Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



бет77/162
Дата11.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#136963
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   162
Әдебиеттер

    1. Анисимов В.В., Грохольскя О.Г. Методологические основы интеграции образования России и Беларуси

// Педагогика, 2003. - № 6. - С. 88-96.

    1. Жексембинова А.К. Университеттік білім беру жүйесіндегі болашақ әлеуметтік педагогтардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру: философ док.дис... - Алматы, 2017. - 125 б.

    2. Яновская О.А. «Глобальные вызовы и современные тренды развития высшего образования»: сборник матер. конф. - Алматы, 2013. - 240 б.

    3. Бринёв Н.С., Чуянов Р.А. Академическая мобильность студентов как фактор развития процесс интернационализации образования//www.prof.msu.ru/publ/omsk2/o60.htm

    4. Тенденции обновления систем и образовательных стандартов высшего образования государств- участников СНГ в контексте Болонского процесса: итоговый аналит. Докл // М.: ИЦПКПС, 2006. — 158 с.

ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҰЛЫ ПЕДАГОКТЕРДІҢ ТҰЖЫРЫМДАРЫ




Әділханова Жанна Сайынқызы,


Әл Фараби атындағы ҚазҰУ- нің аға оқытушысы

Алимкулова Индира Орынкеновна


Абай олблысы, Аякөз қаласы № 7 КММ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Әлемдік педагогикада тұлғаға бағытталған оқыту тәсілінің даму тарихына көз жіберсек, чехтың ұлы ағартушысы, педагок Я.А.Коменскийдің педагоктік қызметінен осы тәсілдің басты қағидаларын танимыз. Оның педагоктік көзқарасы бойынша, қайта өрлеу дәуiрiндегi гуманистiк бағыттың әсерiмен мектеп жүйесiн сынға алып, мектептегi оқу-тәрбие жұмыс- тары балаға сүйiспеншiлiк пен адамгершiлiк шеберхана орталығы болғанын қалаған. Ол, әсiресе, қарапайым халықтың балаларының мектепке қолдары жетпей отырғандығына, негi- зiнде халық арасында көптеген дарынды балалардың таланты ашылмай, мемлекет бола- шағына зиян келтiргендiгiне наразылық бiлдiрдi. Я.А.Коменский “Ұлы дидактика” деген еңбегiнде адамды табиғаттың бiр бөлiгi ретiнде қарап, оны тәрбиелеу мен оқыту табиғи қабiлетi мен қасиеттерiн дамытуға бағытталуы тиiс деп кеңес бередi. Бұл талап тәрбие мен оқытудың жалпы ұстанымы ретiнде саналып, кейiн “табиғатқа сәйкестiк ұстанымы” деп аталды. “Табиғатқа сәйкестiк ұстанымы” – оқытудағы құрғақ жаттау мен догмалық бiлiмге қарсы, баланың табиғатын, оқу мүмкiндiктерiн ескерiп, бiлiм мен тәрбие беретiн ұстаным. Ол өмiрге қажеттi күнделiктi iстерге пайдалы бiлiмдердi берудi ұсынды. Сол себептен мектептiң мақсаты – ақылды адамды тәрбиелеу, адамның адамдық қасиетi тек тәрбие арқылы қалыптасады дедi. Автордың “Ұлы дидактиканың” педагогикалық ойды және жаңа мек- тептiң оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттырудағы маңызы – дидактикалық ұстанымдар- дың жүйеленуiнде. Олар оқытудың көрнекiлiгi, саналы оқу, оқытудың жүйелiлiгi, түсiнiк- тiлiгi, сатылы оқу, оқушының жас ерекшелiктерiн ескеру, оқытудың негiздiлiгiнен тұрады. Ұлы педагог балалардың адамгершiлiк қасиеттерiн тәрбиелеуде кiшiпейiлдiлiкке, мейiрiм- дiлiкке, өзiн-өзi басқару, ерлiк, еңбек сүйгiштiк сапаларын қалыптастыруға көп көңiл бөлудi талап еткен. Ал терiс мiнез-құлықтан эгоизм, қаталдық, жалқаулық, өтiрiкшiлiк сияқты әдеттерден арылуға ата-аналар мен мұғалiмнiң бiрлесу қажеттiлiгiн ескеру керектiгiн айтты. Я.А. Коменскийдің еңбектері әлемдегі педагогикалық ойлар мен мектеп тәжірибесінің дамуына орасан зор әсерін тигізді. Дүние жүзінде оқулық жасауға үлгі боларлықтай көптеген оқулықтар жазып даярлады. Оқу жұмысын ұйымдастыру туралы прогресшіл дидактикалық идеялар, ұстанымдар, қағидалар ұсынды. Сыныптық-сабақтық жүйенің және мектепті ұйым- дастырудың теориялық негіздерін, мектепке дейінгі тәрбие теориясын жасады. Коменский- дің педагогикалық көзқарастары – гуманизм мен демократияға негізделген.


Ал, ұлы ойшыл Әл-Фарабидің еңбектеріндегі тұлға қалыптастырудағы педагогикалық көзқарастар қанша ғасыр өтсе де өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, нағыз ұстаз ғана шәкірт тәрбиелеуде айтқанын екі еткізбейтін, ешкім шағым жа- сауға батылы бармайтын, білімі телегей - теңіздей, ақыл-ой парасаты да, ерік- жігеріне де ешкім тең келе алмайтын адам. Осындай қасиеттері бар ұстаз ғана шәкіртке үлгі-өнеге көрсетеді, ол халықты соңына ертіп, оның мұң-мұқтажын, талап- тілегін орындай алады. Әл- Фараби түсінігінде, ұстаз да қала басшысы сияқты ел жетекші, халық қадірлісі. Медресе балаларды оқытып, тәрбиелесе, қала бастығы олардың ата-анасына өнеге көрсетеді, халықты ізгі қасиеттерге баулиды. Олай болса мұның екеуі де барша халықтан ілгері тұрған кісілер. Сондықтан бұл екеуіне де дара тұлғалар. Мұндай ізгі қасиеттерді бойға дарытқан адамдар елге пайдасын тигізетін, қоғамды алға жетелейтін тұлға болып шығатынын айтады. Ол мынандай қасиеттер еді:

  1. Өзіне тапсырылған іске жауапкершілікпен қарайтын, әр істі нәтижелі қылып орын- дауға бейім болуы;

  2. Нені болса да жақсы айырып, тез тұжырымға келе алатын;

  3. Өзінің түсініп, сезгенін көріп, білгенін есіне жақсы сақтай алатын;

  4. Ақылды болуы;

  5. Шешен болуы;

  6. Шығармашылық бейнеттен ләззат алатын;

  7. Ұстамды;

  8. Әділ,тура сөзді;

  9. Арына кір шалдырмайтын;

  10. Мал-мүліккке, дүние-жиһазға, мәнсіз ұсақ тіршілікке қызықпайтын;

  11. Табиғатынан әділ, шынайы, шыншыл;

  12. Басқаға дау, өзіне де қиянат қыңыр-қиқар болмай, әркез шешімге келе алатын бай- салдығы мен батылдығы қатар жүре алатын, қорқыныш пен үрейге жол бермейтін адам тұлға болып қалыптасатын адам.

Ұстаз өз шәкірттерінен адалдық, сыпайылық, ізгілік, әділдік сияқты қасиеттерді көргісі келсе, онда оның өзінде де осы қасиеттер болу қажет. "Мұғалімдік" (ұстаздық) еткен адам- ның өлшеуі тым өкпелі болмасын және тым асыра босаңсытқан төмендікпен де болмасын. Егер тым қатты үнемі ызғармен болса, онда оқушылар мұғалімді жек көретін хәлге жетеді. Егер тым босатып жіберген кішіпейілдік болса, онда оқушылар жағынан мүғалімдерді кем санау, оның ғылымына жалқау қарау қаупі тұрады» деп жазды өзінің "Философияны үйрену үшін алдын-ала не қажет" деген еңбегінде. Ұлы ғұлама өз еңбектерінде адам тәрбиесі, интеллект түсінігі, білімді, парасатты тұлғаның қандай болуы керектігін бірнеше еңбектеріне арқау еткен. Мәселен, «Қайырымды қала тұрғындары», «Бақытқа жету жайында», «Адамзат- тық ғылым», «Парасатты қабілет туралы», «Адамзаттық ғылым,фиқһ және діни ілім туралы»,
«Әлеуметтік этикалық трактаттар», тағы басқа көптеген еңбектерде адамзат баласының қалай дұрыс тәрбие алуы, қалыптасуы, өмірдің мәнін ұғыну, адамзаттық мұраттарға жету жолын айтады. Әл Фараби этикалық қасиеттер туа бітпейді, бұл қасиеттер дағды мен тәрбие күші арқасында ғана осылай көрінеді. Адам парасатты күйінде тумайды, онда тек парасат- тылыққа қабілеті ғана болады, дәл сол сияқты ол әуелден жауыз не бұзақы, хатшы немесе тоқымашы болып та тумайды. Жалпылама баяндауына қарамастан, әл Фараби көрсеткен, мемлекет қайраткеріне тән ақиқатты жарату, ізгілік, байсалды мінез, адамгершілік сипаттар қазіргі кезде де маңызы мен мағынасын жоғалтқан жоқ. Ол соғыс жағдайын сорақы нәрсе деп біледі, шамадан тыс тақуалықты айыптайды. Білімге деген құштарлықтың жетелеуімен ол жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, бәрі таңсық көрінетін кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнің көптеген қалаларында болған. Өз өмірінің көбін ол араб халифатының саяси және мәдени орталғы болған Бағдатта өткізген. Мұнда ол өз білімін толықтырады, көрнекі ғалымдармен байланыс жасайды,сөйтіп, өзінің білімдар- лығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен абырой беделге ие болады. Бірақ, өресі таяз кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған, әсіресе олар әл Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шық- қан, өйткені оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге,, адам бақытын о дү- ниеден іздемей, осы дүниеден іздеп табуға мегзейтін еді. Ақыр соңында ол лажсыздан Бағдаттан кетеді. Өзінің «Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері» деген соңғы шығар- масында ол: адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылымы өркен жайған елде тұруға тиіс дейді. Әл-Фарабидің мұрасын зерттеуге жол ашқан Дитерици болды. Осынау зерделі зерттеушінің бағалауынша, әл-Фараби ғылымындағы ержүрек қаһар-мандар санатына қосылады, ол «соқыр сенім кесепатына қарсы, өзінің тарихын қанмен жаз-ған, рухани бостандық пен гуманизмнің қасиетті заңдарын таптау үшін бар зұлымдығын жасап баққан баққұмар мансапқорлыққа қарсы» аянбай күресті. Рухани өнер білім тара-тып, ілгері бастыру жолында гуманизм мен адамгершілікті баяндау жолында күрескен ұлы ғұламаның ілімі аса бағалы, қастерлі. Әр заманның қозғаушы күшіне ие болар тұлға болу, оның бойындағы аса үлкен адами қасиеттердің бойға даруы үшін ілім алар қайнар бұлақ осында.
Ұлы ойшылдардың бұл ізгілікті қызметін ұлттық педагогикада ХІХ ғасырда ұлы Абай, Ыбырай, Шәкірім бабамыз жалғастырса, ХХ ғасырда А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов сынды Алаш көсемдері дамытты. Абайдың адам болмысы жөнінде түрліше ой тұжырымдары Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Әл-Дауани сынды көптеген ой- шылдардың пікірлерімен жақындастығы дәлелелденген. Абай адамды жеке тұлға ретінде, индивид тұрғысынан зерделеуі Абайдың ерекше тұсы. Абай ойынша «нөл» мен «единица» ойлары жеке тұлға мәселесі тұрғысындағы ерекше бір сонылықты көрсетеді. Абай ойын-ша,
«единица» адамның айрықша биік деңгейі, қоғамда олардың атқаратын рөлі айрықша. «Нөл» арқылы тобырлық сана әшкереленеді. Рухани кемеліне келген, адамның ерекше мәдени деңгейі тұлға ұғымын кеңейтіп ұғындыруда оның «толық адам» идеясы да маңызға ие. Ұлы ақын бұл ұғымды тұлға мен адам, тұлға мен қоғам арақатынасында алған. Бұл ойдағы негізгі екпін адамдар құрайтын бірлестік - қоғамның тарихи жетілуіндегі жеке адам-ның, жан- жақты толысқан адамның алар орны жайында. Абайдың «толық адам» концеп-сиясы мен Ыбырай бабамыздың балаларға арнап жазған тәлімдік әңгімелері бүгінгі күнге дейін мазмұнын жоғалтпаған, күн өткен сайын құндылығын арттырып жатқан жауһар ойлар. Мәселен, “…Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек”, – деп адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, жалқаулық, күншілдік, көрсеқы- зарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді еске сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдылардан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңгізу, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді қастерлейді. “Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал” – дейді. Яғни, адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Абай: “Адам баласы бір- бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық”, – дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсетеді. “Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның өзінің замандастарының бәрі виноват”, – дейді. Сонымен, ұлы Абайдың адамды жеке тұлға ретінде қарастыруы адамтанудың көркемдік табиғатына қатты ықпал етті. Бұл бағыт өзінің шәкірті Шәкәрімнен жалғасын тапқаны мәлім. Әсіресе, Шәкәрімнің ғылыми философияға ден қоюы, жеке тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерінің рөлі жайындағы ойлары бұл мәселеге шын мәнінде жағаша келудің үлгісі ретінде қымбат. Бұл ойлардың бәрі дәл бүгінгі күнде айтылғандай мәнді, ұлттық мінезіміз бен дүниетанымыздың қанша заман өтсе де, құнды. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің отызыншы жылынан ассақ та, қоғамда Абайдың ғақлия сөздерін күніне бір рет, болмаса аптасына бір рет, немесе айына бір рет ата ана, ұстаз, ғалым, қоғам қайраткері, ел басшысына дейін әдетке айналдырар болғанда, шын мәніндегі пара- сатты тұлға, мәдениетті қоғам қалыптасады.
ХХ ғасырдың басында М.Жұмабаевтың «Педагогика» деген еңбегі бар. Сол еңбекте автор ұлттық тәрбиенің негізінде білім бере отырып, баланы дүниеге келген күннен бастап, қалай тәрбиелеу керектігін төрт бағытқа жіктеп атап көрсетеді. М.Жұмабаев тұлға болып қалыптасуда бала дене тәрбиесін (туғанда жуындырып, майлап,сылап, керіп,созып, бесікке салып, тұлғасының сымбатты болуын, өсе келе қимыл әрекет арқылы баланы ұл болса шымыр қылып өсуін, қыз болса, кесте тігу, ұршық иіру, анасына көмектесу арқылы икемділікке баулу сияқты мәселелерді игеру арқылы), ақыл тәрбиесі (ес біле бастағаннан естіген ертегі, жыр, аңыздарды айту, түсінгенін сұрау, өздігінен әңгімелей білу әрекетінен), өнер тәрбиесі (ән,би,күй,шеберлікке баулу арқылы), әдеп тәрбиесі ( жақсы әдетті қалып- тастыру, сәлемдесу, кішіге қамқор, үлкенге құрмет көрсете алу әдебін, өтірік айтпау, сыр- тынан сөйлемеу, адалдық, имандылық қасиеттерін қалыптастыра отырып) бала бойына дарытуды атап көрсетеді. Осы тәрбие бағыттарын дұрыс ұстанған адам, перзентінің бола- шақта қоғам алдында жауапты тұлға, еліне адал қызмет ететін отансүйгіш азамат болып қалыптасатынын түсінеміз. Қазіргі қоғамда, ақпараттық технологиялардың дамыған зама- нында, әр отбасындағы балалар телефон мен интернетке тәуелді болып өсіп жатыр. Кітап
оқыту мәселесі күн тәртібінде өзекті мәселе болып, жүзеге аспай отырғаны өкінішті. Ұлы ғұламалардың іліміне сүйене отырып, дұрыс тәрбиені бала бойына сіңіруіміз керек. Жас- тарымызды ұлттық құндылықтарды білетін, түсінетін, қорғайтын тұлға етіп тәрбиелеу, отан- сүйгіштік қасиетті сіңіру - ұстаздардың абыройлы борышы. «Тәрбие түбі- тал бесік» деп, бе- кер айтылмаған, тамырынан бастау алған, ұлттық болмысын бойына сіңірген, салт - дәстүрімізді сақтап, қастерлейтін тұлға тәрбиелеу - парыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет