Атты І халықаралық конференция ЕҢбектері


А.Қ.ЖҰБАНОВ, А.Ә.ЖАҢАБЕКОВА, С.ҚҰЛМАНОВ



Pdf көрінісі
бет63/326
Дата07.01.2022
өлшемі8,57 Mb.
#19269
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   326
А.Қ.ЖҰБАНОВ, А.Ә.ЖАҢАБЕКОВА, С.ҚҰЛМАНОВ 
 
 
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Алматы, Қазақстан 
 
 
ФИЛОЛОГТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ МЕН КОРПУСТЫҚ ЛИНГВИСТИКА 
ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ КОРПУСЫН ЖАСАУДЫҢ 
АЛҒЫШАРТЫ 
 
Тәуелсіз қазақ елінің экономикалық әлеуеті қарыштап өсіп, саяси аренада тұрақтылық пен 
толеранттылықтың  үлгісі  ретінде  әлемге  танымал  болып  отырғаны  ақиқат.  Айналасы  бар 
болғаны  жиырма  шақты  жылдың  ішінде  адам  сенбес  жетістіктерге  жеткен,  әлем  елдерінің 
арасында  дағдарысты  экономикасына  сызат  түсірмей  еңсере  білген  мемлекетіміз  рухани 
мәдениетіміздің  де  өркендеуіне  ерекше  көңіл  аударып  келеді.  Әсіресе  ұлтымыздың  ұлы 
тірегі  саналатын  қазақ  тіліне  мемлекеттік  тіл  мәртебесі  беріліп,  оны  қоғам  мен  ғылымның 
барлық  салаларында  дамыту  мен  қолданудың  өрісін  кеңейту  мақсатында  жасалып  жатқан 
жұмыстар ұшан-теңіз. Мемлекеттік тілді оқытудан бастап, ісқағаздарын жүргізу, қазақ тілін 
ғылым  дәрежесіне  көтеру  бағытында  бірнеше  бағдарлама  қабылданып,  тіл  біліміндегі 
зерттеулерді  жандандыру,  тілші  ғалымдардың  қызметін  белсендіре  түсу  үшін  іс-шаралар 
ұйымдастырылуда.  Осындай  іс-шараның  бірі  ретінде  2013  жылғы  17  мамыр  күні  тәуелсіз 
Қазақстан  тарихында  алғаш  рет  Филологтардың  І  съезінің  өтуі  егемен  еліміздің  мәдени, 
рухани өміріндегі ерекше оқиға болғандығын айтуға болады. 
Осы съезде тіл біліміне, білім беру ісіне қатысты сан алуан мәселелер көтерілгені, оларды 
шешу  жолындағы  іс-әрекеттердің  қолға  алынып  жатқандығынан  көзі  қарақты  оқырман 
хабардар  деп  ойлаймыз.  Сондықтан  біз  бұл  мақаламызда  аталған  Съезде  баяндама  жасаған 
ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұловтың сөйлеген сөзін негіз етіп алып [1], қазақ 
тіл  білімінің  корпустық  лингвистика  саласының  проблемаларына  ғана,  дәлірек  айтқанда, 
«Қазақ тілінің Ұлттық корпусын» құру мәселелеріне тоқталмақпыз. 
ҚР  БҒМ  Б.  Жұмағұлов  өз  сөзінде  қазақ  филологтарының  «ерекше  міндеттерінің  бірі  – 
Ұлттық  қазақ  тілі  корпусын  қалыптастыру»,  –  деп  қадап  айтты.  Осыған  орай  министрдің 
Ұлттық  корпус  құру  туралы  ойын  оқырман  есіне  салуды  жөн  көрдік:  «...  Тілдің  Ұлттық 
корпусы,  бұл  –  нақты  тілде  ақпараттың  барлық  типтері  мен  түрлерін  ауқымды  түрде 
жинақтау.  Оны  өңдеу,  жіктеу  және  талдау  жөніндегі  IT-технологиялар.  Яғни,  тіл  білімінің 
жаңа деңгейін жетілдіру. 
... Бұл – біздің еліміз үшін өте өзекті болып табылады. 
Мұндай жұмысты күшейту үшін Тіл білімі институты базасында Корпустық лингвистика 
орталығын құруды орынды деп есептейміз. 
Осы  орталық  арқылы  Қазақстан  филологтарының  қызметін  үйлестіруге  және 
жүйелендіруге болады. 
Филологтар  рөлін  арттыру  мақсатында  Филологтар  қауымдастығын  құруды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет