлемінен, достық пен махаббат мерейінен, елдік пен ерлік үлгілерінен – Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, Х.Ақжолов, М. Мәметова, М. Қайырбеков, т.б. көркем бейне- лері нанымды көрінеді. Бұл ретте Ә. Нұршайықов шығармаларын шолып қарасақ, онда қайсарлығы мен үлкен адамгершілігімен, жан сарайының көріктілігімен оқырман жүрегінен жылы орын алатын кейіпкер баршылық. Жазушының сүйекті де кесек сомдалған қаһар- мандары – Бауыржан мен Мәліктей Алатаудай алып тұлғалары мен асқақтықты танытса, Ербол мен Меңтай образды инабаттылығымен, әдептілігімен оқырманын сүйсінтеді. Хамза мен Әділжанды алсақ, бірі-мүгедек, екіншісі-зағип болса да өмірге құштар, қиындыққа төзім- ді, еңбек сүйгіш жандар, ал Асылгүл мен Биғайша қайырымды да қамқор іс-әрекеттерімен жағымды. Мәншүк Мәметова, Ыбырай мен Сүлейменов, Төлеген Тоқтаров т.б. бір топ май- дандас достарының образдары отаншылдығымен, ел сүйгіштігімен ерекшеленеді.
Кім туралы, не жайында қалам тербесе де, деректі материалдарға, өмірдің ақиқат жайла- рына сүйене отырып, оны көркем сөз өрнегіне түсіру - Ә. Нұршайықов шығармашылығы- ның бір қыры. Кейіпкерлері көбіне тарихи тұлғалар болғандықтан, оның болмысы мен характерін қаз қалпында бейнелеуге ұмтылуы, деректі материалдарға жүгінуі шығармала- рының тарихи маңыздылығын да арттырған.
Құндылығын тарихшылардың өзі мойындаған. «Ақиқат пен аңыз» деректі роман-сұхба- тында отаншылдығымен, ерлігімен ел аузында аты аңызға айналған халық батыры гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының образын соны әдіспен сомдап, біртуар қаһарманның рухани әлемін жария етіп берді. Ал «Тоғыз толғау» повесть-монологінің кейіпкерлері ғұлама жазушылар М. Әуезов, С. Мұқанов, Б. Майлин, М. Ғабдуллин сияқты халқымыздың сыйлы азаматтары болуы жазушы шығармаларының тарихилығын байқатады» Бүгінгі мақаламызда жазушының бір ғана қыры – ұл мен қыз тәрбиесіне арналған сөздеріне тоқталмақпыз.
«Әзілхан прозасы мәңгі өлмес, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, інжу - маржаны, махаббат, сүйіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп-жұмыр жауһар дүние».Әзілхан Нұршайықовша айтатын болсақ,қазақ халқы бағзыдан бері қыз бен ұл тәрбиесіне ерекше мән берген. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз. Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп бекер айтпаса керек.
Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала қайда болса да, келін болғанда да көргенділігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие ұлдар жау келгенде де жайдақ атқа міне шабатын өжет, батыл, адал, жеріне, туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де, кішіге де қамқор бола білген.
Әдептілік, инабаттылық, сыйласу жағынан халқымыз алдына жан салмаған. Бір өкініш- тісі: ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіріп қарайтын жастарымыз бар. Абыз аға Әзілхан Нұршайықов 1972 жылдың 30 қазанындағы Алматы ауылшаруашылық институтының студенттерімен болған кездесу кешінде бұл туралы ой бөлісіп, ұлдарына өсиет айтқан, ал 1973 жылдың 6 сәуірінде Қазақ мемлекеттік қыздар институты студент- терімен кездесуде қыздарға кеңес берген.
Халқына «Ақиқат пен аңыз», «Махаббат, қызық мол жылдар» сынды туындылар сыйла- ған қазақтың дарқан даласының дарабозы, жастардың моральдық биік қасиеттерін сипат- тауға бар күш-жігерін жұмсаған ұлт жанашыры - Әзілхан Нұршайықов .
Бүгінгі мақаламызда ұлттық тәлім-тәрбие беруде маңызды орны бар жасампаз тұлға Әзағаңның бүгінгі жастарға қалдырған өсиеттері арқылы жас ұрпақ санасына ой салуды жөн санадық.
Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер азамат, ата-ананың түтінін түтетуші
Қыз бала той-томалақ, көп адам жиналған жерде көзге түседі, сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, жинақы, жирақ жүріс-тұрысымен, сергек- сезімталдық ептілігімен, сөзге ұсталығымен көзге түсіп, жұртты тамсандырады. Қаламгер бұл туралы да ой қозғайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет